21 Dec 2012
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қалыптарын жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасында 2010 жылы алғаш рет С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде студенттерді компетентті-бейімдетілген оқытудың медициналық білім үлгісі құрастырылды. Оқытудың осы жолы денсаулықсақтау жүйесі мен қоғамның жаңа талаптарына сай келеді, жалпы кәсіптік-компетентті, бәсекеге қабілетті маман-дәрігердің қалыптасуына алып келеді.
Оқытудың жаңа жүйесі оқушы компетенциясын бағалаудың басқаша жолдарын талап етеді, ол тек бағаланатын компетенцияның компоненттеріне ғана емес, сонымен қатар оқыту деңгейіне, пре- және постреквизиттерге тәуелді. Алға қойылған мақсаттарға жетуде білім беру сапасын, тиімділігін қамтамасыз ету үшін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқыту деңгейі бойынша компетенцияларға бағалау жүргізуде және ЖОО студенттерінің жеке жетістіктерін бақылауды жүзеге асыруда нұсқаулар құрастырды. Ұсынылып отырған бағалау жүйесін қолдану уақытылы түзету шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқау медициналық ЖОО, методисттерге, білім саласындағы мамандарға және оқу мекемелерінің жетекшілеріне арналған.