Зарина Серікқызы

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсіздер ма? Мен биылғы жылғы ҰБТ-дан 89 балл алған едім , Сұрақ осы балмен жалпы медицина факултетіне грантқа оқуға түсе аламын ба? Құжат қай күнге дейін қабылданады, осы факултетке қандай құжаттар керек.Алдын ала рахмет!

 

Саламатсыз ба,  Зарина!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау үшін Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.    Білім алу грантына конкурсқа қатысуы үшін құжаттар 23 шілде мен 31 шілде аралығында қабылданады.

Сіз шілде айының 31-не дейін құжаттарыңызды жинап (аттестат, аттестаттың қосымшасы, ҰБТ сертификаты, 086-У мед анықтама, 063 алдын ала егу картасының көшірмесі, жеке куәлік, 3х4 – 6 фотосурет)     қабылдау комиссиясына конкурсқа қатысу үшін тапсыру керексіз!

 

 


_ _ _

Loading