Вопросы-ответы Archives - Страница 64 из 419 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Вопросы-ответы

Нұрсұлтан Қырықбай

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не биыл (2017ж.) неше грант бөлінді? Неше баллдан жоғары грантқа қабылданады? (Жалпы медицина факультетіне)

Ответ:

әлеметсіз бе! ҚазҰМУ 2017-2018 оқу жылына стоматология мамандығы бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысының (грант) саны жобаға сәйкес 20 (10 қазақ, 10 орыс бөлімдеріне). Сондай-ақ, жоба бойынша «Жалпы медицина» — 395 (270 қазақ бөл.), «Мейірбике ісі» — 20 (13 қазақ бөл.), «Педиатрия» — 150 (100 қазақ бөл.), «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» — 15 (10 қазақ бөл.).
Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес бәләм беру гранты сайысына (конкурсына) Ұлттық жоғары оқу орындарына ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қатыса алады.  Оқуға түсу-түспеу мәселесі конкурс кезінде шешіледі






Дулат Абдыхан

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Салеметсызбе , менын сурагым оку орнынын жатакханасына кандай кужаттар жане кашан тапсыру керек?

Ответ:

Сәлеметсіз бе, Дулат Абдыхан!

ҰБТ тапсыруыңызбен құттықтаймыз! Келесі сіздің қадамыңыз — алған баллыңызбен білім беру грантының конкурсына қатысу. Қазақстан бойынша барлық ЖОО бойынша білім беру грантының сайысына (конкурсына) қатысу үшін өтініштер шілде айының 23 мен 31 жұлдызы аралығында қабылданады. Қажет құжаттар тізімі:
1. Орта білім туралы аттестат (қосымшасымен түпнұсқа);
2. ҰБТ нәтижесімен сертификат (түпнұсқа);
3. Медициналық 086 үлгісіндегі анықтама және флюорография түсірілімі (Алматы қаласынан басқа жерде түскен болсаңыз, ҚазҰМУ профессорлық клиникасында немесе  студенттер емханасында тіркеу қажет);
4. 063 үлгі (алдын-ала егу картасы);
5. 3х4 өлшемдегі 6 фотосурет;
6. Жеке басыңызды куәландыратын құжаттың 2 көшірмесі (түпнұсқасы өзіңізбен бірге болуы керек).

Аталған құжаттарды тұрғылықты жеріңізге жақын қаладағы кез келген ЖОО қабылдау комиссиясына өткізе аласыз.






Жадыра Зулхарнай

20 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Сəлеметсіз бе!Мен санитарлық бөлім бойынша қанша баллмен түсе аламын? Және жылдық төлем қанша болады? Көп рахмет!

Ответ:

Сәлеметсіз бе, Жадыра Зулхарнай! Сіздің санитарлық бөлім деп отырғаныңыз қазіргі Медициналық-профилактикалық мамандық деп аталады. Аталған мамандық бойынша жылдық төлемақы былтырғы жылы 771 мың теңге құрады. Келесі оқу жылына төлемақы көлемі шілде айында бекітіледі.






Нурила Жолдошова

20 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Здравствуйте! Меня зовут Нурила. Можно узнать пожалуйста на счет постдипломного образования, точнее о переквалификации. Есть ли у Вас кафедра пластической хирургии, можно ли там обучиться, выдаете ли диплом Пластического хирурга? Сколько по стоимости будет? Я являюсь гражданкой Кыргызстана. Буду ждать ответа. Спасибо заранее.

Ответ:

Здравствуйте Нурила!

В соответствии с законодательством Республики Казахстан «Переподготовка – форма профессионального обучения, позволяющая рабочему и специалисту освоить другую профессию или специальность в соответствии с потребностями рынка труда.

В Казахском Национальном университете имени С. Д. Асфендиярова проводится цикл переподготовки по пластической хирургии. Стоимость обучения 400тыс.тг, сроки обучения  40 недель, 5 месяцев. После завершения обучения выдается свидетельство. Предшествующее образование – интернатура хирургического профиля. Циклы переподготовки и повышения квалификации рассчитаны только для резидентов Казахстана, т.к. эти формы подготовки не нострифицируются (не признаются) другими государствами.

В соответствии с законодательством Республики Казахстан с 2009 года послевузовская подготовка по клиническим специальностям проводится в резидентуре. Предшествующий уровень образования лиц, желающих освоить образовательные программы резидентуры – базовое медицинское образование, высшее медицинское образование, наличие интернатуры. Продолжительность обучения по специальности резидентуры «Пластическая хирургия, в том числе детская» составляет 3 года.

К сожалению, КазНМУ не имеет лицензии на образовательную деятельность по этой специальности.

 






Диана Мирамбек

20 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Салеметсызбе. Мен Актобе каласында ЗКГМУ университетынде Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінде оқимын. Бірінші курсты аяктадым.Асфендияровка ауыскым келып еды, ол ушын не істеуім керек. GPA:3,12 ауысуга мүмкіндік барма?

Ответ:

Сәлематсіз ба Диана!

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығы білім алушылар басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.

Бұл ретте, студенттің ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы және орташа үлгерім балы (GPA-Grade Point Average) аталған ұлттық ЖОО-дағы белгіленген ауысу балынан төмен болмауы тиіс.

Білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді;

2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;

3) факультет деканы ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.

Ауысқыңыз келсе жазғы демалыс уақытында Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық, мейіргер ісі және менеджмент факультетінің деканатына келіп хабарласыңыз.