ЖОО-ДА ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ПӘНІ БОЙЫНША БАКАЛАВРИАТҚА ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ ЖОБАЛЫҚ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ

20 Jan 2014

УДК 614,7:628,1/3:574(574,51):616

 

А.Ж. МОЛДАҚАРЫЗОВА

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Жалпы гигиена және экология кафедрасы

 

 

Мақалада экология және тұрақты даму пәнін оқыту барысында,  студенттерде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруда жоболық тәсілдің мақсаты және міндеті қарастырылған. Сонымен қатар жоба түрлері: ғылыми зерттеу, шағын, көлемді және модульді  жоба ретінде көрсетілген. Оқытушының   жобаны құрастыруына және ткізуне ерекше назар аударылған.  Студенттің белсенділігін арттыру мақсатында жобалық тәсілді  қолданудың  тиімділіктері баяндалады.

Түйінді сөздер: жоба, технология, модуль, экология, азон қабаты.

 

 

Бүгінгі таңдағы жоғары технологиялар заманында әлемдегі маңызды деген салалардың өте жылдам қарқынмен дамып жатқан кезінде, адам баласы табиғат алдында әлсіз болып қала бермек. Оған дәлел күнделікті әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан саныз жер сілкіністері, цунамилар, катаклизмдер. Көптеген геэкологиялық жағдайлардың орын салу себебін анықтаған кезде, біз табиғаттағы орын алып отырған келеңсіз оқиғалар адамзаттың өнеркәсіптегі және басқа да аймақтағы іс-әрекетінің нәтижесі деп білеміз.

Жаһанданудың  азон  қабатының  жұқаруына, жер шарының температурасының жылдан жылға жылып келе жатқанына, өзен–көлдердің тартылуына, әлемдік климаттың біртіндеп өзгеріп келе жатқанына, қызыл кітапқа еңген жануарлардың санының күрт азайып бара жатқандығына  тікелей әсері бар екенін ғалымдар айтудан кемде емес. Олай болса, экология және тұрақты даму пәнінің оқытушысының алдында бүгінгі таңда үлкен екі мақсат тұр. Оның біріншісі өздерінің студенттеріне салауатты экологиялық тәрбие беру болса; екіншісі, осы мақсатқа жету барысында заманауи технологияларды өз сабақтарында тиімді пайдалана білу болып табылады.[5]

Қазіргі таңда оқу үрдісінің қай саласын алып қарасаңызда оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру барысында қарқынды жұмыстар атқарылып, жаңа технологиялардың түр-түрі талқыланып жатқан  кез. Осы үрдіс экология және тұрақты даму пәнін де айналып кеткен жоқ.

Оқу үрдісін студенттердің жоғары сапалы білім алуына ықпал ететін, студенттердің бойына экологиялық мәдениеттік, білімділік, коммуникативтік, ізденпаздылық сияқты біліктіліктердің қалыптасуына жағдай жасай алатын және алған білімдерін күнделікті өмірде, әлеуметтік салада, қоғам өмірінде кеңінен қолдауға мүмкіндік туғызатын, оқытудың заман талабына сай әдіс-тәсілдерін қолдана отырып құру, бүгінгі таңдағы жоғары оқу орынының оқытушыларының басты мақсатына айналып отыр.

Аталған мәселенің  шешімін табудың бірден бір жолы -жоғарғы оқу орынының оқытушыларының  ізденпазылығының, білімі мен біліктілігінің   төмендегі талаптарға сай болуы:

1.Оқытушылардың интеграциялық курстарға даяр болуы және оқыту барысында оқытудың жеке тұлғаға бағытталған түрін қолдана алуы.

2. Студенттің әлеуметтік құзырлылығын қалыптастыруға ықпал ететін,оның жеке тұлға ретіне қалыптасуына жағдай жасайтын педагогоикалық технологиялардың заманауи түрлерімен таныс болуы және оларды сабақ барысында тиімді қолдануы.

3. Студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасап, оның белгілі бір тақырыпқа зерттеу жасап, тұжырымдама жасап, қортынды шығаруына әсер ететін технология жоба технологиясын қолданудың жолдарын үйрену.[4]

Жоба технологиясы әрқашан түпкі нәтижеге бағытталады.[1] Сыртқы нәтижені көзбен көріп, мағынасын түсініп, күнделікті өмірде қолдануға болатын болса, түпкі нәтиже –ол студенттің алған терең білімі, дағдысы,проект барысындағы жұмыстар нәтижесінде жинақтаған тәжірибесі болып табылмақ.

