ТІЗЕ БУЫНЫНЫҢ ДЕФОРМАЦИЯЛЫҚ ОСТЕОАРТРОЗЫНЫҢ РЕНТГЕНДИАГНОСТИКАСЫ

23 Jan 2014

УДК 616.314-073.75:616.728.3-007.24

 

Қ.Т. ҚҰЛАЕВ, Н.Т. ТАШПАКОВА

Х.А.Ясауи атындығы ХҚТУ,Шымкент қ.,Қазақстан Республикасы

Жалпы буын патологиялар ішінде деформациялық остеоартроз 60—80% құрайды. Адам жасының ұлғайуына байланысты аурудың көрсеткіштері де көбейеді.Әсіресе  50 жастан кейін  деформациялық остеоартроз 27%,ал 65 жастан кейін-97%. Әйелдер остеоартрозбен еркектерге қарағанда екі есе көп ауырады.

Түйінді сөздер: деформация, остеоартроз, дистрофия, деструкция, ауру, буын, рентнегография. 

 

 

Деформациялық остеоартроз тізе буынының дегенеративті –дистрофиялық ауру түріне жатады. Остеоартроздың негізгі белгілері шеміршектің біріншілік дегенерациялық өзгеріске ұшырауы, буындағы сүйекқаптың жұқаруы,талшықтардың ыдырауы, сүйек өзгерістері мен буын беттерінің конгруэнтігінің бұзылуы. Тізе буынның  деформациялық остеоартрозын анықтауға қазіргі кезде әр түрлі инструментальды зерттеулерді қолданады: рентгенография ,артроскопия, ультрасонография,компьютерлік томография, сцинтиграфия. Оңтүстік өңірде соңғы жылдары жаңа заманауи медициналық құралдардың пайда болуының есебінен, тізе остеоартроздарының алғашқы белгілерін анықтаудың  мүмкіншіліктері артып отыр . Остеоартроздың рентгенологиялық сатыларын анықтауға Келлгрен  мен Н.С.Косинскийдің  классификациясын қолданады, берілген классификация буынаралық саңылаудың тарылуына, субхондралды остеосклерозға және сүйек  басының  шетіндегі өсінділер  симптомдарының  қандай дәрежеде көрсетілгенін бағалауға негізделген және ол төрт сатыдан тұрады [1, 2]. Тізе буынының зерттеудегі рентгенография ауруының горизантальды жағдайдағы проекциясынан басқа, ауруды вертикальды жағдайда зерттеу методикасы бар. В.А.Попованың (1986)тұжырымы бойынша аурудың горизантальды жағдайдағы проекциясынан тізе буынындағы рентгенологиялық өзгерістер толық мәлімет бермейді,вертикальды бір буынға салмақ салған проекциясында рентгенологиялық өзгерістер шынайы байқалады [3]. Messich (1990) тұжырымы бойынша тізе буынының  остеоартрозын анықтаудағы ең жақсы жағдайы, тізе буынының вертикальды проекцияда  28° бүгуі болып табылады [4]. Биомеханикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша,  сан сүйек айдаршығының артқы гиалинді шеміршектің алғашқы зақымдануы тізе буынының вертикальды проекцияда  28° бүккенде жақсы байқалады. Тізе буынындағы алғашқы өзгерістерді байқауға рентгенологиялық буынаралық саңылаудың тарылуы (РБСТ) патологиясы кезінде  рентгенологиялық буынаралық алаңының латералды және медиалды бөлімі деген түсінік енгізілді. РБСТ жоғарғы және төменгі шекарасын анықтауға буын беттерінің контурының гиалинді шеміршекпен қапталған анатомиялық бөлігі алынды. Буын шеміршектерінің көлемінің кішірейуі сонымен қатар рбст остеоартроздың патологиялық белгілері болып табылмайды,  мұндай өзгерістер ревматоидті артриттерде, инфекцияда т.б.ауруларда кездеседі. РБСТ  диагностикалық      остеоартроздың негізгі белгісі болып табылатын  деректер,қосымша остеофиттер, шеміршек склерозы, субхондралды киста симптомдары . Остеофиттер остеоартроз кезінде рентгенограммада алғашқы белгілердің бірі болып жақсы анықталады. Остеофиттер патологиялық процесстен басқа сүйектің физиологиялық қартайудың    белгісі, әсіресе 50-жастан кейін сүйекте остеофиттер көбейеді. Диагностикалық  маңыздылығы тек шеткі сүйек остеофиттері, үлкен жіліншіктің сүйегінің айдаршық аралық аймақтың пролиферациясымен, жуандауы диагностикалық маңызы төмен, өйткені 50-жастан кейін бұл құбылыс жиі кездеседі, клиникалық белгілер бермейді.

