Гүлшара Қапанова

28 May 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Гүлшара Қапанова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсізбе Аканов мырза!?мен Семей мемлекеттік медициналық университетінің 1курс студенті боламын.Негізі мен әсем қала Алматыда тұрамын.Бірақ ҰБТ-дан 106 балл,орыс тілісіз 87 балл жинап,армандаған С.Д.Асфендияров атындағы мед.университетке түсе алмай,осы университетке грантқа түсіп кеттім.Мен үйімде 2ағамнан кейін жалғызбын,кенжесі әкемнің ерке қызымын.Ата-анамнан жыраққа және ұзаққа шығып көрмегенмін.Сол себепті мен сіздің басшылығыңыздағы осы университетке ауысуды қатты қалаймын.Ауысуға мүмкіндігім бар ма?мен бұлай бірінші рет
жазып тұрғандықтан дұрыс сөйлемеген жерлерім болса айып етпеңіз!!

Құрметті Гүлшара Қапанова!

Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында  іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы  міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 шілде 2012 жылғы № 463 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақ Ұлттық медицина университетінің 1 курсына барлық мамандықтар бойынша 1000 студенттен артық қабылданбайды, сондықтан да студенттердің басқа жоғары оқу орындарынан ауысуы тек бос орындар болса ғана және Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.  

 


_ _ _

Loading