Вопросы-ответы Archives - Страница 341 из 419 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Вопросы-ответы

Шалипа Әмір

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Шалипа Әмір <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсіз бе, Айқан Ақанұлы! Менің сізге қояр сұрағым-Стоматология факультетіне грантқа қанша баллмен түсуге болады? Проходной балл қанша?

Саламатсыз ба! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 балдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 балдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.

Сондықтан, конкурсқа өту баллы конкурстан кейін белгілі болады.

 






Назира Арыстанбекова

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Назира Арыстанбекова <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Құрметті Аканов Айкан Аканович менің қызым Тұрған Расиқа осы университетке тапсырсам дейді. Менің сұрағым қабылдау комиссиясына тапсыратын құжаттардың тізімінде аудандық ІІБ — нен есепте тұрмайды деген және СПИД — те есепте жоқ деген анықтама керек пе?Назира Арыстанбекова

 

Саламатсыз ба! С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ-не  керек құжаттар:

  1. 1.              білімі туралы құжат (түпнұсқа),
  2. 2.              мемлекеттік сертификат,
  3. 3.      мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын (жетім, мүгедектер, оралмандар) құжат,
  4. 4.              3×4 көлеміндегі 2  фотосурет, 
  5. 5.              086-У  нысанындағы  медициналық  анықтама + флюорография суреті (флюорография суретін Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі мен Шевченко қиылысында орналасқан Профессорлық клиникаға қайта оқытып, мөр бастырасыздар),  063 нысандағы алдын ала егу картасы, 
  6. 6.      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

       Егер Сіз Қазақстанда тұрмайтын шет ел азаматы болсаңыз ғана онда ЖИТС-те (СПИД) есепте жоқ деген құжат керек.

 






Назымгүл Масимбаева

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Назымгүл Масимбаева <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсіз бе? А. Ақанұлы
Мен Назымгүл Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылының орта мектебінің түлегімін, биылғы ҰБТ- дан 112 бал алдым қазақ тілі пәнін алып тастағанда 89 балым бар, таңдау пәнім биология пәні.Осы балмен жалпы медицина саласына оқуға түсе аламын ба? Жалпы медицина факултетін 3 жыл оқып одан кейін дәрігерлікті таңдауға болады деген рас па? Егер солай болса қандай дәрігерлік мамандығы жатады.Алдын-ала рахмет.

 

Саламатсыз ба, Назымгүл! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 балдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 балдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.

Назымгүл! ҰБТ-дан алған 89 балыңызбен таңдау пәніңіз биология бойынша «Жалпы медицина» мамандығына 23 шілде және 31 шілде аралығында құжаттарыңызды Қабылдау комиссиясына келіп тапсыруыңызға болады. 5В130100-«Жалпы медицина» мамандығында оқу мерзімі (5+2 жыл),5 жылдық оқуды тәмамдаған бітірушіге клиникалық іс-практикамен байланысты емес өз мамандығы бойынша жұмыс жасау үшін жоғары медициналық білімді «бакалавр»  академиялық дәрежесіне иегер  дипломы беріледі.

6 және 7-курс студенттеріне білім беру мынадай  6 бағыт бойынша интернатура түрінде ұйымдастырылады:

  • жалпы дәрігерлік практика
  • гигиена және эпидемиология
  • ішкі аурулар
  • хирургия
  • педиатрия
  • акушерлік  және гинекология

 

Поисковые слова:

  • биология таңдау курсы





Жупар Ыбрай

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Жупар Ыбрай <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсизбе! Мен УБТ-дан 92,орыс тилисиз 74 жинадым.+ауылдык квота бар. КазНМУ-га жалпы мед. факультетине туссем деймин. Грант бола ала ма? Немесе менин балыммен грант болу ушин кай факультетти тандау кажет? Отинем,жауап кутем. Рахмет!!Жупар Ыбрай

 

Саламатсыз ба, Жупар! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 балдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 балдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.  Ауыл квотасы гранттардың жалпы санының 30% құрайды, ауылдық квотаға балл қосылмайды.

 

 






Акбаян Динисламова

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Акбаян Динисламова <[email protected]>
Тема вопроса: Бухгалтерия

Сколько баллов нужно чтобы получить гранта. А в этом универе есть колледж. будьте добры скажите.Акбаян Динисламова

 

Здравствуйте, Акбаян! Согласно пункта 5-5 Правил присуждения образовательного гранта… утвержденным Правительством РК от 23.01.2008 г. № 58 (с изменениями от 30.03. 2012г. № 390)  в национальные высшие учебные заведения    в конкурсе на присуждение образовательных грантов могут принять участиевыпускники прошедшие ЕНТ, набравшие по результатам тестирования не менее 70 баллов, в другие высшие учебные заведения не менее 50 баллов, а по специальности «Общая медицина» не менее 55 баллов.

При КазНМУ колледжа нет.