Вопросы-ответы Archives - Страница 244 из 419 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Вопросы-ответы

Жумакуль Кайрат

03 Jun 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Жумакуль Кайрат <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Сәлеметсіз бе, құрметті Айқан Ақанұлы!
Сіздің денсаулығыңыздың зор, қайратыңыздың қажымас, әрбір бастаған ісіңіздің тек қана табысты болуына шын жүрегімізбен тілектеспіз. Көпше түрде жазылып отырғаны – бұл Сіздің қол астыңызда істейтін қызметкерлердің ортақ пікірі деп білерсіз. Сіздің университет басшылығына қызметке келгеніңізден бері атыңызға айтылып жатқан мақтау лебіздердің барлығы, күмән жоқ, Сізге лайық. Университет үшін республика көлемінде, тіпті халықаралық деңгейде  жасап жатқан іс-шараларыңыз Сіздің басшылық шеберлігіңізге, ынтаңызға, патриоттық сезімің
ізге, түзу ниетіңізге деген сүйіспеншілікті тудырады, тәнті етеді. Мұның бәріне Сіз келгелі Университеттің сыртқы түрі мен ішкі мазмұнының адам айтқысыз өзгеруі (оған, әрине студенттердің оқытушы-профессорларға деген, сонымен бірге өз жеке басына деген көзқарасының түбегейлі өзгеруі де жатады) куә.
Дәл қазіргі сәттегі біздің ең басты тілегіміз – осы шағын хаттың Сіздің қолыңызға тиюі.
Олай дейтініміз – Сіздің жеке блогыңыз ашылғанда өте қатты қуанған едік, алайда практика көрсетіп отырғандай, Сізге барлық хаттар жете бермесе керек.  Әрине, біз түсінеміз,  модераторлар өз жұмыстарын атқаруы керек, бірақ қай деңгейде?
Барлық дерлік профессор-оқытушылар ұжымын қынжылтып отырған мәселе – ол КPI. Әрине, біз өте жақсы түсінеміз, бұл — Сіздің университетке енгізген көптеген тың жаңалықтарыңыздың ішіндегі жақсы ниеттен туған – бәрін бір тарақпен тарамаудың, бәсекелестік қоғамның талабын орындаудың шынайы көрінісін жасағыңыздың келгені. Алайда, іс жүзінде солай ма??? Мүмкін, алғашқы кезде бәсекелестік тұрғысынан қандай-да бір «эйфорияның» болғаны рас шығар. Алайда, айналдырған бір оқу жылының көлемінде  ПОҚ-ң  КPI-ға қатысты әртүрлі теріс пікірлердің орÑ
�н алып отырғанын басшы ретінде білмеуіңіз мүмкін емес. Себебі, КPI-дің енгізілуі оқу үрдісіне зиянын тигізбесе, пайдасы күмәнды болып тұр. Оқытушылар құрамының негізгі мақсаты «балл» жинау болды. Кафедраларда алауыздық орын алды. Түкке тұрғысыз мақаласымақтар қаптады. Қаншалықты тәрбиелік мәні бары белгісіз шаралардың жатақханаларда желтоқсан айында кезекке тұрып өткізілгенін, ақырында студенттердің шағымына ұласқанын, әрине Сіз білесіз. Нақты мысал: президентіміздің саясаты — үштілділікті ендіру үшін көп тер төгіп жатырсыз. ТіпÑ
�і қазақ, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейлерін анықтау үшін үлкен «тексеру» шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде әліпті таяқ деп білмейтіндер мен шын мәнінде білетіндер бір тарақтың астына алынды. Ақиқат білімі барлардың түк білгісіз болып шыққанындай келеңсіз жағдайлар орын алды. Алайда, осының бәрінің ӘДІЛЕТСІЗДІК екенін біле тұра, бірде-бір басшы ұйым селт еткен жоқ, оның нәтижесін қаз-қалпында КPI-дің баллына қосып қойды. «Айран ішкендер ұтылып, шелек жалағандар тұтылды». Импакт-факторға қатысты мақала мәселесі барлық ПОҚ-тың ең ә
лсіз жеріне айналып отыр. Оны жаппай бәрінен талап ету қаншалықты ақылға сияды? Сіздің бізді дұрыс түсінетініңізге сенгіміз келеді: барлық жаңа бастаманы жоққа шығарып түк істегісі келмей, жалақы алу емес мақсатымыз. Түсінгеніміз – КPI талаптары тек қана ӘДІЛДІК жүрген жерде ғана өзін-өзі ақтай алады. КPI баллын санап, соңғы «вердикт» шығаратын комиссия мүшелері жең ұшынан жалғасып, көптеген әділетсіздікке баратындары  бұл күнде көпшілікке мәлім. Мәселен, 2013ж. соңындағы «Ең үздік…»тер, шынында да солай ма? Оқу үрдісіне қандай инновацÐ
�ялық әдіс ендіріпті, үш тілде сабақ бере ала ма екен, бәрінде жоғары импакт-фактормен мақала бар шығар мүмкін? Мемлекеттік тілде қанша оқулық жазыпты?  TBL, CBL әдістерінің мамандары шығар әлде? Ендеше, қатардағы халық үшін НЕГЕ шебер класстарын өткізбеске?! Миллионды аяп отырған жоқпыз, тек ақиқат өз иесін тапса екен деген тілек. «Қарнымның ашқанына жыламаймын, қадірімнің қашқанына жылаймын» депті әділетсіздіктен күйзелген атам қазақтың бірегейі.
Заман талабына сәйкестендіріп, ағылшын топтарын аштыңыз, халықаралық деңгейдегі статус үшін, әрине, өте құптарлық бастама. Оларды оқыту үшін ағылшын тілін үйрететін компанияларға тендер жариялап, екі компания бұл істі қолға алған еді. Нәтижесі қандай??? Аяғы құрдымға кеткенге ұқсайды. Солардың ішінен конкурс арқылы ең болмағанда бір айлық курстарға Лондонға жіберу мүмкіндігін неге қарастырмасқа? (Көрші оқу орындарының тәжірибелері). Ағылшын тілінде кәсіби деңгейде студенттерге сбақ беру мәселесін шешудің тиімді жолы болары сөссіÐ
·. Желге шашылған университет миллиондары солайша пайдалы іске жұмсалса деген тілек еді айтарымыз.
Сізден тек әділдік пен игі жақсылықтар күтетін қол астыңыздағы пақырларыңыз деп білерсіз.
Айып етпеңіз, өзіңізге мәлім себептерге байланысты өзіміз жайлы дәл мағлұмат беруге жүрексініп отырмыз, әупірімдеп жүргенде басымыз әлекке қалар ма екен деп.
Сізге деген үлкен құрметпен Университет ұжымының мүшелері.
P.S.  Аноним деп, әрине, жабулы қазанды жылы жауып қоя салатыныңызға күмәніміз жоқ, алайда айтылғандардың барлығының ащы шындық екені Сізге де бізге де  мәлім.
Егер бұл хат модераторлардың «ақылдылығының» арқасында Сізге жетпей қалса онда пошта қызметіне жүгінуге тура келеді.

