Вопросы-ответы Archives - Страница 320 из 419 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Вопросы-ответы

Жандар Пердалиев

02 Nov 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Қурметті Аканов Айкан мырза. Менің сізге хат жолдау себебім:
C.Ж. Асфендияров университетіне тускен студент, колледжді қызыл дипломга тамамдап, ақылы болімге тускен болса. Оқу ақысын толегенде неге женілдіктер болмайды? Соны тусіндіре кетсеніз?

 

«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК әлеуметтік комиссиясы туралы Ережесінде қызыл дипломмен бітірген азаматтарға оқу ақысына жеңілдік қарастырылмаған, Ережеге сәйкес,  тек әлеуметтік жағдайы төмен және оқуды өте жақсы оқтиын, белсенді студенттерге  (1-курстан басқаларға) оқу ақысына жеңілдік беріледі.

 

 






Талшын Каниева

02 Nov 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсізбе.мен астана қаласында мейірбике болып жұмыс істеймін.жоғарғы білім алсам деймін.сізден сұрайын дегенім фармацевтика мамандығының сырттай оқу бөлімі барма .рахмет.

 

Сәлеметсіз бе, Талшын!

ҚР заңнамасына сәйкес фармацевтика факультетіндегі «Фармация», «Фармацевтика өндірісінің технологиясы» мамандықтары бойынша сырттай және  қашықтан оқыту түрлеріне тыйым салынған.  

 






Ержан Сыздыкбекович

29 Oct 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Добрый день уважаемый Аканов Айкан Аканович.  Я ученик 11 класса.Хотел спросить в данный момент сколько балов надо штобы поступить в грант  в ОЗ (здравоохранение) и за сколько обойдется хоз рассчет
Спасибо за ответ

Уважаемый Ержан Сыздыкбекович!

На 2013- 2014 учебный год на платную основу цены еще не утверждены, они будут утверждаться в июле — августе 2013 года.  В прошлом 2012 -2013 учебном году на платное отделение стоимость составляло 780.600 тенге. Количество баллов для поступления на грант ОЗ составляет 70 баллов. 






Роза Кабулова

29 Oct 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсізбе Айкан Айканович! мен келесі жылы сіздің университтеринизге, 2 ші жоғарғы білім алуға оқуға тапсырамын, жалпы медицина мамандығына. Білейн дегенім оқу уакыты қанша жыл, жөне қай пөндерден кешенді тест тапсырамын?.

Құрметті Роза Кабулова!

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) оқуды тәмамдаған тұлғаға жоғары білімді білікті дәрігер дипломы беріледі. Осы дипломмен бірге оқу жоспары бойынша игерілген несие және академиялық сағаттар көлеміне сай меңгерген пәндер тізімі мен бағалары туралы академиялық анықтама,    интернатурада дайындықтан өткені туралы куәлік беріледі. 

 

 






Меруерт Султанова

25 Oct 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
Сәлеметсіз бе Айкан Аканович!2010 жылы оқудың ақшасы  570мың болған мен 2011 жылы ақылы түрде оқуға тускенмін. Ол кезде 770мын болган, ал қазір   2012 жылғылар 780 мын төлейді. Сонда оқудың ақшасын озініз койып турасыз ба??? неге сонша қымбат???

Сәлеметсіз бе, Меруерт!

Ақылы білім беру қызметтерінің тарифтері жыл сайын ҚР «Білім туралы» заңы мен ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде бекітіледі.

Оқуға жаңадан қабалданған білім алушыларға қатысты бекітілген ақылы білім беру қызметтерінің тарифтері. Бекітілген тарифтер бойынша қайталап оқу жылына (курсқа),  оқуға қайтадан алынғандарға, басқа жоғары оқу орындарынан ауысқандарға, сонымен қатар бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысқандарға арналған білім алу ақысы (ауысқан немесе оқуға қайтадан алынған мерзімі бойынша):

2010-2011 оқу жылында – 569 930 теңге

2011-2012 оқу жылында – 770 700 теңге

2012-2013 оқу жылында – 780 600 теңге

Оқуын жалғастырушы студенттер үшін оқу ақысы – келісім шартта көрсетілген мөлшерде қалады.