Әлемдік педагогикада жоба технологиясы жаңа құбылыс емес; бұл технологияның негізін қалаушылар болып американдық философ және педагог Дж Дьюди және оның шәкірті В.Х. Килпатрик саналады. Қазіргі таңда бұл технология білім берудегі түпкі нәтижеге жету барысындағы қолданылып жүрген өзекті технологиялардың бірі болып саналады.[3]

Экология және тұрақты даму пәні бойынша жобалық технологияны қолданып сабақ өткізу барысындағы оқытушының алатын орны төмендегідей болмақ:

  1. Студентке талқылауға арналған жобаның тақырыбын таңдауға көмек көрсету.
  2. Жоба жұмысы бойынша студентке ақпарат көздерін табуға, өзекті мәселелерді айқындауға, тұжырым жасауға, зерттеу жұмысы барысында кеңес беріп отыру.
  3. Студенттердің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жұмыстың нәтижелі болуына ықпал ететіндей  қабілеті болуы.
  4. Пікірталастар ұйымдастырып, оны өткізу қабілеті болу.
  5. Әр түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты анықтай білу қабілеті болу.

Экология және тұрақты даму пәні бойынша өткізуге болатын жобаларды келесі түрлерге бөлуге болады:

  1. Мақсатына қарай – зерттеушілік, ақпараттық, шығармашылық ,алдын алу, қоршаған ортаны  қорғау, конструкциялық жобалар.
  2. Мерзіміне қарай-щағын жобалар,орташа және ұзақ уақытқа арналған жобалар.
  3. Білім саласына қарай-моножобалар, кешенді жобалар.[5]

Құрылымына қарай келесі бөліктерге бөлуге болады: жоспарлау, ақпарат жинау, дайын өнім, презентация.

Қолдану аймағына қарай жобаларды:

  1. Сабақтан тыс кездегі студенттің іс-әрекеттері, экотуризм (кешенді, ұзақ уақытты қажет ететін жобалар, зерттеу жұмыстарын қажет ететін, шығармашылық жобалар)-деп бөлсе;
  2. Сабақ үстіндегі жобалар (пәнаралық, шағын жобалар, кешенді, ойын элементтерін қамтитын жобалар) -деп бөлуге болады.

Экология және тұрақты даму пәні бойынша өткізуге болатын жобадан күтілетін нәтиже студенттің бойында ізденпаздық, ұжымда жұмыс атқару, коммуникативтік, ақпратты жеткізе алу сияқты маңызды құзырлылықтарды қалыптастыру болып табылады.

Жоба технологиясында студент пен оқытушы оқыту үрдісінің субъектілері болып табылады. Себебі оқытушы студентпен бірлесіп жұмыс атқарған кезде әркез өзінің еңбекқорлық шеберлігін ұштастырып отырады және оны студенттің білімділік,  өмірлік және тәжірибелік деңгейін ескере  отырып, оқу материалын меңгеру барысында қолданады.

Студенттермен жоба технологиясын қодану барысында оны бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: бірінші кезеңде студенттермен дербес жұмыс жүргізіледі. Студенттердің курсына қарай, олардың білім деңгейіне қарай, қызығушылықтарына қарай жобаның тақырыбы таңдалып алынады. Мысалы: ағза және қоршаған орта, аутэкология, демэкология-популяциялық экология, синэкология-қауымдастық экологиясы, тұрақты даму концепциясы, табиғи ресурстар және табиғатты қолдану – тұрақты дамудың бір аспектісі, табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері және т. б.

Ұтымды тақырып таңдаудың жобалық жұмыстың нәтижесіне тигізетін әсері мол, өйткені  бізді қоршаған ортадағы, еліміздегі, әлемдегі орын алып отырған өзекті мәселелерді тақырып ретінде таңдау және алдын алу, қоршаған ортаны қорғау мақсатында  студенттердің қызығушылығы мен белсенділігінің артуына ықпал ететіні сөзсіз.[1] Сол себептен ұтымды тақырып, ұтымды жобалық жұмыстың алғышарты деп түсіну қажет.

Тақырыпты таңдап алғаннан кейін студенттерді топтарға бөліп, түпкі мақсатқа жету барысындағы мақсат-міндеттерді анықтаймыз, керекті әдебиеттердің тізімін жасаймыз және қажетті әдебиеттер тізімін жасау кезінде студенттерге  кітапханаларға,оқу залдарына бару міндеттеледі.

Екінші кезең оқытушылық, іс-әрекеттік кезең болып табылады.Бұл кезең барысында студенттің жоба тақырыбын алмай тұрған кезіндегі осы тақырыпқа байланысты жинақтаған тәлім-тәжірибесі, білімі  тексеріліп, бір жүйеге келтіріледі.

