ТАМЫРЛЫ ДЕМЕНЦИЯНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ПРОФИЛАКТИКАСЫ

28 Sep 2012

Г.А. Дущанова., Ж.Е. Куттыгулова, Г.У. Туксанбаева

Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк Фармацевтикалық академиясы, Шымкент қаласы

 

Тамырлы  деменция дамуының қауіп факторлары (шылым шегу, семіздік,  гипертония, қант диабеті) олар когнитивті  функцияның төмендеуі бойынша  ауруханаға жатқызудағы қауіп  ретінде тығыз байланысты; тамырлы деменцияның үдеуін алдын алу үшін  профилактикалық шаралар тиімді болып саналады.

Түйінді сөздер: Тамырлы  деменция, когнитивті  функция, профилактикалық шаралар.

ДИАГНОСТИКА И ПРОФИЛАКТИКА СОСУДИСТОЙ ДЕМЕНЦИИ

Дущанова Г.А., Куттыгулова Ж.Е., Туксанбаева Г.У.

Южно–Казахстанская Государственная Фармацевтическая Академия, г. Шымкент

Факторы риска развития сосудистой деменции (курение, ожирение, гипертония и сахарный диабет) тесно связаны с последующим риском госпитализации по поводу когнитивного снижения; профилактические мероприятия эффективны для предупреждения прогрессирования сосудистой деменции.

Ключевые слова: сосудистая деменция, когнитивные функции, профилактические мероприятия.


DIAGNOSIS AND PREVENTION OF VASCULAR DEMENTIA

Duschanova G.A., Kuttygulova Zh.E., Tuksanbayeva H.U.

South-Kazakhstan State Pharmaceutical Academy, Shymkent

Risk factors for vascular dementia (smoking, obesity, hypertension and diabetes), they were closely associated with subsequent risk of hospitalization for cognitive decline, рreventive measures for the prevention of progression of vascular dementia.

Keywords: vascular dementia, cognitive decline, рreventive measures.


Созылмалы бас миының ишемиялық ауруы  –  егде жастағы  адамдар арасында деменцияны тудыратын бірден – бір себеп (20%) болып табылады. Европалық зерттеулердің ішінде  тамырлы деменцияның таралуы  65 жастағы адамдардың ішінде шамамен  1,6% құраған [1].  Сондықтанда  тамырлы деменцияның таралуы және ауырлығы  жасқа байланысты  өсу тұрақтылығының  тенденциясына әкеледі.

 

 

 

Көбіне созылмалы бас миының ишемиялық ауруы  артериальды гипертензия және  бас миы тамырларының атеросклеротикалық зақымдану фонында дамиды. Созылмалы  бас миының ишемиялық ауруы және тамырлы деменция дамуының қауіп факторларына қант диабеті, артериальды гипертензия, шылым шегу және т.б. жатады [2,3].  Бұл тамырлы  қауіп факторлары  қан айналым тамырлары және тамырлы функциясына тікелей әсер етеді.  Тамырлы  деменция дамуының қауіп факторларын  игеру,  кейбір зерттеулерде (шылым шегу, гипертония, қант диабеті) олардағы когнитивті  функцияның төмендеуі бойынша  ауруханаға жатқызудағы қауіп  ретінде тығыз байланысты; әсіресе  орта жастағы науқастар арасында да  байқалған [3].  Ұсақ тамырлардың зақымдануы (көбіне капиллярлар) деменция патогенезінде үлкен  маңызға ие.  Түрлі авторлардың мәліметтері бойынша,  осы мәліметтер  Альцгеймер ауруымен  ірі  қан тамырларының атеросклерозы зақымдануында жиі кездеседі. Нейровизуализация кезінде  мидың ақ затында  гиперинтенсивті аймақтар және  бас миының  лакунарлы инфарктылары анықталады.  Көбіне осы аталған патологиядан  қан тамырларының қауіп факторларын анықтауға  болады:  анамнезінде инсульт алған,  қант диабеті, қауіп фактор ретінде саналатын  қанның құрамындағы  глюкоза деңгейінің  көтерілуі – нейровизуализация кезінде  мидың ақ затында анықталған гиперинтенсивті  сигнал аймағының болуы бар  науқастарда кездеседі [4]. Жынысы ер адамдар, артериальды гипертензия, анамнезінде инсульт алған,  семіздік,  триглициридтер деңгейінің қан құрамында жоғары болуы – жаңа лакунарлы  инфаркттардың түзілуімен қауіп тудырады. Ірі  қан тамырларының атеросклерозы зақымдануы кезінде  бас миында ірі инфарктылары дамиды. Бас миы аймағында  кездесетін  дара инфаркттар,  көптеген  екі жақты, лакунарлы  инфарктар танымдық функцияның бұзылысына әкеледі, яғни ол түрлі когнитивті бұзылыстарының ауырлық  дәрежесі бойынша  айқын клиникалық белгілерінің  болуымен сипатталады.

