КОМПОЗИЦИЯЛЫ «АЗИМЕТ» ЖАҒЫЛМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНТИМИКРОБТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ

31 May 2013

УДК: 615.454.1: 615.014.23

 

Д.К. Қияшев, Ш. Нөкербек

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. Алматы қ.

 

 

Жергілікті іріңді инфекцияның алдын алу және емдеуін қамтамасыз ететін дәрілік қалыптардың бірі жағылма болып есептелінеді. Қабыну үрдісінің                 фазаларын, патогенезін, этиологиясын ескеріп, ғылыми дәлелденген көп құрамды жағылмаларды пайдалана отырып, іріңді жараларды емдеудің тиімділігін арттыруға болады. Бұл жағдайда әр компонент сол немесе басқа факторға, мәселен, микробқа, тіннің артық гидратациялануына (ісінуіне), некрозға (өлі ет) және тағы басқаларына бағытты әсер етеді.

Кілт сөздер: Азимет жағылмасы, метилурацил, азитромицин, полиэтиленоксид, микробқа қарсы әсер.

 

Қазіргі кезде зерттеушілерге, емшілерге өзінің жоғары тиімділігімен және жанама әсерінің төмендігімен көп құрамды жағылма «Левомеколь» деген атпен белгілі (Россия) /1/. «Левомеколь» жағылмасындағы левомицетин мен метилурацил түрлі іріңді жараларды, тіндегі қабынуды емдегенде, синергетикалық белсенділік танытып, ауруларды тездетіп жазады. Левомеколь құрамы төмендегідей болады;

Левомицетин – 0,75 г

Метилурацил – 4,0 г

ПЭО 400 және 1500 – 100 г дейін

Левомицетиннің антимикробтық әсері микроорганизмдердегі ақуыз синтезін бұзу арқылы жүреді. Ол сыртта іріңді бұзылыуында, күйікке қолданылады. Левомицетинді қан түзуілін тежейтін препараттармен (сульфаниламид, цитостатик) бірге бір уақытта қолдануға болмайды /2/. Сонымен қатар, левомицетин бауыр, бүйрек, қант ауруларында теріс әсер етеді /3,4/.

Қызару –қан тамырларының кеңейуінен, ісіну – тамыр қабырғаларының өткізгіштігінің жоғарылауынан және қанның сұйық бөлігі тамырдан бөлініп шығуынан пайда болады, ал ауырушаңдық синдромы экссудаттың және қабыну медиаторларының жүйке талшықтарының ұштарын тітіркендіруіне байланысты болады. Биологиялық тұрғыдан қарастырғанда, қабыну -дененің қорғаныс реакциясына жатады. Бірақ, қабыну реакциясы, негізінен инфекциялы және инфекциясыз патологиямен қатар жүріп, тіндер мен мүшелердің морфологиясы мен қызметін терең өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан, қабыну үрдісін тиімді емдеу үшін, қолданатын препараттардың әсер механизмдерін шартты түрде білу қажет. Осы мақсатта біз левомицетинді алмастыратын тиімді антибиотик азитромицинді таңдадық /5/. Бүл препарат қышқылға төзімді, макролидтер тобына  және азолидтер  өкіліне жатады. Ол микробқа қарсы кең спектрлі әсерімен танымал. Микроорганизмдегі ақуыз синтезін тежейді, аз дозада бактериостатикалық әсер көрсетсе, көп дозада бактериоцидті әсер және грамм оң әрі грамм теріс бактерияларға қатысты үлкен белсенділік көрсетеді. Ал, метилурацил препаратын қарастыратын болсақ, оның анаболиялық және катаболиялық белсенділігі болады. Препарат жасушаның регенерациясын жылдамдатып, жараның жазылуын тездетеді, жасушалық, гуморалдық қорғаныс факторын демейді /6/. Дәрілік қалыптың құрамын талдауда жағылма негізін таңдап алу – маңызды кезеңге жатады. ПЭО фармацевтикалық өндірісте жағылмада көмекші зат ретінде көп қолданылады. Себебі ол гидрофильді болғандықтан әсер етуші затты өзінен тез босатады және сіңуін тездетеді. ПЭО суда толық ериді, токсикалық әсері жоқ, теріге жақсы жағылады, терінің газ алмасуына және бездердің қызметіне әсер етпейді. Олар жарыққа, температураға, ылғалға тұрақты, рН орта өзгеруіне сезімталдығы төмен. Тәжірибеде дәлелденгендей, вазелин-ланолин негізіне қарағанда, ПЭО жағылманың микробқа қарсы әсерін арттырады.

Сондықтан, біз жағылма негізі ретінде қорытпа түрдегі полиэтилен оксид – ПЭО 400 бен ПЭО 1500 тұратын гидрофильді құрамды таңдап алдық /7,8/.

Жағылма құрамындағы азитромициннің оптималды мөлшерін анықтау үшін азитромициннің әртүрлі концентрациялы дозасының бақтерияға қарсы әсерін тексердік кесте 1.