Түпкі мақсатқа жету барысындағы мәселелерді шешу мақсатында студенттің интелектуалдық, кәсіптік біліктіліктері қалыптастырылады, студенттің білім қорында берілген тақырыпқа байланысты әдістемелік, жалпы мәдениеттік, әлеуметтік, зерттеушілік құзырлылығы қалыптасады.[3]

Үшінші кезең барысында оқытушы студентке кеңес  береді, олардың жұмысын бақылауға алып жүреді және жасалып жатқан жоба жұмысын қайталап, пысықтайды.

Студенттермен оқытушының бірлесіп атқарған жұмысы әркез өзінің жемісін бермек. Әр түрлі тақырыптағы және үлгідегі жобалар жасалады, студенттер мен оқытушының арасындағы  шығармашылық  жұмыс түрлері жанданады, студенттердің өз бетімен жұмыс атқарау қабілеті, ізденпаздығы артады.

Жобаның бірізділігі дегеніміз — түйінін табу керек мәселенің, түпкілікті мақсаттың, міндеттің, мақсатқа жету жолдарының айқындығы, анықтығы. Аталған технологияда бірізділік түпкі мақсатқа жету барысында үлкен орын алады,сол себептен жобамен жұмыс жасаған кезде жоғарыда суреттелген жобамен жұмыс жасаудың үш кезеңін естен шығармау керек.[2]

Жобалық технологиямен жұмыс атқарудың алғашқы кезеңінде студенттердің жұмыстарының көпшілігі көбінесе рефераттық сипат алады. Сол себептен студенттердің алдына басқа мақсат-міндеттер қою керек. Студенттердің жұмыстарының рефераттық сипаттан арылуына ықпал ететін әдіс-тәсілдің бір түрі ол-зертеушілік жобалық жұмыс болып табылады.

Жобалық жұмыстың аталған түрінің басты мақсаты  — тек дайын ақпарат пен білімді ғана меңгеру емес, сонымен қоса жаңа білім қорын жинақтау жолдарын меңгеру болып табылмақ.

Жаңа білім қорын жинақтау жолдарын меңгерудің бірден-бір жолы –зерттеу жұмыстарымен айналысу болмақ. Жобалық технологияда зерттеу жұмысымен айналысу оқытудың басты мазмұны бола алады.[6]

Студентті зерттеу жұмысымен айналысуға баулу, оқытудың  жеке тұлғаға бағыттап білім беру технологиясының бір түрі болып саналады.

Зерттеу жұмысымен айналысу технологиясының кезеңдерін  былай сипаттауға болады:  студенттің білімін саралап, талдау жасау.  Студенттің білімін саралап,талдау жасау кезіне  проблеманың қойылуы, оның қалыптасуы, сипатталуы, бақылауы,ақпарат жинау,ақпараттың нақтылығын анықтау, гипотеза ұсыну, мәселенің түйінін табу сияқты зерттеушілік іс-әрекеттер жатады.[5]

Зертеушілік жобалык жұмыс көп  уақытты талап ететіндіктен оны бір сабақ көлемінде іске асыру мүмкіндігі болмайды. Бір сабақ көлемінде аталған технологияны қолданудың бір жолы – студенттерге шағын жобалар ұсыну. Тек жобаның осы түрінде ғана толыққанды жобаның барлық  кезеңдері қамтылады. Оқытушы алдын ала ақпарат көздерін даярлап, сабақ басында студенттерге дайын тақырыптарды ұсынады. Студенттер 2-3 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Әр топқа тақырып және оқытушы алдын ала даярлаған ақпарат ұсынылады.Осы кезеңде оқудың саралай оқу әдісін қолдануға болады. Студенттер дайын материалды оқи отырып, оны тақырыптық блоктарға бөліп, мақаланың көлемін азайтып, уақытты үнемдейді. Сонымен қоса саралай оқыту студенттердің коммуникативтік құзырлылығын қалыптастыруға ықпал етеді.[2] Әр топ студенттері берілген тапсырманы бірлесіп орындау мақсатында өздерінің тақырыптық блоктарымен танысады. Жұмыстың бұл түрі студенттердің ұжымдық жұмыс атқару, өз көзқарасын дәлелдеу, өз пікірін нақты фактілер арқылы жеткізе алу сияқты дағдылырының қалыптасуына әсер етеді.

Мысалы : «Қазіргі кездегі жаһандық экологиялық мәселелер» тақырыбында әр топ студенттері бүгінгі таңда бүкіл адамзатты алаңдатып отырған ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер жөнінде тапсырма алып, тақырыпқа орай баспа , журнал материалдарымен қамтамасыз етілді.