ответ блог

Жандос Серикбаев

30 May 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Жандос  Серикбаев <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Құрметті Аканов Айкан Аканович мен ОҚО Шымкент қаласынан Ата-ана ретінде хабарласып тұрмын. Менде койылатын сұрак, казіргі таңда 1-ші  курс студенттеріне сесция жүріп жатыр. Кеше 29.05.2014 жылы физиология пәнінен тест болып 95-96 бал жинаса, ал ауызша емтиханнан томен бал койып 3 деген бага койыпты.Бұл жерде тусинбейтин мәселе гранттан, степендиядан айыру максаты жүріп жаткан жокпа? Неліктен кайта ауызша тапсыру мүмкіндігі болмай отыр. Осы мәселе бойынша бірінші өзіңізге жолдауды жөн санадым. Болмаған жагдайда НҰРОТАН-ға, Елбасымызға, Білім
және ғылым министрлігіне жолдауға дайынмын. Құрметті Аканов Айкан Аканович осы сауал бойынша сіздің көмегініз тиеді деген сенімдемін. Алдын ала алғысымды білдіремін!!!!

Құрметті Серікбаев Жандос!

Өкінішке орай Сіз хатта ұлыңыздың аты-жөнін және факультетін көрсетпегенсіз, бұл жайт мәселені жіті талдауға мүмкіндік бермей отыр.

Сіздің хатыңызға қарағанда, ұлыңыздың қорытынды дәстүрлі бағасы, бағалық жүйемен есептегенде «3»  (қанағаттанарлық). Осыған сәйкес ұлыңыздың емтиханға кіру рейтингілері төмен болып, семестр бойында жоғары балдар алмаған.

Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы үлгерімдік баға және қорытынды бақылау бағасы (емтихан бағасы) кіреді. Ағымдағы үлгерімдік баға оқыту пәні бойынша қорытынды бағаның 60%, емтихан бағасы (тестілеу, практикалық және коммуникативтік дағдылар бағасы)- 40%құрайды.

ҚолданыстағыКредиттік білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелеріне(ҚР Білім және ғылым министрі 2011ж. 20 сәуірінде №152 бұйрығымен бекітілген)  сәйкес, емтиханды қайта тапсыру көрсетілмеген.

Пән бойынша қорытынды балын көтерем деуші студенттерге қосымша жазғы семестрін (ақылы түрде) өтіп, емтиханды қайта тапсыруына мүмкіндік бар.

Сізді толғандыратын сұрақтар бойынша тиісті деканатқа және Академиялық жұмыстар департаментіне жолығуыңызға болады.

[email protected]

30 May 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Саламатсыз ба! Грантқа өту баллдарын жыл сайын  ҚР Білім және Ғылым Министрлігі бекітеді, ол Республика бойынша талапкерлердің ҰБТ және КТ тапсыру көрсеткіштеріне байланысты өзгеріп тұрады, сондықтан әзірге грантқа түсу үшін қанша балл қажет екені белгісіз. Грантқа өту баллдары бойынша нақты мәліметті 23-31 шілде аралығында қабылдау комиссиясынан біле аласыз.

Гульмира Акчина

28 May 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От:  гульмира Акчина <[email protected]>
Тема вопроса: Поздравление
Уважаемый  наш ректор — Айкан Аканович  !

Вы – глава очень сложного механизма, называемого высшим учебным заведением!
В Ваших руках находится не только организация учебного процесса, но и финансовая, хозяйственная и, преподавательская, студенческая жизнь вуза!
Позвольте Вас сегодня поздравить с днем  рождения!
Хочется пожелать Вам огромной энергии, сил и  безграничного терпения на этом ответственном посту! Пусть из Нашего вуза выходят только профессионалы высокого класса, которые своей деятельностью будут приносить большую радость и пользу себе, своим близким и нашему обществу.
Пусть в Вашей жизни будет много приятных событий, интересных встреч, верных решений!
Пусть Ваше здоровье всегда позволяет Вам работать плодотворно и успешно!
Счастья и благополучия Вам и Вашим близким!

С наилучшими пожеланиями   коллектив Департамента по развитию социально- культурных компетенций студентов.