 

1 Кесте – Әртүрлі дозадағы Азитромициннің  микробқа қарсы әсері

 азитромициннің саны  г Staphylococcus aureus Escherihia coli Pseudomonas aeruginosa Candida albicans
1 0,25 г 25 14
2 0,5 г 25 7 16
3 0,75 г 26 8 25
4 1,0 г 26 12 25

 

Жоғарыдағы кестеден көргеніміздей Азитромициннің барлық концентрациялы дозасы Candida albicans саңрауқұлағына  әсер етпейді. азитромициннің 0,75 г және 1,0 г дозасы  Staphylococcus aureus және Pseudomonas aeruginosa микробтарына қарсы әсерлері өте жақсы. Escherihia coli микробына қарсы әсерлері жақсы. Азитромициннің әртүрлі концентрациялы дозасының бактерияға қарсы белсенділіктерін салыстыра отырып, сонымен бірге материялды үнемдеу мақсатында азитромициннің 0,75 г мөлшерін тиімді деп есептедік.

Жоғарыдағы зерттеу нәтижелері бойынша және әдебиеттердегі мәліметтерге сүйене отырып «Азимет» атты жәғылманың  100 г мөлшеріндегі белсенді әсер етуші заттар мен көмекші зат негіздің қатыстары төмендегідей жасалды:

Азитромицин       – 0,75 г

Метилурацил          – 5 г

ПЭО 400                 – 74,25 г

ПЭО 1500                 – 20 г

«Азимет» атты жағылма төмендегідей технологиялық сатылармен жасалды: Азитромицин ПЭО 400-дің жарты мөлшерінде еріттік және ПЭО 1500 су моншасында 50-60 0С балқытып оны араластыра  отырып, ПЭО 400-де еріген  азитромицин ерітіндісін қостық, содан соң қоспаны араластыруды жалғастыра отырып, оған қалған ПЭО 400 –дің жартысы мен метилурацилды аз-аздап қосып,  температура суынып 24-250 С-қа жеткенше қоспаны мұқият араластыруды жалғастырдық. Араластыру келіде келісаппен жүргізілді. Араластырғанда қоспа қоюланып,  тұтқыр сұйықтық күйге айналды. Қоспа 25 минуттан соң,  сарғыш түсті серіппелі  пластикалық массаға айналды.

Антибиотик азитромицин мен метилурацил негізінде жасалған қөп құрамды жағылма «Азимет»-тың микробқа қарсы әсері анықталды кесте 2.

 

2  Кесте – «Азимет» жағылмасының микробқа қарсы әсері

Жағылма аты Staphylococcus aureus Escherihia coli Pseudomonas aeruginosa Candida albicans
1 Азимет 27 18 7 0

 

Зерттеу нәтижесі «Азимет» жағылмасының Staphylococcus aureus микробына өте жақсы әсер ететіндігін, Escherihia coli  микробына жақсы әсер ететіндігін дәлелдеді.

Жағылма құрамындағы азитромицин микробқа қарсы әсер көрсетсе, метилурацил жасушаның регенерациясын жылдамдатып, жараның жазылуын тездетеді. Сол арқылы терінің іріңді инфекцияларын, қүйікті, түрлі жарақаттарды  емдеу мақсатына жетуге болады.

Қортынды: азитромицин мен метилурацил негізінде жасалған жаңа, композициялы «Азимет» атты жағылманың құрамы мен технологиясы жасалды.  Жағылманың микробқа қарсы әсері анықталды. Осы зерттеу жұмысы бойынша ізденістер жалғасуда.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1           ФС «Левомеколь» 42-2922-92

2           Ушбаев К.У. Хлорамфеникол//Новые лекарственные препараты. – Алматы: 2000. – С. 228-229.

3           Ушбаев К.У. Группа левомицетина.//Новые лекарственные  препараты. – Алматы. 2000. – С.29-30.

4           Кияшева А.К. Определение антимикробной активности композиционной мази «Левисал».//Экология промышленного региона и здоровье населения. Караганды: 2010. – С.443-445.

5           Ушбаев К.У. Азитромицин. //Новые лекарственные  препараты. – Алматы: 2000. – С.17-18.

6           ВФС  «Метилурацил» РК 42-955-2003.

7           Аширматова М.И. и др. Вспомогательные вещества в производстве косметических препаратов. //Методические разработки. – Алматы-Шымкент: 1998. – 46 c.

8           Кияшев Д.К., Тян Е.В., Шакиев С.Ш. Определение антимикробной активности комбинированных препаратов мази «Левас» и Левас-С».//Материалы международной конференции. Медицина и образование в 21 веке, посвященной 70-летию КазГМУ. – Алматы: 2001.  – С.310-311.

 

 

 

 

 

Резюме: разработан состав и технология новых композиционных мазь  на основе азитромицин и метилурацил, под условным названием “Азимет”.  Определена ее антимикробная активность.Поданной работе исследование в настоящее время продолжается

Ключевые слова: мазь Азимет, метилурацил, азитромицин, полиэтиленоксид, антимикробние действие.

 

 

 

 

 

Resume: developed compositional ointment on the basis of azithromycin and salicylic acid,under the codename “Azimet”.Its antimicrobial activity have been determined. Research is ongoing on this scientific work.

Keywords: Azisal ointment, methyluracil, azithromycin, polyethylene oxide, antimicrobial action.

 

КОМПОЗИЦИЯЛЫ «АЗИМЕТ» ЖАҒЫЛМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНТИМИКРОБТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ

News

All


Video


Gallery

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Useful databases

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


About the journal

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Indexed by

Asfendiyarov Kazakh National Medical University

© 2021 KazNMU