САУЫҚТЫРУ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ

23 Jan 2014

УДК 612.017.1:612.063(053.2)

 

А.ЗУЛХАЖЫ,  А.К. ҚАТАРБАЕВ,  И.З. МӘМБЕТОВА, А.Б. СМАҒҰЛОВА, А.Ж. ЖАДЫКОВА

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

 

 

Мектеп жасына дейінгі 32 балалардың денсаулығын шынықтыру тиімділігін анықтау үшін, осы балаларда 3, 6, 12 ай өткеннен кейін клиникалық және иммунологиялық көрсеткіштері зерттелді. Балалардың иммунологиялық көрсеткіші: Ig G , IgA , IgМ, жалпы Т-лимфоциттер және фагоциттер мөлшері көбейді, ал  IgЕ деңгейі төмендеді. Шынықтырудың алғашқы 3 айынан кейін, балалар арасында жедел респираторлық сырқаттармен аурушаңдылық индексі төмендегені анықталды.

Түйінді сөздер: иммунитет, дене шынықтыру, мектеп жасына дейінгі балалар.

 

 

Баланың денсаулығын қалыптастыратын бірнеше факторлар бар. Солардың ішіндегі бала денсаулығын қалыптастыруға жол ашатын негізгі шаралардың бірі–бала ағзасын шынықтыру. Шынығу дегеніміз ағзаның қоршаған орта факторларына, әсіресе, метерологиялық факторларға қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын ем шаралар жүйесін айтамыз.

Сонымен, табиғаттың өзінің табиғи факторларын қолдана отыра               (ауа,су,күн), ағзаның қорғаныс қабілетін арттыруға, патогенді микроорганизмдерге қарсы тұру қабілетін күшейтуге, және ағзаның функционалды жағдайының жоғарлауына жол ашады: жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйесінің қызметі жақсарып, терморегуляция үрдісі жетіліп, бұлшықет тонусы, негізгі зат алмасу күшейе түседі .

Ертеден белгілі болғандай судың энергетикалық қасиеті бар. Су өзіне электрмагнит өрісінің әсер еткендігін  «сақтайды». Жарты ғасыр бұрын Күн сәулесі белсенділігі мен судың кейбір параметрлері арасындағы байланыс анықталған және олар ішкенде, суға шомылғанда ағзада сіңіріледі [1].

Суық су  күшті қоздырғыш әсер етеді, зат алмасу үрдісін күшейтеді,  сонымен қатар ағзадағы тіндердің оттегіні пайдалану қабілеттілігін  арттыратын қандағы катехоламиндердің деңгейін жоғарлатады [2].

Қазір көптеген авторлар, дәрежелі ғалымдар сумен шынықтыруда судың температурасын  36-340 С-дан бастап, 1-1,5 айдан кейін ғана біртіндеп температурасын түсіріп, мұздай су құйынуға көшу керектігін айтады [3].

Осылай суықтық стресстің әсерін азайтады. Бірақ, суықтық стресстің  ағзаға пайдалы жасушалардың электрлік потенциалын жоғарлатадындығы белгілі.

Денеге суық су құйған кезде жүйке жүйесі белсенділігі максималді жұмылдырылады. Жүйке жүйесі элементтері (гипофиз) иммунитетті белсендіретін эндорфин, пролактин, соматотропты гормон бөліп шығаратындығы белгілі.

Сумен дене шынықтырғанда су құйынғаннан кейін теріні құрғағанға дейін сүртуге болмайды, бұны қазіргі ғалымдарда дәлелдеді. Керісінше тері 1,5-2 минутта  ауа арқылы кебу керек. Қазір дәлелденгендей дымқыл тері құрғақ теріге қарағанда жылуды 4 есе көп бөледі, сондықтан сүртінген кезде суықтық стресс айқын болады[4].  Су құйынғаннан кейін теріні құрғатпау арқылы біз пайда болған теріс зарядты су үлпегіне денедегі зиянды зарядтарды  жююға мүмкіндік береміз. Мұнымен қатар теріс зарядты су үлпегі әсерінен  тері бетіндегі бактериялардың оң заряды бейтараптанып, соның нәтижесінде бактериялар өздерінің белсенділігін жоғалтады. Бұл дегеніміз теріде пайда болатын қабыну аурулуры азаяды деген сөз.

Су құюдың соңына қарай дене температурасы жасушалар маңында 42,20 С-қа дейін көтеріледі, бұл өз кезегінде ағзаның табиғи жолмен ауру жасушаларды жоюына әсер етеді, сонымен қатар 100 түрлі  вирустарды – салқын тиіп ауру қоздырғыштарын құртады [5].

Сонымен ұсыныстарының жиынтығы урбанизацияланған аумақта адам ағзасына экологиялық факторлардың әсерінің алдын алу мақсатында қолдануға өте перспективалы.

Жұмыс мақсаты: дене шынықтыру әсерінің суықтық стресстік факторының иммунитетке әсерін зерттеу.