Гоноартроздың рентгенологиялық классификация Келлгрен бойынша:

I стадиясы   сүйек структурасының кисталық өзгерістері, сызықты остеосклероз шеміршек асты бөлімінде, сүйек шетіндегі кіші остеофиттердің пайда болуы.

II стадиясы – I стадиядағы патологиялық белгілерден басқа, үдемелі остеосклероз және буынаралық саңылаудың тарылуы.

III стадиясы – үдемелі шеміршек асты остеосклероз және буынаралық саңылаудың тарылуының күшейуі, сүйек шетіндегі үлкен остеофиттердің пайда болуы.

IV стадиясы- сүйек шетіндегі үлкен массивті остеофиттер, буын аралық саңылаудың тарылуы күшейіп, байқалуы қиындайды, буын құрайтын сүйек эпифизінде деформация пайда болады.

ТМД елдерінде Н.С. Косинскаяның  гонартроз кезінде рентгенологиялық классификациясы жиі қолданылады.

I стадиясында – сүйек шетіндегі  остеофиттердің, буынаралық саңылаудың аздап тарылуы   байқалады.

II стадиясында – буынаралық саңылаудың  тарылуы күшейеді, шеміршек асты остеосклероз.

III стадиясында – буынаралық саңылаудың тарылуының күшейуі, сүйек структурасының кисталық өзгерістері, буын беттерінің жұқаруы.

Көрсетілген жұмыстың материалдары 98 пациентті зерттеулерінің қор ытындысы, соның ішінде 80-і гоноартозбен, 18-і бақылаудағы топ. Жалпы клиникалық зерттеулерге пациенттің шағымдары, анамнез, зертханалық көрсеткіштер  және рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысы   алынды. Тізе буынының зерттеу дәстүрлі рентгенография арқылы жүргізілді.

ДОА диагностикасы шеміршек асты остеосклероз және буынаралық саңылаудың тарылуымен оның дәрежесіне, сүиек шетіндегі остеофиттердің пайда болуы, буын құрайтын сүйек эпифизінде деформация негізделді. ДОА сатыларын J. Kellgren классификациясын пайдаландық. Дәстүрлі рентгенографияның көрсеткіштері бойынша ДОА тұрақты рентгенологиялық белгілердің бірі тізе буынының рентгенологиялық буынаралық саңылау мен биіктігінің төмендеуі(100% ДОА барлық сатысында) байқалады. Келесі рентгенологиялық симптомдардың бірі шеміршек асты остеосклероз(72%  1 стадиясында және 100%  қалған стадияларында). Сүйек шетіндегі  остеофиттер(61% 1 стадиясында және 100%  қалған стадияларында). Зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйене отырып ДОА рентгенологиялық алғашқы белгілері болып рентгенологиялық буынаралық саңылаудың таралуы мен биіктігінің төмендеуі  және бұл рентгенологиялық симптом рентгенографияны дұрыс жасаған кезде байқалады. Тізе буынның функционалды рентгенографиясы ауруды тік тұрған жағдайда алдынан тік проекциясында зерттеуге алынған буынға салмақ салу арқылы жүргізіледі. Бірінші рентген түсірілімі тізе буынның тік ұстаған жағдайда, екінші түсірілім тізе буынның 30° градусқа игенде  түсірілді. Рентгенограмманың планиметриясы түзелді және ол келесі алгоритмде жүргізілді:сүйек элементтерінің контуры, буынаралық саңылаудың  құрылымы, рентгенограммадан қағаз бетіне түсіріліп сканер арқылы рет-ретімен  компьютерге енгізілді. Белгілі алгоритмді қолдану арқылы  буынаралық саңылаудың аумағының ара-қашықтығын анықтаймыз. Тізе буындағы медиалды және латералды алаңдағы қарым-қатынастары буынаралық саңылаудың обьективті шынайы көрсеткішті көрсетеді, рентгенограммадағы гиалинді шеміршектің өзгерістерін көрсетеді. ДОА стадиялары латериалды және медиалды  рентгенологиялық буынаралық саңылау алаңындағы қарама-қарсы қатынастарда 30° тізе буынын бүкенде байқалады. Қалыпты жағдайда 0,05±0,007, 1 стадияда- 0,13±0,006,2стадияда- 0,18±0,011,3 стадияда-0,18±0,011. Қалыпты жағдаймен 1 стадия арасындағы көрсеткіш (Р<0,001),1, 2 стадия арасындағы нақты алшақтық (Р<0,05),2,3стадия арасында алшақтық (Р<0,001).  Көрсетілген мәліметтер тізе буынның рентгенопланиметриясы функциональды рентгенографияда ДОА обьективті шынайы өзгерістерін көрсетеді. Функциональды рентгенография  тізе буынға жүктеме тәсілі 10 пациентке, дәстүрлі рентгенографияда байқалмайтын патологиялық өзгерістері анықталды, рентгенолгиялық буынаралық саңылаудың тарылуының алғашқы белгілері анықталды. 6 пациентке ДОА ауыр дәрежесі табылды. Қорыта келе 14 пациенттің диагнозы өзгеріске ұшырады.