Бас миының нейровизуализациясы  тамырлық деменциясы диагнозын қоюда үлкен рольге ие. Бірақта, нейровизуализациялық  тексеру тәсілдері кезінде  бас миы зақымдануының ауырлық дәрежесі және  когнитивті функцияның төмендеуінің арасында нақты   түзетулер болмайтындығы ескерілген.

Созылмалы бас миының ишемиялық ауруына байланысты  танымдық функциясының бұзылысы «орталықтық» жетіспеушіліктен (афазия, визуальды агнозия тәрізді немесе  неврологиялық   ақауларды  байқамау) деменция айналасындағы  когнитивті функцияның  бұзылысына (субклиникалық ағымынан  дөрекі бұзылыстарға дейін) әкелуі мүмкін.  Нейродегенеративті аурулардан ерекшелігі, мысалы Альцгеймер ауруы, тамырлық деменцияны  сипаттайтын  танымдық функция бұзылысында  біріктірілген  маман жоқ. Тамырлы  деменцияның  жайылған көріністерінде  когнитивті қызметі төмендейді, яғни мнестикалық бұзылыстың болуы байқалады [5].  Мида дара орналасқан инфаркттар, яғни олар   гиппокамп, таламус, құйрықты ядро және  мидың оң жақ төбе бөлімінде орналасса,  едәуір көлемді когнитивті жетіспеушілікке әкеледі [6,7].  Мидың оң жақ төбе бөлімінде орналасқан инфаркттар жедел делирияға,  кейін  көңіл бөлу концентрациясының төмендеуі және кеңістікке ориентациясының бұзылуы, терең түрдегі  апатияның сипатталуы когнитивті функцияның төмендеуіне әкеліп соқтырады [5]. Когнитивті бұзылыстары бар науқастарда  апатия, орындаушы функцияның төмендеуі және психомоторлы тежелу байқалады. Егде жастағы  адамдарда  клиникалық  жасырынды лакунарлы инфаркттар анықталуы мүмкін, олардың саны жасқа байланысты өсіп отырады. Деменциясы жоқ  адамдарда   жасырынды лакунарлы инфаркттардың болуы, деменция және  когнитивті функциясы төмендеуінің даму қаупі жоғарлауымен байланысты [4]. Бас миының ақ затындағы  көлемді гиперинтенсивті ошақтың болуы маңызды, бірақта  когнитивті функцияның төмендеуі үнемі болмайды. Сондықтан арнайы клиникалық белгілері байқалмайды, бірақта  нейровизуализация кезінде  ақ заттағы өзгерістер айқын көрінеді [8].

Науқастардағы когнитивті функцияның төмендеуіне күдіктенгенде, негізгі екі критерий анықталады:

  1. Инсульттан кейін  танымдық функциясының төмендеуі немесе бірденнен басталуы (3 ай көлемінде).
  2. Нейровизуализация кезінде  бас миының маңдай, самай немесе төбе қыртысындағы ақ және сұр затында, базальды ганглийлер немесе таламуста екі жақты инфарктардың болуы.