Материалдар мен әдістер: Зерттеу төрт кезеңмен жүргізілді: суық сумен сауықтыруға дейін және күнделікті жүргізіп бастағаннан 3, 6, 12 айдан кейін (I, II, III,кезеңдерге сәйкес келеді). Сауықтыру шарасы, балалар таңертең және кешке күніне 2 рет денеге суық су (+20° С) құйып, содан кейін тыныс гимнастиканың  элементтерімен мөлшерлелген физикалық жаттығумен 15–20 минут  айналысады.  Зерттеуге  32  мектепке дейінгі балалар алынып, зерттеуден кейінгі 2-4 кезеңдердегі иммундық жүйе функционалдық жағдайы сипатталды.

Талқылау: Лимфоциттер саны 2 кезеңде өзгеріссіз бұрынғы күйінде қалды, 3 кезеңде өсу тенденциясы байқалды, бұл 4 кезеңде де жалғасын тапты.

Нөлдік лимфоциттер деңгейі динамикалық бақылау кезінде өзгермеді. Тотальді Т-жасушалар (Е-РОЛ) құрамы 3 кезеңде айқын жоғарлады. Олардың жоғарлауы зерттеудің 4-кезеңінде де жалғасты. Белсенді Е-РОЛ-дың зерттеудің 2-кезеңіннен ақ сандарының өсуі сезілсе, 3-кезеңде айырмашылық тіпті айқын болады, ал зерттеудің аяқталу кезеңінде осы жасушалар саны алғашқы деңгейіне қайта келеді.

Ауторозеткатүзуші лимфоциттер саны 3-кезеңге қарай айқын жоғарлайды, зерттеудің соңғы кезеңінде қалпына келеді. Т-хелперлер қанда зерттеудің 2-кезеңінде айқын жоғарлайды да бұл құбылыс 3-4 кезеңдерде де байқалады. Ал Т-супрессорлар саны зерттеудің барлық кезеңдерде онша өзгермеді.

Әсіресе  гуморальді иммундық жауаптың көрсеткіштеріндегі өзгерістер өте айқын болды.

Байқағанымыздай сарысулық иммуноглобулин А-ның көлемі зерттеудің 2-3 кезеңінде  төмен түседі де, соңында бұрынғы деңгейіне келеді.

Қан сарысуындағыдағы Lg A және Lg M концетрациясы керісінше екінші кезеңнен бастап-ақ жоғалап, бұл 3-4 кезеңдерде сақталады. Дені сау балаларда  Lg G концентрациясы қан сарысуында өткізген шаралар әсерінен өзгермеді.

1-кезеңмен салыстырғанда фагоцитарлық белсенділіктің жоғарлауы байқалды: 2-кезеңде 28 баладан 16-да (57,1%), ал 3-кезеңде – 14 балада (50%), 4-кезеңде 18 балада (64,3%). Бір сөзбен айтқанда 5-6 ай жүргізген шынықтыру шаралары нәтижесінде зерттеу жүргізгендердің жартысында нейтрофилдердің фагоцитарлық  белсенділігі бастапқы мәнінен жоғарлауы байқалды.

Зерттеу кезінде біз кейбір зертханалық көрсеткіштердің төмендегенін байқадық: сарысулық LgG деңгейінің төмендеуі. Бұл шынықтырудың бастапқы кезеңінде – ерте бейімделу кезеңінде қабыну ауруларының жиілеуімен түсіндіріледі. Бір сөзбен айтқанда шынықтырудың алғашқы 1,5 айы – бұл өте жауапты кезең, бұл кезеңде кейбір бейімделу үрдістерінде олқылықтар жиі байқалады.

Дегенмен біз шынықтырудың осы кезеңдерінде LgМ, LgG, LgА –ның деңгейлерінің қан сарысуында жоғарлағанын байқадық. Айтқанымыздай, LgА текті антидене аяқталған фагоцитозды белсендіреді, себебі арнайы гранулоциттерден гидролаздың бөлініп шығуына әсер етеді. Шынықтырудың осы кезеңінде Т-хелперлердің құрамының жоғарлауы гуморальды иммундық жауаптың белсенгенін көрсетеді.

Сонымен гуморальды иммундық жауаптың белсенгенін қан сарысуында  айналымдағы иммундық жиынтық концентрациясының жоғарлауы дәлелдейді. Антиген-антидене иммундық жиынтықтың түзілуі кез келген иммундық реакцияның міндетті кезеңі, бұд патогенді микробтар, токсиндер және т.б. патогенді заттарды элиминациялауды қамтамасыз етеді.

