Вопросы-ответы Archives - Page 338 of 358 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Вопросы-ответы

От абитуриента

27 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Арайлым Серикбай
Сәлеметсизбе!мен бітірүші түлекпін! ОҚО-дан,жалпы 110балл алдым.орыс тілiн алғанда 85 балл,тандау пәнім химия,одан бағам 5,мен сіздердін универлерініздін ФАРМАЦИЯ факультетіне грантқа тусе аламын ба,шанс барма?сіздерде фармацевтикалық өндіріс технологиясы деген фак барма?рақмет!

 

Құрметті Арайлым!

Бізде Фармацевтика факультетіне қарасты фармациялық өндіріс технологиясы деп аталатын мамандық бар. Сіздің жинаған баллыңызбен грантқа түсе алатыныңыз туралы ештеңе айта алмаймыз. Себебі, қабылдау балдары тек 1 тамыздан кейін ғана белгілі болады. Егер сіз құжаттарыңызды әлі тапсырмаған болсаңыз, асығуыңыз қажет. Құжаттар тек шілденің 30-ына дейін ғана қабылданады.

 

 

 






От абитуриента

26 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Мейржан Уристенов

Доброе время суток, Аканов Айкан Аканович!У меня есть один волнующий вопрос! Касается ли это информация вашего ВУЗа?
“Конкурс грантов проходит по специальностям, а не по ВУЗам!
Выбор ВУЗа вообще не играют никакой важной роли в процессе распределения грантов (за небольшим исключением, типа творческих ВУЗов, КБТУ и МУИТа). Иначе говоря, не важно, в КазНУ или в ЕНУ вы собрались учиться, или в UIB или в МАБе. Если во всех этих ВУЗах есть одинаковая специальность (скажем, “Экономика”), то конкурс грантов будет одинаковым для всех, т.к. гранты выделяются на всю республику в целом.”
Заранее большое спасибо за ответ.

Ответ:

Уважаемый Мейржан!
Сказанное Вами касается специальностей, не имеющих квотирование между ВУЗами.
Специальности “Общая медицина”, “Общественное здравоохранение”, “Медико-профилактическое дело”, “Сестринское дело”, “Стоматология”, “Фармация” имеют квотирование между ВУЗами – КазНМУ, медицинский университет “Астана”, Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия, Карагандинский государственный  медицинский университет, Семипалатинский государственный медицинский университет, Западно-Казахстанский Государственный медицинский университет, Казахстанско-российский медицинский университет).
Поэтому, в данном случае,  выбор ВУЗа имеет значение, т.к. в каждом из них будет свой проходной балл,  который станет известным только после конкурса.

 






Учебный процесс

26 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Жансая Кумисбекова

Айкан Аканұлы салеметсізбе! Құдай қаласа алдымызда келе жатқан дүйсенбі күні құжаттарымды тапсырамын, сізге сұрағым: мен осы жылғы тесттен жалпы алған балым 113, орыс тілін алып тастағанда 92 қалады. Ал таңдаған пәнім биология. Мен Мед-ке немесе СЕС -ке грантқа түсе аламын ба? Осы сұраққа жауап беруіңізді өтінемін. Уақытыңызды бөлгеніңізге көп рахмет! Сауболыңыз!

Құрметті Жансая!

Таңдаған пәніңіз биология болса, жалпы медицина және медициналық-профилактикалық факультетке тапсыра аласыз. Құжаттарыңызды 31шілдеден кешіктірмей тапсыруыңыз керек. Жинаған баллыңыз жаман емес. Бірақ биылғы жылдың қабылдау баллы 1 тамыздан кейін белгілі болатындықтан, әзірге ештеңе айта алмаймыз. Қосымша мәліметтерді 292-67-01 телефоны ақылы Қабылдау комиссиясынан біле аласыз.






От студента

26 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: каралгаш монголхан

Саламатсызба құрметті Айкан Аканович! менін айтайын деп отырғаным сұрақ емес. Мен 6 курс студентімін, осы университетке интернатурага документ тапсырып туспей калдым. Мен интернетурага түсү шарттарына наразымын. Адамның білімін бір сұрақ қою арқылы бағалай алмайсыз. Сонда Ұлттық университетке интернатурага түсу үшін 1 сұраққа жауап беру жеткілікті болғаны ма? Бұл әділетсіздік, біздің 6 жыл бойы оқығанымыз 1 тиын болып қалды, ал оқымаған адамдар қажетті адамның алдына түсіп жоғары балл алып кетті. Осы мәселені қарастыруыңызды өтінемін!!!!

Ответ:

Құрметті Қаралғаш!

Интернатураға қабылдау конкурсы 2010 жылдың 16 маусымындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 452 бұйрығымен бекітілген Интернатура туралы ережеге және ҚазҰМУ-дың Ғылыми Кеңесінің 24.05.2011ж. № 9 шешіміне сәйкес жүргізіледі және интерндерді даярлау сапасына қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

І. Тестілеу;

ІІ. Ситуациялық жағдайларға байланысты әңгімелесу;

ІІІ. Құжаттарды қарастыру (диплом қосымшасыың орташа баллы, ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысу, университетте оқыған жылдарда конкурстарға және олимпиадаларға қатысуы, мақалалар).

Сіздің таңдаған мамандығыныңыз бойынша интернатураға қабылдау туралы шешім конкурстың барлық кезеңдерін және сіздің жеке жетістіктеріңізді ескере отырып шығарылып, 1 тамыздан кейін ғана университет сайтына жарияланады.

Мамандандық Конкурсқа қатысуға өтініш тапсырғандар Құжаттар мен қабылдау сындарының нәтижелерін қарастырғаннан кейін таңдалып алынған мамандыққа тіркеуге ұсынылғандар Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша ұсынылмағандар
Терапия 111 109 2
Хирургия 63 60 3
Акушерия және гинекология 60 60 0
Жалпы практикадағы дәрігер 55 55 0
Педиатрия 104 96 8
Балалар хирургиясы 18 12 6
Жалпы практикадағы дәрігер 69 67 2
Жалпы практикадағы стоматолог- дәрігер 45 45 0
ҚОРЫТЫНДЫ 525 504 21

Алдын ала жасалған қорытынды бойынша жалпы интернатураға конкурстық негізде 525 өтініш қабылданған. Оның 504-і қабылдауға ұсынылған, 21-і (4%) ұсынылмаған. Жасалған анализ бойынша, өздерінің балдарын (GPA-ға өту баллы, 6 жыл бойы оқыған балдың орташа көрсеткіші) растаған студенттер саны 96 %-ды құрап отыр. Яғни, сіздің шағымыңыздың еш негізі жоқ. Бір сұрақ негізінде емес, үш кезең бойынша өз білімдерін көрсете білгендер саны жеткілікті (96 %).

Таңдап алған мамандығы (хирургия, акушерия, педиатрия, т.с.с.) бойынша өтпеген талапкерлерге жалпы практикадағы дәрігер мамандығына конкурсқа қатысуға мүмкіндік бар. Яғни, 2 тамызда әңгімелесу түрінде конкурс өтеді. Бұл сізге тағы бір мүмкіндік беріліп отырғанын көрсетеді.

Поисковые слова:

  • ситуациялық жағдайлар
  • ситуациялық сұрақтар





От абитуриента

26 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Саида Мамадалиева

Сәлеметсізбе. мен жалпы медицина және стоматология мамандықтарына ақылы оқудың суммасын білгім келеді.

Ответ:

Құрметті  Саида!

Жалпы медицина және стоматология факультеттерінің оқу ақысы жылына 770 700 теңгені құрайды.