Қорытынды: жаңа функциональді рентгенографии тізе буынға жүктеме салғандағы рентгенограмма ДОА нақты салыстырма жасауға, белгілі классификация сәйкестендіруге ықпал етеді. Жаңадан енгізілген рентген методика қосымша қаржыны керек етпейді және барлық рентген бөлімдерінде қолдануға болады.


 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1       Kellgren J.H., Lawrence J. S. // Ann. Rheum. Dis. — 1957. — V. 16. — P. 494.

2       Косинская Н.С., Рохлин Д.Г. Рабочая классификация и общая характеристика поражений костно-суставного аппарата. — Л.: Медгиз, 1961.

3       Попов В.А. // Клинико-рентгенологическая диагностика деформирующего артроза коленного сустава. — М.: 1986. — С. 4—15.

4       Messich S.S., Fowler P.J., Munno T. // J. Bone Joint. Surg. — 1990. — V.72. – N4. — P. 639—640.

 

К.Т. КУЛАЕВ, Н.Т. ТАШПАКОВА

РЕНТГЕНОДИАГНОСТИКА ДЕФОРМИРУЮЩЕГО ОСТЕОАРТРОЗА КОЛЕННОГО    СУСТАВА

 Резюме: среди суставной патологии ДОА составляет 60—80%. С возрастом частота болезни увеличивается. Так, среди лиц старше 50 лет ДОА достигает 27%, а старше 65 лет — 97%. Женщины болеют остеоартрозом почти в 2 раза чаще мужчин.

Ключевое слова: деформация, остеоартроз, дистрофия, деструкция, заболевание, сустав, рентгенография.

 

 

 

 

K.T. KULAEV, N.T. TASHPAKOVA

RADIODIAGNOSIS DEFORMING OSTEOARTHRITIS OF THE KNEE

Resume: Among the articular pathology DOA is 60-80%. With age, the incidence of the disease increases. For example, among persons over 50 years of DOA reaches 27%, and over 65 years – 97%. Women suffer from osteoarthritis is almost 2 times more often than men.

Keywords: deformity, osteoarthritis, degeneration, destruction, disease, joint, radiodiagnosis.

> K�[tl�� � di-font-weight:normal’>

 

 

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

1         Колобов С. В., Зайратьянц О. В., Попутчикова Е. А. Морфологические особенности острых эрозий и язв желудка у больных инфарктом миокарда при лечении препаратом Лосек // Морфологические ведомости. – 2002. – №3–4. – С.800–882.

2         Верткин А.Л., Зайратьянц О.В., Вовк Е.И. Поражение желудка и двенадцатиперстной кишки у больных с острым коронарным синдромом //Лечащий врач. – 2005. – №1. – С.66-70.

3         Сумароков А.Б., Бурячковская Л.И., Учитель И.А. Кровотечения у больных с ишемической болезнью сердца при проведении терапии антиагрегантами // Cardio Соматика. – 2011. – № 3. –С.29–35.

4         Шилов А.М.,  Осия А.О. Ишемическая болезнь сердца, желудочно-кишечные кровотечения и железодефицитная анемия: принципы диагностики и лечения // Лечащий врач. – 2012. – №5. – С.35-39.

5         Силуянов С.В., Смирнова Г.О., Лучинкин И.Г. Кровотечения из острых язв желудка и двенадцатиперстной кишки в клинической практике //Русс.мед.журнал. – 2009. – № 5. – С. 8.

6         Cook D.J., Reeve B.K. , Guyatt G.H. et al: Stress ulcer prophylaxis in critically ill patients : Resolving discordant meta–analyses . JAMA 1996. – 275. – P. 308–314.

7         Гельфанд Б.В., Гурьянов В.А., Мартынов А.Н. и др. Профилактика стресс-повреждений желудочно-кишечного тракта у больных в критических состояниях // Consilium Medicum. – 2005. – №6. – С.464.

8         Верткин А.Л., Фролова Ю.В., Петрик Е.А. и др. Профилактика желудочно-кишечных кровотечений при обострении ишемической болезни сердца //Consilium Medicum. – 2008. – №2. – С.56.