Осылайша мини-стресс нейро-эндокриндік үрдістерді құнтты белсендіру түрі болумен қатар иммунитеттің бір қатар реакцияларын іске қосушы фактор. Егер мини-стресс шақыратын шынықтыруды ары қарай жалғастырса ағзада қосымша қорғаныс реакциялары іске қосылады ( зерттеудің 3-кезеңінде лейкоциттер мен ерте Е-РОЛ, ЕАС-РОЛ сандарының көбеюі). Сонымен қатар бақылаудың 3-кезеңінде  ағзаның сенсибилизациялану және аллергия шақыру  қаупі  жоғарлайды, бұған ауто-РОЛ сандарының көбеюі мен LgЕ-нің жоғары деңгейінің жиі анықталуы дәлел. Тек шынықтырудың 5-6 айларында

Ағзада шүбәсіз сауығу  болады, бұл кезде 2-3 кезеңде қан сарысуында  төмендеген LgА деңгейі қалпына келеді, 3-кезеңмен салыстырғанда ағзаның ауто-сенсибилизациялық көрсеткіші – Ауто-РОЛ құрамы айқын төмендейді, ал 2-кезеңмен салыстырғанда арасында табиғи киллер үлес салмағы жоғары нөлдік жасушалар саны өседі.

Иммунитетті жоғарлату үшін ағзаға цинкнің жеткілікті көлемі түсіп тұру керек. Цинк микроэлементі кебек нанда, етте, жұмыртқа сары уызында, қарақұмық, сәбіз, асқабақ, қиярда көп.

Иммундық үрдістің белсенуі ағзаға селен микроэлементінің түсуіне байланысты. Селен  сарымсақ, бауыр, балықта көп болады.

Қорытынды: табиғи-сауықтыру шараларымен шұғылданған кезде бірінші айларда ағзаның бейімделуі жүріледі де кейбір балаларда ол пульстің, артериалдық қысымның, тыныс алу жиілігінің тұрақсыздығымен және аурулардың өршуімен, салқын тиіп аурумен көрінуі мүмкін. Бірақ шынықтыруды ары қарай жалғастыра берсе антропометриялық және клиника-иммунологиялық көрсеткіштері, жалпы денсаулық жағдайының тұрақты жақсаруы байқалады.  Бұл ауа бассейні түрлі улы заттармен ластанған соның ішінде ауыр металл тұздарымен ластанған Алматы қасасындағы балалардың иммундық жүйесі қызметін жақсартуда бірден бір шынықтыру тәсілі болып табылады.


 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1       Малахов Г.П. Закаливание и водолечение. – М.: Сталкер, 2007.- С.176.

2       Шахиева А.М. Медико-социальная оценка здоровья и образа жизни студентов-медиков//Актуальные проблемы оздоровления населения природными факторами: сб.тр. Междун. науч.-практ. конф., посвящ. году здоровья. – Алматы: 2002. – С. 70–71.

3       Егоров Б.Б., Змановский Ю.Ф. Система эффективного закаливания // «Начальная школа.». -2000.- №7.- С.15-16.

4       Палтушева Т.П. Физиологические механизмы закаливания организма природными факторами: автореф. .   канд. мед. наук. – Алматы: 2006.  — 20с

5       Золотарев Ю.Г. Постарайся быть здоровым. – СПб.: Диля, 1999. — С.240.

 

 

 

 

 

 

 

 

А.ЗУЛХАЖЫ,  А.К. КАТАРБАЕВ, И.З. МАМБЕТОВА, А.Б. СМАГУЛОВА, А.Ж. ЖАДЫКОВА

ВЛИЯНИЕ ОЗДОРОВИТЕЛЬНОГО ЗАКАЛИВАНИЯ НА КЛИНИКО-ИММУНОЛОГИЧЕСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ  У  ДЕТЕЙ   ДОШКОЛЬНОГО  ВОЗРАСТА

 

Резюме:  Нами изучено влияние оздоровительного закаливания через 3, 6, 12 месяцев на клинико-иммунологические показатели 32  детей   дошкольного возраста. Регулярное и продолжительное  оздоровительное  закаливание  улучшило иммунологические показатели у детей: повысился уровень Ig G , IgA , IgМ, общих Т-лимфоцитов и фагоцитоза, снизился уровень  IgЕ.  При проведении закаливающих мероприятий, в первые 3 месяца у детей возможно повышение респираторной заболеваемости, но в дальнейшем отмечается улучшение физических показателей развития и снижение индекса острой заболеваемости.

Ключевые слова:  иммунитет, закаливание, дети дошкольного возраста.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

A.ZULKHAZHY, A.K.KATARBAYEV, I.Z.MAMBETOVA, A.B.SMAGULOVA, A.ZH.ZHADYKOVA

INFLUENCE OF  IMPROVING  HARDENING  ON  СLINIKO-IMMUNOLOGICAL  INDICATORS  AT CHILDREN OF PRESCHOOL AGE

 

Resume: We studied influence of  improving  hardening  through 3, 6, 12 months on сliniko-immunological indicators of 32 children of preschool age. The regular and long improving  hardening  raised immunological indicators at children: the level Ig G, IgA, IGM, the general T-lymphocytes and phagocytosis, the IgE level decreased.  When tempering actions have been carried out, the first 3 months it is seems possibility of increasing respiratory incidence at children, but further improvement of physical indicators of development and decrease in an index of sharp incidence is noted.

Keywords: immunity, hardening, children of preschool age.

 

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