БАЛЫҚ ҚЫЛТАНАҒЫ ТУДЫРҒАН АШ ІШЕК ПЕРФОРАЦИЯСЫНЫҢ ОПЕРАТИВТІ ЕМІ

23 Jan 2014

УДК 617-089-007.251М.Е. ЖАНТЕЕВ, С.Б.АЛМАБАЕВ, Ж. МАЛИБЕКОВ, Т.ТАЖИМЕТОВ,
Қ. ТӘҢІРБЕРГЕНОВ
Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ, ОКБ, хирургиялық аурулар кафедрасы
Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ клиникасы, хирургия бөлімшесіМақалада жалпы медицинада сирек кездесетін жағдай, балық қылтанағы әсерінен 27 жасар науқаста болған аш ішек перфорациясы баяндалған. Балық жегеннен кейін 3-ші тәулікте іші қатты ауырған науқасты панкреонекроз деген күмәнді диагнозбен операция жасап, аш ішек шарбысынан балық қылтанағы алынған. Маңыздысы сол, науқас балық жегенде қылтықтап қалғанын аңғармаған да. Операция жасалынып, ішектің зардапталған бөлігіне серо-серозды тігіс салынып, құрсақ қуысы дренаждалды. Науқас қанағаттанарлық жағдайда клиникадан шықты.
Түйінді сөздер: бөгде зат, балық сүйегі, перфорация, перитонит.

 

Әдебиеттік берілімдерге жүгінсек жалпы ас қорыту жолдарына түскен бөгде заттардың аз емес екендігіне көз жеткіземіз. Соның 1% ке жуығы ас қорыту жүйесі перфорациямен асқынып жатады. Ал осы перфорацияға алып келетін бөгде заттар арасында басым бөлігін балық сүйегі (қылтығы) алатыны да белгілі [1]. Көп жағдайда дәрігерге қаралған науқас балық қылтығымен қақалып қалғаны туралы білмейді, ондай эпизодтар болған жағдайда да аса мән бермейді және дәрігер назары ауатындай дәрежеде баяндай алмайды.
Балық сүйегін жұтып қойған жағдайда ол жұтқыншақтан бастап, өңеш, асқазан, аш ішектер, кейде тоқ ішекті де зардаптайды. Көбіне мықын ішегінің дистальды бөліктерін, кейде тоқ ішекке дейін зардаптайтындығы әдебиеттік берілімдерден мәлім Тіпті тік ішек геморрой түйінінің ішінен балық сүйегінің ұшы шығып тұрған жағдайлар да кездескен [2].
Балық қылтанағы ас қорыту жүйесі перфорациясын тудырғанда науқаста жедел қабыну ауруының симптомдары пайда болады. Әсіресе асқазан немесе ішек перфорациясы білімсіз перитонит клиникасын береді. Сондықтан диагноз қойғанда науқастан мұқият анамнез жинау (бір-екі күн бұрын балық жегенін білу) шарт. Болмаған жағдайда  холецистит, панкреатит, немесе жедел ішек өтімсіздігін тудыратын аурулармен диференцировка жасауға тура келеді. Шолу рентгені балық сүйегін айқын көрсетпейді, сондықтан диагнозды анықтауға компьютерлік томография әдісі немесе лапароскопиялық әдісті қолдану арқылы құрсақ қуысынан бөгде затты іздеу тиімді.Көп жағдайда құрсақ қуысынан бөгде зат табылған науқастарға ота жасалып, құрсақ қуысы дез ерітінділермен өңделеді, дренаждалуы тиіс.
Перфорацияға ұшыраған ішек қабырғасы бүріліп тігіледі, немесе зардапталған ішек бөлігі резекцияланады [3].
Талқылау: Осыған ұқсас жағдай  Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ клиникасы хирургиялық бөлімшесінде орын алды. Науқас Р. 27 жасар, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға шұғыл жағдайда түсті. Түскен кездегі шағымдары: ішінің қатты ауыруы, аздап кебуі. Ішінің сол жақ бөлігінің бүріп ауруы түс шамасында басталған, қабылдаған спазмолитиктер (но-шпа) көмектеспеген. Ауру сезімінің күшеюіне байланысты жедел жәрдем шақыртылып, «жедел аппендицит?» диагнозымен хирургия бөлімшесіне түскен.
Обьективті: Науқастың сыртқы көрінісі қалыпты, есі анық, тынысы дұрыс. Жағдайы орташа ауырлықта, іші кебіңкі, пальпацияда сол іштің жақ бөлігі түгелімен ауырады, бұлшық еті қатайған. Бауыры, талағы ұлғаймаған.
Тік ішекті саусақ арқылы тексергенде патологиялық бөлінді жоқ. Нәжіс пен газдардың шығуы  нашар.