Осы критерийлер  тамырлы деменция диагнозын қою үшін  негізгі диагностикалық критерийлер болып саналады [9].

Егер науқаста осы критерийдің біреуі болса, онда  тамырлы деменциясы бар науқастар  санатына жатқызуға болады.

Казіргі таңда ангионеврологтарда медикаментозды  дәрілік заттардың  толық топтамасы иеленген. Бірақта, олар толық түрде инсульттерді емдеп шығармайды,  тек  олардағы процессті тежейді, кей жағдайларда  қайталамалы түрде  ми қан айналымының бұзылысын емдейді.  Соңғы жылдары  нақты түрде   жағдайларды шешуге бағытталған  мүмкіндіктер берілген,  себебі  инсульттың диагностикасы, этапты түрде емі,  реабилитациясын игеру арқылы артериальды  гипертонияның алдын алу жүйесі дұрыс бағытталған.

Ишемиялық инсульттің  профилактикасына  цереброваскулярлы  аурулардың   түрлері және ауырлығы жатады да, аурудың  45-50 % азайғанын көрсетеді, сондықтан, басты  қауіп факторлары жойылады. Бұған әлеуметтік мәселе ретінде  тұрғындар арасында  «инсульт» деген не деген   сұраққа дұрыс мәлімет бермеу болып табылады.

Инсульттің профилактикасына қатысты сұрақтарға  Оңтүстік Қазақстан  неврологтар Ассоциациясы және ОҚМФА неврология кафедрасының қызметкерлері қала аймағында  денсаулық мектебін құрды және  облыстық аймақтарда  олармен жұмыс жасалуда.  Мектептерді  ұйымдастыру негізінде  әдістемелік  құралдар дайындалды, инсульттің алғашқы күнінен  бастап,  оларға оңалту шараларын  білікті  жүргізу үшін  мастер класстармен  семинар – тренингтер   өткізілді.


 

Литература:

  1. Lobo A, Launer LJ, Fratiglioni L, Andersen K, Di Carlo A, Breteler MM, et al. Prevalence of dementia and major subtypes in Europe: a collaborative study of population–based cohorts. Neurologic Diseases in the Elderly Research Group. Neurology 2000;54.
  2. Curb JD, Rodriguez BL, Abbott RD, Petrovitch H, Ross GW, Masaki KH, et al. Longitudinal association of vascular and Alzheimer’s dementias, diabetes, and glucose tolerance. Neurology 1999.
  3. Slooter AJ, Tang MX, van Duijn CM, Stern Y, Ott A, Bell K, Breteler MM, et al. Apolipoprotein E epsilon4 and the risk of dementia with stroke. A population–based investigation. JAMA 1997.
  4.  A Alonso, T H Mosley, Jr, R F Gottesman et all. Risk of dementia hospitalisation associated with cardiovascular risk factors in midlife and older age: the Atherosclerosis Risk in Communities (ARIC) study. J Neurol Neurosurg Psychiatry 2009.
  5.  Reed BR, Mungas DM, Kramer JH, Ellis W, Vinters HV, Zarow C, et al. Profiles of neuropsychological impairment in autopsy–defined Alzheimer’s disease and cerebrovascular disease. Brain 2007.
  6. Graff–Radford NR, Tranel D, Van Hoesen GW, Brandt JP. Diencephalic amnesia. Brain 1990.
  7. Caplan LR, Schmahmann JD, Kase CS, Feldmann E, Baquis G, Greenberg JP, et al. Caudate infarcts. Arch Neurol 1990.
  8. Mungas D, Jagust WJ, Reed BR, Kramer JH, Weiner MW, Schuff N, et al. MRI predictors of cognition in subcortical ischemic vascular disease and Alzheimer’s disease. Neurology 2001.
  9. Mesulam MM, Waxman SG, Geschwind N, Sabin TD. Acute confusional states with right middle cerebral artery infarctions. J Neurol Neurosurg Psychiatry 1976.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