МЕКТЕПТЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ПАРТАЛАРЫН ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ

25 Sep 2014

ӘОЖ 613.5:645.444:372

 

Г.А. Арынова, А.Қ. Жанаділ, А.К. Текманова, А.Д. Илиясова   

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы 
ҚазҰМУ

 

Оқушы партасына қойылатын талаптардың дұрыс сақталмауының нәтижесінен балаларда дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, дене мүсінінің бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады.

Түйінді сөздер: Мектеп парталарына қойылатын гигиеналық талаптар, оқушылар, дистанция, дифференция, оқушыларды партада дұрыс отырғызу.

 

Зерттеу жұмысыныңөзектілігі. Оқу тәрбие мекемелерін қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудыңөсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін жоғарлатуда маңызы жоғары.

Негізгі талаптардың біріне оқу столы мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі жатады.

Бұл талаптардың сақталуы балалардың дене бітімі дамуыныңүйлесімді болуына, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына, қызмет қабілетініңұзақ уақыт жоғары болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, көз анализаторы мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарының профилактикалық шаралары ретінде де өте маңызды рөл атқарады. Бұндай талаптар сақталмағанда, жұмыс істеу жағдайыныңқолайсыздығы арта түседі: дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, дене мүсінінің бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады, балалар сабақта тыныш отыра алмай, артыққимыл-қозғалыстары көбейеді. Оқушының дене бітімінің дамуы мен ақыл-ой қызмет қабілетінің дұрыс қалыптасуы үшін сабақта отырғандағы дене тұлғасының дұрыстығы қажет.

Еліміздегі қазіргі мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Ертеден келе жатқан Ф.Ф. Эрисман партасы іспетті орындығы бірге орнатылған екі орынды парталар көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылады. Ол парталар «мектеп парталары» деген мемлекеттік стандартқа орта шамамен алған балалардың дене көрсеткіштеріне байланысты өлшемде жасалады.

Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап оқып, жазу жазғанда көздерінің талмай дұрыс  жұмыс  істеуіне қолайлы. Үстелдіңұзындығы 110-130 см, ені 63-70 см, үстел бетінің сыртқы шеті еденнен 52-79 см биікте болады, дифференциясы 20,5-32 см. Партаның дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта отырғышының арасындағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы оқушы отырғанда денесін тік ұстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау керек. Егер партаның дифференциясы дұрыс  сақталмаса, оқушының омыртқа сүйектері қисаяды, дифференция биік болғанда оң жақ сколиоз, дифференция аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады.                                                                                                        Оқушының дұрыс  отыруын қамтамасыз ететін парта столы мен орындықтың басты 3 көрсеткіші бар. Ол жоғарыда жазылған парта дифференциясы мен арқалық және орындық дистанциялары. Парта орындықтарының арқалық дистанциясы столдың оқушы жақ шетінен орындықтың арқалығына дейінгі аралық. Бұл оқушының көкірек қуысының тереңдігіне байланысты. Оқушы партада отырғанда оның көкірегі мен парта үстелінің шетінде 3-5 см арқалық болуы керек. Отырғыштың аралық дистанциясы аз болғанда оқушының кеудесі столдың шетіне тіреліп, кеуде сүйегі ішіне қисайып өседі де, көкірек қуысындағы тіршілікке маңызы зор жүрек, қолқа тамыры, жоғарғы және төменгі қуыс веналары іспетті үлкен қан тамырларының, өкпе, бауыр, бронхылардыңқызметіне, олардың дұрыс  өсіп жетілуіне зиян келтіреді. Ал арқалық дистанция артық болғанда оқушы жазуды еңкейіп жазады да, омыртқа сүйектері қисықөседі және көздіңқызметіне қолайсыз болып, жақыннан көру дамиды.      Парта орындықтарының дистанциясы деп парта үстелінің оқушы жақ шеті мен орындықтың алдыңғы шетінің арасындағы аралықты айтады. Ол 3 түрлі боладынөлдік, оң және теріс дистанция. Егер столдың шеті мен орындықтың алдыңғы шеті бір деңгейде болса, орындық дистанция  нөлдік, арасында аралық болса — оң, отырғыштың шеті үстелдің астына кіріп тұрса — теріс дистанция болады. Қазіргі гигиеналық талаптар бойынша оқушылардың дұрыс  отыруына 4-5 см теріс дистанция қолайлы. Парта қақпағының ішкі жағына оныңөлшемі көрсетіледі.

Оқушы партасына қойылатын талаптар орындалған жағдайда оқушылардың денесі қисаймай дұрыс  өсіп, яғни оқушылардың дұрыс  өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жасалынады.

