Бақдәулет Арап

03 Nov 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Құрметті Ақанов Айкан Аканович менің сізге жазған себебім біз жазымен оқимыз себебі біздің сабақтарымыз жаңа жүйе цикл бойынша.Менің сізге деген өтінішім бар күнделікті сабақтарды 2цикл біріктірсеңіз таңертенен түске дейін 1цикл түстен кешке дейін 1цикл сол кезде біздің сабақтар ерте бітетін еді.Студенттер басқа ЖОО студенттері сияқты ерте демалысқа швғатын еді.Сабақ жаз мезгілінің ортасында бітеді бұл не деген сұмдық.Биохимия өткен жылы 3апта оқитын еді биыл 4апта неге 1апта қосылған өтңнңш сңздің қолынызда күніне 2цикл оқитын болайықшы.

Ответ:

Құрметті Бақдаулет Арап!

«Биохимия» пәнінің типтік оқу жұмыс жоспары 4 кредит. Сонымен қатар 1 кредиттің жалпы көлемі – 45 сағат. Бұл апталық жүктеме екендігін ескерсек, студенттің бір күндік оқу жүктемесінің көлемі – 9 сағат (контактілік сағатпен студенттің өзіңдік жұмыстарының сағаттарын қосқанда). Сондықтан бір күнде екі цикл өту қойылатын болса бір күндік оқу жүктемесі 18 сағат болады. Бұл еңбек кодекісінің талаптарына сәйкес еместігін хабарлаймыз.

Осы сұрақтар бойынша 27.11.2015ж 2 курстың старосталарымен жиын өткізілді.


_ _ _

Loading