 

 

 

 

Б.С.ИСКАКОВ1, К.А.СЕЙТБЕКОВ2, В.И.ЛАПИН2,  А.М.КЕНЖЕБАЕВ2, А.Е.МАХУАЮНОВ2  

ЖЕДЕЛ МИОКАРД ИНФАРКТІСІ БАР НАУҚАСТАРДАҒЫ ГАСТРОДУОДЕНАЛДЫ ҚАН КЕТУДІҢ ЫҚПАЛДАРЫН

 БАҒАЛАУ

 

Түйін: Жедел миокард инфарктісі бар науқастардың шырышты қабатының эрозивті және ойық жаралы зақымдалуы гастродуоденалды аймақтың ишемиясымен және микроциркулциясының бұзылыстарымен байқалады. Бұл науқастарда асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің қауіпті ықпалдары: анамнезіндегі ойық жара ауруы болатыны, антиагегантті терапия, инвазивті кардиоверсия.

Түйінді сөздер: миокард инфарктісі, эрозивті және ойық жаралы зақымдалу, асқазан-ішек жолдарынан қан кету.

 

 

 

 

 

 

 B.ISKAKOV1, K.SEYTBEKOV2, V.LAPIN2, A.KENZHEBAYEV2, A.E.MAKHUAYUNOV2

ASSESSMENT OF RISK OF GASTRODUODENAL BLEEDING AT PATIENTS WITH THE ACUTE MYOCARDIAL INFARCTION

 

Resume: Patients with a sharp myocardial infarction have erosive and ulcer damages of a mucous membrane, are caused by ischemia and violation of microcirculation of a gastroduodenal zone.  Risk factors of gastrointestinal bleedings at this category of patients are:  “ulcer” anamnesis, antiagregantny therapy, invasive cardioversion.

Keywords: myocardial infarction, erosive and ulcer damages, gastrointestinal bleedings.

pport� 8ks>� `�yle=’font-size:9.0pt;font-family:”Calibri”,”sans-serif”;mso-ascii-theme-font: minor-latin;mso-hansi-theme-font:minor-latin;mso-bidi-font-family:Calibri; mso-bidi-theme-font:minor-latin;color:black;letter-spacing:.2pt’>5       Золотарев Ю.Г. Постарайся быть здоровым. – СПб.: Диля, 1999. – С.240.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А.ЗУЛХАЖЫ,  А.К. КАТАРБАЕВ, И.З. МАМБЕТОВА, А.Б. СМАГУЛОВА, А.Ж. ЖАДЫКОВА

ВЛИЯНИЕ ОЗДОРОВИТЕЛЬНОГО ЗАКАЛИВАНИЯ НА КЛИНИКО-ИММУНОЛОГИЧЕСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ  У  ДЕТЕЙ   ДОШКОЛЬНОГО  ВОЗРАСТА

 

Резюме:  Нами изучено влияние оздоровительного закаливания через 3, 6, 12 месяцев на клинико-иммунологические показатели 32  детей   дошкольного возраста. Регулярное и продолжительное  оздоровительное  закаливание  улучшило иммунологические показатели у детей: повысился уровень Ig G , IgA , IgМ, общих Т-лимфоцитов и фагоцитоза, снизился уровень  IgЕ.  При проведении закаливающих мероприятий, в первые 3 месяца у детей возможно повышение респираторной заболеваемости, но в дальнейшем отмечается улучшение физических показателей развития и снижение индекса острой заболеваемости.

Ключевые слова:  иммунитет, закаливание, дети дошкольного возраста.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

A.ZULKHAZHY, A.K.KATARBAYEV, I.Z.MAMBETOVA, A.B.SMAGULOVA, A.ZH.ZHADYKOVA

INFLUENCE OF  IMPROVING  HARDENING  ON  СLINIKO-IMMUNOLOGICAL  INDICATORS  AT CHILDREN OF PRESCHOOL AGE

 

Resume: We studied influence of  improving  hardening  through 3, 6, 12 months on сliniko-immunological indicators of 32 children of preschool age. The regular and long improving  hardening  raised immunological indicators at children: the level Ig G, IgA, IGM, the general T-lymphocytes and phagocytosis, the IgE level decreased.  When tempering actions have been carried out, the first 3 months it is seems possibility of increasing respiratory incidence at children, but further improvement of physical indicators of development and decrease in an index of sharp incidence is noted.

Keywords: immunity, hardening, children of preschool age.

 

News

All


Video


Gallery

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Useful databases

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


About the journal

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Indexed by

Asfendiyarov Kazakh National Medical University

© 2021 KazNMU