ҰРЫҚ МЕТАНЕФРОСЫНДА НЕЙРОМЕДИАТОР КЕЗЕҢІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

23 Jan 2014

УДК 616.61

 

Қ.Е.ОСПАНОВ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университеті, фтизиатрия және сәулемен анықтау кафедрасы

 

 

Адам эмбриондарында бүйрек дамуын жалпы гистологиялық, нейрогистология және нейрогистохимиялық әдістермен зерттелді. Екіншілік бүйрек  нерв  аппараттарында нейромедиаторлар  пайда болды. Эмбрионалдық даму процесінде бірнеше типті нефрондар пайда болды.  Эмбриогенездің 11-12 ші  аптасында метанефроста типтік  нефрондар анықталды. Осы кезеңде қан-тамыр бойымен  алғашқы  нерв талшықтары  пайда болды, сол нерв талшықтарынан    катехоламин синтезінің  алғашқы белгілері анықталды.

Түйін  сөздер: нейрогистология, эмбрион, катехоламин, нейромедиатор.

    

 

Адам эмбриогенезінде вегативті нерв жүйесінің дамуы біріншілік және екіншілік бүйректерді симпатикалық және парасимпатикалық нервтелудің дамуы мен медиаторлық жүйенің қалыптасуына арналған көп кешенді зерттеулердің маңызы зор болып келеді. Вегативті нерв жүйесінің медиаторлыққа дейінгі кезең және медиаторлық кезеңдегі қалыптасулары мен медиаторлық деңгейдің қызмет етуі зеттеуді талап етеді [1].

Негізгі нейромедиаторларды өте аз мөлшерде анықтай алатын нейрогистохимиялық, нейроморфологиялық әдістердің пайда болуы эмбриогенезді холинергиялық және адренергиялық нервтелудің дамуы зерттеулерге үлкен заманауи маңызды ақпараттар берді [2].

Зерттеу әдістері мен материалдарды зерттеуді құрсақ ішілік 4-12 аптасындағы адам эмбриондарының сериялы кесінділері алынған. Нейрогистологиялық әдістермен (Вейгерт, Нисель бойынша эмбриондардың препараттарына бүйрек нервтелуінің алғашқы белгілері 5, 5-6-шы аптасында анықталған). Метанфростың дамуы, мезонфростың дамуы әлі жалғасып жатқан кезде басталады. Эмбриогенездің 5-ші  аптасында метанефрон тіні аз дифференцияланған, капсуласы анық емес, бірақ денешіктермен түтікшелер бастамалары қалыптасқан [3].

Дамып келе жатқан бүйректің нервтелуі омыртқа алдындағы өрімінің  қалыптасуынан басталады. Омыртқа алдыңғы өрімінің нерв талшықтарының колибрі әртүрлі және түрлі белсенділікке боялады. Олар болашақ симпатикалық сабаудың алғашқы нерв талшықтарын құрайды. Эмбриогенездің сол мезгілінде қалыптасып келе жатқан жұлындық ганглилер басқа мүшелердің бастамаларына қарағанда салыстырмалы ірі болады. Дамудың осы сатысында (метанефроста) нерв талшықтар анықталмайды, тек эмбриогенездің 6-7-ші аптасында омыртқа алдыңғы өрімнен метанефросқа қантамыры бойымен бағытталған нерв талшықтары шығады. Бүйректің нерв өрімінен болашақ бүйрек нерв аппараты қалыптасады [4].

Нейрогистохимиялық әдістермен метанефроста ацетилхолинэстаразаға (АХЭ) оң мәнді реакция 9-шы аптада бүйрек артериясы бойынша алғаш рет анықталды. 10-шы аптада метанефроста АХЭ-ға оң мәнді нерв құрлымдарында өзекшелер бойында анықталған. Бұл кезде бүйрек денешіктерінің пішіні анық көрінеді, бірақ айналасында АХЭ реакция өнімдері көрінбейді. Құрсақішілік дамудың 11-ші аптасында АХЭ-ға оң мәнді реакция метанефростың медуляторлы аймағында өзекшелер айналасында, ал қыртыс аймақта бүйрек денешіктері маңайында анықталған. Эмбриогенездің 12-ші аптасында метанефроста интрамуральді нерв аппараты екіншілік бүйрек ұлпасының барлық бөлігінде көрінеді [5].

