Вопросы-ответы Archives - Page 337 of 358 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Вопросы-ответы

От студента

28 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Арман Амиреев

Құрметті Айқан Ақанұлы! Сіздің блогыңыздың ашылуы заманға сай ректорға тән қажеттілік=)))))
Сізге қояйын деген сұрағым? Келесі жылға дейін интернатурада Спорт дәрігері деген мамандық болады ма??(тропикалық, космостық медицина жоқ деп айтқаныңыз есімде).
Қазақстанда спорттық дәрігерлер дайындайтын орталық жоқ, тіпті резидентурада да(Спорттық медицина орталығының директоры орынбасарымен болған сұхбаттан). Ал жуырда Спорт және туризм министрлігінің мәлімдеуінше, елімізде мамандығына сай білім алған спорттық дәрігерлер жеткіліксіз, тіпті жоқтын қасы….. Осыған орай, неге біздің ЖОО Орта Азиядағы Медициналық білім берудің көшбасшысы ретінде бірінші болып, интернатурада Жалпы Медицинадан бастап басқа Университеттер қолға алмай тұрғанда көшбасшы ретінде қолға алмасқа?=))))))

 

Құрметті Арман!

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да спорттық дәрігерлер 2010-2011 жылдан бастап резидентурада даярланады. 2011-2012 оқу жылына қабылдау жоспарына сәйкес «спорттық медицина» мамандығы бойынша резидентураға үш орын беріліп отыр. Резидентураға құжаттар 01.07.2011. мен 30.07.2011.  аралығында  қабылданады.

 






От абитуриента

28 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Рабиға Матай
Салеметсіз бе , Айкан Аканұлы!
Мен ҰБТ-дан 108 балл жинадым, орыс тілінсіз 90 балл. Университеттегі стоматология мамандығы бойынша орыс бөліміне грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма.
Алдын ала Рахмет!

 

 

Құрметті Рабиға!

Сіз стоматология факультетіне тапсыра аласыз. Құжаттарыңызды 31шілдеден кешіктірмей тапсыруыңыз керек. Жинаған баллыңыз жаман емес. Бірақ биылғы жылдың қабылдау баллы 1 тамыздан кейін белгілі болатындықтан, әзірге ештеңе айта алмаймыз. Қосымша мәліметтерді 292-67-01 телефоны ақылы Қабылдау комиссиясынан біле аласыз.

 

 






Учебный процесс

28 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Нурсултан Амербеков
Саламатсыз ба Айкан Аканулы! Менін сізге сурагым, егер студент 1 семестрде химия панінен жазгы семестрге калып, жазгы семестрде емтиханнан оте алмаса окудан шыгарыла ма? Келесі курска отуге JP жетіп турсада
?

Ответ:

Құрметті Нұрсұлтан!

Әрбір жағдай жеке қарасытырылады. Сондықтан сізге өз факультетіңіздің деканатына барып кеңес сұрауыңыөға тура келеді. Себебі, сіздің оқу үлгеріміңіз бен емтиханнан өте алмау себептеріңізге қатысты мәселелерге деканаттан ғана толық жауап ала аласыз.






Учебный процесс

27 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Шахризада Нурахунова

Здравствуйте, Айкан Айканович, я студентка 6 курса педиатрического факультета, у меня к вам вопрос мы стипендию за летние месяцы получаем только в конце сентября, когда другие вузы национальные получают их летом, можете пожалуйста обьяснить. также слухи о повышение стипендии оправданы? Спасибо, жду вашего ответа.

 

Ответ:

Здравствуйте, Шахризада!

Стипендии за летние месяцы будут выплачены в конце августа, так как приказы по начислению стипендий издаются по итогам летних сессий, многие из которых заканчиваются в июле-августе. С 1 июля 2011 года на 30% была повышена только заработная плата работников бюджетной сферы. Повышение стипендий не предусматривается, так как они уже были повышены с 1 января 2011 года.

 






От студента

27 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Жанар Мусагулова

Cәлеметсіз бе, құрметті Айкан  Ақанұлы! Мен сіздерде 3-курс жалпы медицина факуьлтетін бітірдім. Мен келер оқу жылында жатақхана ала алам ба? Сабақ үлгерімім жақсы. Сосын сізден сурарым: университет ішінде шет елге оқып келуге квоталар бар ма? Бар болса қалай жеңіп алуға катысуға болады? Рахмет

Ответ:

Құрметті Жанар!

4 курста жатақхана негізінен әлеуметтік жағдайына қарап беріледі. Атап айтқанда, көп балалы жанұядан шыққан, жетім, мүгедек студенттерге және тұрмысы нашар студенттерге қарастырылған. Бұл жағдайларда қажетті құжаттар толық тапсырылуы керек. Құжаттар тізімін деканаттан алуларыңызға болады. Жатақхана, сонымен қатар, сабақ үлгерімі өте жақсы студенттерге беріледі. Бұл жағдайда жатақхана орны өте шектеулі.

Екінші сұрағыңыз бойынша жауап беретін болсақ, бізде негізінен шетелде оқытуға квота бөлінбейді. Тек қана қысқамерзімді студенттермен алмасу бағдарламалары бар. Олармен сіз ҚазҰМУ сайтындағы Халықаралық ынтымақтастық бөлімінен таныса аласыз.