Marina, Author at Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова - Страница 184 из 184 :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив автора

От студента

26 May 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

От: Аппазов Бахыт

Саламатсыз ба! Жалпы медицина ақылы бөліміне жылына ақысы қанша болатынын айтасыздар ма және қандай талаптар бар.

Ответ:

Құрметті Бақыт!

Жалпы медицина факультетінің ақылы бөлімі жылына 770 000 теңге шамасында болады. Оған мемлекеттік грант бойынша түсу үшін ҰБТ-дан жоғары балл жинағаныңыз абзал. Өкінішке орай қабылдау балдары қанша болатынын алдын ала айту қиын.






От студента

26 May 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

От: Акмарал Кажиева

Cалеметсiз бе Айқан Ақанұлы! Мен С.Ж.Асфендияров университетiнiң стоматология факультетiнiң ақылы бөлiмiнiң 2 курс студентiмiн.Сiзге жанұя жағдайына байланысты хат жазуға мажбүр болып отырмын. Акем – Қазақстан Жазушылар Одағынын мүшесi, 5 жыр жинағы жарық корген ақын,шығармашылық жұмыспен үйде. Анам — 2  топтағы мүгедек, мектеп жасында iнiм бар. Бiздiң отбасымызда ғам гана жумыс iстейдi. Осы әлеуметтiк жағдайыма байланысты Сiздiң тарапыңыздан кандай да бiр көмек болар ма екен? ҚЫЗМЕТIҢIЗГЕ ТАБЫС ТIЛЕЙМIН!!!

Ответ:

Құрметті Ақмарал!

Оқу үлгеріміңізге байланысты бірнеше жеңілдіктер бар. Егер оқу үлгеріміңіз тек 4 пен 5 болса, мемлекеттік грантқа ауысуға немесе төлемақыны төмендету туралы жеңілдік алуға өтініш білдіре аласыз. Деканатқа тапсырылған өтініш негізінде Университетте арнайы құрылған комиссия Сіздің өтінішіңізді қарастырып, тиісті шешім шығарады. Барлық жеңілдіктер тек қана сабақты жақсы оқитындарға берілетінін естен шығармаңыз!






Учебный процесс

26 May 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

От: Сымбат Молдахметова

Сәлеметсіз бе Айқан Ақанұлы! Мен педиатрия факультетінің 7 курс дәрігер-интернімін. Сізге бір шағымым бар: менің бірде-бір құжаттарымда аты-жөнім толық жазылмаған. Осы мәселе бойынша деканатқа да бірнеше мәрте бардым. Кейін сертификат алғанда жазылмай қалмай ма? Тіпті, жол жүру құжатымда да көрсетілмеген.

Ответ:

Құрметті Сымбат!

Сіздің сауалыңызға қатысты деканаттан барып арнайы сіздің аты-жөніңіздің қалай жазылғаны тексерілді. Сіздің аты-жөніңіз деканат тізімінде толықтай жазылған. Сол себепті ешқандай уайымдамауыңызға болады. Деканатқа барсаңыз, толықтай көз жеткізе аласыз.






Учебный процесс

26 May 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Интернатураны терапиядан бітіріп, резидентураға хирургиялық профильдегі мамандыққа (грант) түсуіме болады ма?

Ответ:

«Терапия» мамандығымен  интернатураны бітіруші  түлек   резидентураға хирургия бойынша  бюджеттікс негізде түсу үшін конкурсқа қатыса алады,  оқу мерзімі  4 жыл,  бірінші жыл ақылы болады (нөлдік).






От студента

26 May 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: AHMAD MOMANI <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
Dear Aikan Akanovich
I’m one of the ex students at KazNMU.I finished dentistry back in 2003,and now I practice dentistry in the USA,I just wanted to say thank you to every single one of the faculty and staff of KazNMU for all of there effort.

Thanks again

Dr.Momani