Батыржан Ибраев

27 Jun 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Батыржан Ибраев <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Құрметті Аканов Айкан Аканұлы! Мен Қызылорда облысы,Қармақшы ауданының тұрғынымын.№250 мектеп-лицейінің 2012жылғы түлегімін.Ұлттық бірыңғай тестілеуден орыс тілін коспағанда 79 балл алдым! Жалпы медицина мамандығына түскім келеді.Менің бірінші сұрағым: С.Асфендияров университеті ұлттық университеттердің бірі, Осы ЖОО-на төменгі балл(проходной балл)70 балл ма?немесе 55 болу керек па? 2-ші сұрағым: хирург мамандығының оқу жылы канша? және де резидентура дегеніміз не? 3-ші сұрағым : егерде сіздің университетке түскен жағдайда, маған жатақхана
беріледі ме?Осы сұрақтарға жауап алу үшін қандай телефондарға хабарласуыма болады(консультация ретінде) Жауабыңызды күтемін.

 

Ответ:

Саламатсыз ба, Батыржан! 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.

2.хирург мамандығына 7 жыл жалпы дайындықтан соң,  таңдаған саласына байланысты 3-5 жылға дейін резидентурада оқып жетілдіру қажет.

3. грантқа түскен 1 курс студенттері  жатақханамен  міндетті түрде қамтамасыз етіледі

Тел 8 727 292 67 01 қабылдау комиссиясының тел.

 


_ _ _

Loading