Қосымша зерттеу тәсілдері бойынша: құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ сы да ұйқы безінің біршама ұлғайғандығы, тығыздығының артқандығы білінеді. Құрсақ қуысы рентгенограммасында өзгерісіз.               ЭКГ Синустық  ритм 90 р.мин. ЭОС тің вертикальды орналасуы. ҚЖА гемоглобин: 146 г/л, Эр:4,5х1012г/л, Л: 10,0 х109 г/л, ЭТЖ: 14 мм/с. ЖЗА:  түсі с/с,  рН-1018,  белок – 0,033,  Л-2-4 в п зр. Қанның биохимиялық анализі: билирубин- 16,0 мкмоль/л, АСТ -0,7,  АЛТ –0,4, альфа амилаза-7,0 мг\сл,  мочевина-6,0 ммоль\л, креатинин- 84 мкмоль\\л,  глюкоза- 4,5 ммоль/л. общий белок –72  г/л . Фиброколоноскопия: Ішектің көру аймағында шамалы кілегейлі қабыну процесстері бар.         Флюорография: дені сау.

Нәтижесінде науқасқа  «перитонит?»  диагнозы қойылып, шұғыл түрде операцияға алу ұйғарылды.

Операция: жоғарғы орта лапаротомиясы құрсақ қуысынан бөгде (балық қылтығы) затты алу. Құрсақ қуысының санациясы, түтік арқылы дренаждалуы.

Құрсақ қуысын ашқанда онда аз мөлшерде кілегейлі-серозды бөлінді бар. Жіті қарау арқылы кіндік маңынан сол жақта аш ішек серозды қабатының бірнеше жерінің қызарғандығын, аздап мацерацияланғанын көруге болады.  Сол маңнан ішек шарбысы қабырғасына қадалып, бір ұшы шығып тұрған бөгде зат (балық қылтығы) анықталды. Қылтанақ маңы біршама қызарған, ішек қабырғасында іріңді жабысқақтар бар.  Жабысқақ арасынан нүкте тәрізді аш ішектің тесілген жерін көруге болады. Тесік іріңді жабысқақпен бітелген, бөлінді жоқ. Жалпы ішектер жағдайы қанағаттанарлық, түсі өзгермеген, перистальтикасы қалыпты.

Ішектердің жағдайын бағалай келе интраоперациялық кеңес бойынша ішек перфорациясы болған жерге серо-сероздық тігіс салу ұйғарылды. Ішекке серо-серозды тігіс салынып, құрсақ қуысы антисептикалық ерітінділермен бірнеше рет санацияланды. Мұқият тазаланған құрсақ қуысы екі өзекті түтік арқылы дренаждалды. Жараға тігіс салынып, асептикалық таңғыш қойылды.

Қорытынды: Алынған бөгде зат: ұзындығы5 см ені 01-02 см балық сүйегі. Операциядан кейінгі кезең жақсы өтті. Жара біріншілік тыртық арқылы жазылды. Тігістері 8-9 күндері алынды. Ішкі ағзалары тарапынан өзгерістер жоқ, физиологиялық бөлінімдері нормада. Науқас үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

 

 

 

 

 

 

 

 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  “Консервативное лечение перфорации кишки рыбьей костью», http://surgeryzone.net sheba‑hospital.org.il
2  Джикия Л.Л. «Инородные тела»,   http://exclusiveshoesua.com
3  http://www.youtube.com

>
М.Е. ЖАНТЕЕВ, С.Б.АЛМАБАЕВ, Н. ЖАНАБАЕВ, Ж. МАЛИБЕКОВ, Т.ТАЖИМЕТОВ,  К. ТАНИРБЕРГЕНОВ
ОПЕРАТИВНОЕ ЛЕЧЕНИЕ ПЕРФОРАЦИИ ТОНКОЙ КИШКИ РЫБЬЕЙ КОСТЬЮ
Резюме: В статье описан клинический случай, в хирургическое отделение кл. МКТУ поступил мужчина 27 лет с жалобами на боли в животе. Заболевание развилось остро, рвоты, диареи или лихорадки нет. Чувство дискомфорта в животе появилось за 6 час до поступления. За три дня до госпитализации пациент ел рыбу. При ревизии брюшной полости обнаружена микроперфорация тонкой кишки. Произведена операция, наложение серо-серозного шва на поврежденные участки кишечника, санация, дренирование брюшной полости. Больной выписан в удовлетворительном состоянии.

Ключевые слова: инородное тело, рыбья кость, перфорация, перитонит.

 

 

 

 

 

 

 

M.E. ZHANTEEV, S.B. ALMABAEV, N.JANABAEV, J.MALYBEKOV, T.TAJIMETOV, K.TANIRBERGENOV

SURGICAL TREATMENT OF SMALL BOWEL PERFORATION FISH BONE

Resume:  This article describes a clinical case, the surgical department clinic. Nice Classification enrolled male 27 years with complaints of abdominal pain. The disease developed acute vomiting, diarrhea, or fever not. Discomfort in the abdomen appeared at 6:00 to arrive. Three days before admission the patient was eating fish. In auditing the abdomen detected Micro perforation small intestine. Operation is performed, imposing gray-serous suture on the affected areas of the intestine, sanitation, drainage of the abdominal cavity. The patient was discharged in satisfactory condition.

Keywords: foreign body, fish bone, perforation, peritonitis.

News

All


Video


Gallery

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Useful databases

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


About the journal

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Indexed by

Asfendiyarov Kazakh National Medical University

© 2021 KazNMU