Жүргізілген зерттеу жұмысының мақсаты – Алматы қаласы мектептерінің бастауыш сынып парталарына (оқушы столы мен орындық) қойылатын санитарлық талаптарды анықтап, гигиеналық баға беру.

Белгіленген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

  1. Оқу столына қойылатын негізгі өлшемдерді анықтау.
  2. Орындықтарға қойылатын өлшемдерді анықтау.
  3. Парталардың ара-қашықтығын анықтау.
  4. Парталарға гигиеналық баға беру.

Материалдар мен зерттеу тәсілдері

Негізгі зерттеу материалдары ретінде мектептің бастауыш сынып парталары алынды, яғни оқушы столдары мен оқушы орындықтары.

Зерттеу тәсілдері бойынша №149 және №171 жалпы білім беретін мектептері таңдап алынды. Сол мектептердегі бастауыш сыныптардың   оқушы столдары мен оқушы орындықтары өлшегіш ленталармен өлшенді. Арнайы мемлекеттік стандартқа сәйкес, мектеп партасының негізгі өлшемдері алынды. Парталар арасындағы қашықтықөлшегіш лентамен анықталды. Алынған нәтижелер арнайы стандарпен салыстырылып, гигиеналық баға берілді.

Алынған нәтижелер және оларды талдау

Біз Алатау ауданына жататын №149 және №171 жалпы білім беретін мектебінде зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Осы екі мектептің  парталарын, яғни оқушы столдары мен оқушы орындықтарының арнайы өлшемдерін алдық. Бұл екі мектепте де столы мен орындығы бөлек екі орынды парталар үш қатар бойында қойылған.

№149 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныбының оқу парталарыныңөлшемдері анықталды: партаның алдыңғы қырының биіктігі 67см, партаның артқы қырының биіктігі 67см, парта бетінің жазық бөлігінің кеңдігі 44,5 см, парта қуысының кеңдігі 20см, қуыстың биіктігі 47см, қуыстың артқы қыры мен орындықтың алдыңғы қырының ара қашықтығы 14см, орындық биіктігі 42см, орындықтың арқалығына дейінгі тереңдік 39см, орындықтың кеңдігі 28см, орындықтың арқалығының еденге дейінгі биіктігі 60см, орындық арқалығының биіктігі 15см, арқалықтың дистанциясы 36см, дифференция 31см.

Екі орынды столдардыңқатарларының аралығы негізінен 60см, ал зерттеу жүргізген мектепте 80см; столдар қатары мен сыртқы қабырғаның аралығы 50-70см; столдар қатары мен ішкі қабырғаның (немесе сол қабырғада орналасқан шкафтардың ) аралығы 50-70см; ең артқы столдан қабырғаға дейін, қарсысындағы сынып тақтасына дейінгі аралық негізінен 70см, зерттеу жүргізген мектепте 73см; бірінші партадан,оқу тақтасына дейін 2,4-2,2м-ден кем болмауы керек, зерттеу жүргізген мектепте 2м.

№ 171 жалпы білім беретін  мектебінің бастауыш сыныбының оқу парталарыныңөлшемдері анықталды: партаның алдыңғы қырының биіктігі 70см, партаның артқы қырының биіктігі 70см, парта бетінің жазық бөлігінің кеңдігі 50см, парта қуысының кеңдігі 20см, қуыстың биіктігі 44см, қуыстың артқы қыры мен орындықтың алдыңғы қырының ара қашықтығы 15см, орындық биіктігі 42см, орындықтың арқалығына дейінгі тереңдік 37см,орындықтың кеңдігі 33м, орындықтың арқалығының еденге дейінгі биіктігі 60см, орындық арқалығының биіктігі 14,5см, арқалықтың дистанциясы 31см, дифференция 27см.                                                                  Екі орынды столдардыңқатарларының аралығы негізінен 60см, ал зерттеу жүргізген мектепте 75,5см; столдар қатары мен сыртқы қабырғаның аралығы 50-70см; столдар қатары мен ішкі қабырғаның (немесе сол қабырғада орналасқан шкафтардың ) аралығы 50-70см; ең артқы столдан қабырғаға дейін, қарсысындағы сынып тақтасына дейінгі аралық негізінен 70см, зерттеу жүргізген мектепте 75см; бірінші партадан,оқу тақтасына дейін 2,4-2,2м-ден кем болмауы керек, зерттеу жүргізген мектепте 2,5м. Зерттеу бастауыш сынып оқушыларының арасынан бірінші және үшінші сынып оқушыларының арасынан алынды.