Студенттердің бұл тапсырмадағы басты мақсаты — экологиялық мәселелерді шешу жөніндегі құнды ұсыныстар жасау, өздерінің ұсыныстары жазылған түс қағаз жасау, түс қағаздағы ақпаратты талқылау, ұрандар жазу болды.

Аталған тапсырманы талқылау барысында  жобамен жұмыс жасаудың екінші оқытушылық-ізденушілік кезеңінде қолданылатын кесте ұсынылды. Ұсынылған кесте бойынша студенттер берілген тақырып бойынша өз білімдерін сарапқа салуға мүмкіндік алды.

 

 

Ақпарат

Бұрыннан таныс ақпарат ( «Бұрыннан білем»).
Алғашқы кездегі көзқарасқа қайшы келетін ақпарат («Басқаша ойлағам»).
Жаңа ақпарат («Білдім»).
Толықтыруды қажет етеді («Толығырақ білгім келеді).
Есте сақтауды қажет ететін ақпарат

 

 

Сабақ соңында әр топ өз жобаларын қорғап, мәселенің шешімін ұсынды, сонымен қоса бүкіл топ жұмысына, әр студенттің жеке басына  баға берілді.

Мақалаға өзек болған шағын  жоба  әдісі  және жалпы жобалық технологияның қай түрін алсақ та, студенттердің өз-өзіне, өзінің білім деңгейіне сын көзбен қарауға,  пәнге деген студенттердің қызығушылығының артуына, студенттердің белсенділігінің артуына,  ізденпаздығының артуына, ұжымдық жұмыс жасау дағдыларының қалыптасуына, өз көзқарасын нақты ақпарат көздеріне сүйене отырып дәлелдеуге,студенттер мен оқытушының арасындағы шығармашылық қарым-қатынастың қалыптасуына,берілген пән бойынша, тақырып бойынша терең және сапалы білім алу барысында  атқаратын рөлі өте үлкен, және медициналық білім беру саласында жоғары оқу орындарында  болашақта қоғам дамуына үлес қосатын тұлға қалыптастыру барысында алатын орны ерекше.

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1       Баранова В.И. Отношение к природе нравственно активной личности // Экология, культура, образование. − М.: 1989. −

2       Круглова О.С. Технология проектного обучения. //Завуч. — 1999. — №6.

3       Новикова Т.А. Проектные технологии на уроках и во внеурочной деятельности. //Школьные технологии. — 2002. — №2. – С.38.

4       Соломина С.Н. Взаимодействие общества и природы. − М.: 1982. – С.42.

5       Орлова Л.В. Образовательный проект в учебно-педагогическом процессе школы. – Мн.: «Технопринт», 2002. – С.26.

 

 

 

 

 

 

 

А.Ж. МОЛДАҚАРЫЗОВА

Использование проектов как интерактивный метод обучения бакалавриата по дисциплинам экология и устойчивое развитие в ВУЗах

Резюме: В статье рассматриваются роль, цели и задачи проектного метода при формировании коммуникативной компетенции студентов на уроках экологии и устойчивого развития. В статье также описываются виды проектов, как научно-исследовательские проекты, мини проекты, моно проекты, модульные проекты. Особое внимание в статье уделяется роли преподавателя при организации и проведении проекта. Такие качества как, умение четко определить проблему, правильно дать инструкцию студенту, коммуникативная, методическая и педагогическая компетенция преподавателя описывается в данной статье. В заключении автор представляет свою проектную работу на тему «Глобальные экологические проблемы окружающей среды».

Ключевые слова: проект, технология, модуль, экология, озоновый слой.

 

 

 

 

 

 

 

A.ZH.MOLDAKARYZOVA

USAGE OF PROJECTS AS A METHOD OF INTERACTIVE LEARNING UNDERGRADUATE by discipline ECOLOGY AND SUSTAINABLE DEVELOPMENT IN UNIVERSITIES

 

Resume:  The article deals with the problem of Project methodology in teaching Ecology. The part of this method, its aims and means are thoroughly described in this article. Also the article touches upon the kinds of project methods such as; scientific-research projects, mini projects, mono projects and module projects. Great attention in the article is paid to the role of teacher in organization and conducting the project. Such qualities of teachers as to identify the core question of the problem, to guide the student in right direction, communicational, methodological, and pedagogical competence of teachers are completely described in the article. In conclusion, the author presents his design work on the theme “Global ecological problems of the environment”.

Keywords: project, technology, the module, the environment, the ozone layer.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