Зерттеудің нейрогистрохимиялық әдістері құрсақ ішілік дамудың тек 11-ші аптасында периваскулярлы өрім түзейтін нерв талшықтарында алғаш рет көк-жасыл люминисценция анықталды. Осы кезде катехоламин синтездерінің жедел өсуі байқалады.  Люминисценелетін адренергиялық нерв құрылымдарының саны көбейеді және жылтырау белсенділігі анық болады. Эмбриогенездің 12-ші аптасында люминисценция артерия пішінін нақты белгілеп қоймай, қоршап жатқан кеңістікке адренергиялық нерв терминалдарын береді. Сонымен қатар қыртыс бөлігінде де байқалады. Сонымен қатар адренергиялық нерв құрылымдарының саны көбейеді.

Қорытынды: Эмбриогенездің 10-шы аптасына дейін ацетилхолин нейромедиаторының синтезінің белсенділігі өседі. Ал катехоламин нейромедиаторының синтезі 11-ші аптасында басталады, 12-ші аптада метанефростың бүкіл ұлпасын  алатыны басымдылығы байқалады.

Метанефросты адренергиялық нерв құрлымдарының дамуы холинергиялыққа қарағанда екі аптадай кешігеді, бірақ жедел дамиды. 12-ші аптада нервтелудің адренергиялық нервтелу белсенділігі мен тығыздығы бойынша артады.

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1              Гармашева Н.Л. Критические периоды развития центральной нервной системы человека в раннем онтогенезе.//Архив анат. – 1988. – 6. – С. 9-15.

2               Швалев В.Н. Иннервация сердца.- М.: Наука, 1992. – 365 с.

3       Никитин А.И. Достижения медицинской эмбриологии и успехи в лечении бесплодия//Морфология. – 1996. – №5. – С.7-14.

4       Кнорре   А.Г.,   Суворова   Л.В.   Развитие   вегетативной   нервной   системы   в   эмбриогенезе. –   М.: Медицина, 1984.-269 с.

5       Кнорре А.Г. Эмбриональный гистогенез. – Л.: Медицина, 1989. – 432 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

К.Е.ОСПАНОВ

ФОРМИРОВАНИЕ НЕЙРОМЕДИАТОРНОГО ПЕРИОДА В МЕТАНЕФРОННОМ ЭМБРИОНЕ.

 

Резюме: Общегистологическими, нейрогистологическими и нейрогисто-химическими методами у эмбрионов человека изучено развитие  почки и особенности появления нейромедиаторов в нервном аппарате вторичной  почки. Выявлено, что в процессе эмбрионального развития   возникают несколько типов нефронов, а на 11-12 неделе эмбриогенеза в  метанефросе появляются     типичные  нефроны. В этот период по ходу кровеносных  сосудов   выявляются   первые   нервные   волокна,   у   которых   обнаруживаются   первые   признаки   синтезы катехоламинов.

Ключевые слова: нейрогистология, эмбрион, катехоламины, нейромедиаторы.

 

 

 

 

 

 

K.E. OSPANOV

THE FORMATION NEUROTRANSMITTER STAGE IN THE EMBRYO METANEPHRIC.

 

Resume: Generalhystological, neurohistologikal and neurohistochemikal medhods of human’s embryaes have been studied the development of the kidneys and peculiarities  of neuromediators appearance in  nerve apparatus of second kidneus. Reveal, that in the process of the development arice several nephron types, and in 11-12 weks of embryogenesis in  metanephos  appear typical nephrons. In this period in nervous fibers founded by the way of blood vessels are being discovered nervous signs of synthesic katecholomines.

Keywords: neurohistologikal, embryaes, katecholomines, neuromediators.

 

Жаңалықтар

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индекстелген

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

© 2021 ҚазҰМУ