Қазіргі кездегі парталар мен бұрынғы стандартқа сәйкес парталардан көптеген айырмашылықтары бар. Мысалға бұрынғы парталар жылжымайтын болған, столы мен орныдығы бірге болған. Ал қазіргі столдар мен орындықтар жеке, бөлек, яғни бірікпеген, ашып-жабылатын қақпағы жоқ, стол бетінде ешқандай еңістік жоқ, беті тегіс, арнайы сөмке қоятын орындары жоқ, бірақ бір жұқа қаңылтырдан жасалған ілгіші бар, оныңөзі әлсіз, тез сынғыш, ал кейбір сыныптардағы парталарда сөмке ілетін ілгіші де қарастырылмаған. Стол мен орындықтың жеке болуы, бастауыш сынып балалары үшін тиімсіз, бала орындықты қалай жылжытқысы келсе де өзі біледі, мұғалімніңүнемі қадағалап отыруы да мүмкін емес. Сыныптағы парталардыңөлшемі бірдей, номенклатура бойынша оқушыларға арналған столдар мен орындықтардың топқа бөлінуі бойынша оқушылардың бойына байланысты жеке топ парталары жоқ. Бір сыныптыңөзінде бой өлшемін жүргізгенде, бой ұзындығы 130 см.-ден 145 см.-ге дейінгі балалар кездесті. Ал стандарт бойынша 130 см-ге дейінгі балаларға А тобының, 130-145 см-ге дейінгі балаларға арналған  парталар Б тобына жатады. Сондықтан бір сыныпта А және Б тобына жататын парталар қарастырылуы қажет.

Жоғарыдағы айтылып кеткен мәліметтер нәтижесі келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу парталары бірікпеген, столдары мен орындықтары жеке.
  2. Оқу столының беті тегіс, ешқандай еңістік жоқ, бұл баланың оқу және жазу кезінде дене кейпін еңкіш ұстауына алып келеді.
  3. Оқу столдарында ашып-жабылатын қақпағы жоқ, оқушы орнынан тұрған сайын орындықты жылжытуға тура келеді, сондықтан стол мен орындық арасындағы арнайы қашықтықүнемі дұрыс сақталмайды.
  4. Оқушы партасына қойылатын талаптардың дұрыс сақталмауының нәтижесі балаларда дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, дене мүсінінің бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады, балалар сабақта тыныш отыра алмай, артыққимыл-қозғалыстары көбейеді, бұл баланың сабаққа деген зейінін төмендетеді.

 

 

әдебиеттер тізімі

1       НеменкоБ. А., Оспанова Г. К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.– Алматы: 2002. – 344 б.

2       Неменко Б. А., Оспанова Г. К. Гигиена детей и подростков. – Алматы: 2007. —  411 с.

3       Кардашенко В.Н., Кондакова-Варламова Л. П., Прохорова М. В., Стромская Е. П., Степанова З. Ф. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. – М.: 1983. — 264 с.

4        «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам воспитания и образования детей и подростков» № исх: 1684   от: 30.12.2011.

5       Кардашенко В.Н., Стромская Е. П., Кондакова-Варламова Л. П., Прохорова М. В.,Дьячкова Н.Г. Гигиена детей и подростков: Учебник. под ред. В.Н.Кардашенко.–2-е изд., перераб. и доп. —  М.: Медицина,1988.-512 с.

6       Гигиена детей и подростков: руководство к практическим занятиям: учебное пособие / под ред. проф. В.Р.Кучмы.- М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. – 560 с.

 

 

 

 

Г.А. Арынова, Жанадил А.К., А.К. Текманова, А.Д. Илиясова

ГИГИЕНИЧЕСКАЯ ОЦЕНКА ШКОЛЬНЫХ ПАРТ НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ

 

Резюме: При не соблюдении гигиенических правил рассаживания учеников начальных классов на школьные парты возникает увеличение искривления позвоночника, их асимметрия, увеличивается нагрузка на мышцы туловища, смещение центра тяжести, которое приводит к вынужденному положению.

Ключевые слова: Гигиенические требование к школьным партам, школьники, дистанция, дифференция, рассаживание учеников.

 

 

G.A. Arynova, A.K.Janadyl,A.K. Tekmanova, A.D. Ilyasova

HYGIENIC ASSESSMENT OF PUPIL SEATS OF INITIAL CLASSESS ON SCHOOL

 

Resume: At not observance of hygienic rules to seat pupils of initial classes on school desks, there is an increase in a curvature of backbones, there is their asymmetry, load of trunk muscles, shift of the center of gravity increases, brings to not compelled situation.

Keywords: Hygienic requirement to school desks, school students, distance,differential, to seat pupils.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