УНИВЕРСИТЕТТІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫНЫҢ РӨЛІ

25 Sep 2014

УДК  172:361.058.83:378.180.6

 

А.А. Нұрмұханов, Н.Н. Мүсірепов

«Астана медицина университеті» АҚ, Жастар ісі жөніндегі деканат, Астана, Қазақстан

 

 

«Мы ставим великие цели во благо нашего народа, и поэтому я призываю все политические партии, общественные объединения, всех Казахстанцев активно участвовать в работе по достижению главной цели Стратегии-2050! Особо обращаюсь к нашей молодежи. Эта Стратегия — для вас. Вам участвовать в её реализации и вам пожинать плоды её успеха. Включайтесь в работу, каждый на своём рабочем месте. Не будьте равнодушными. Создавайте судьбу страны вместе со всем народом!» — (2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. НазарбаевтыңҚазақстан халқына жолдауынан)

Түйінді сөздер: Студенттердіңөзін-өзі басқаруы, тәрбие, әлеуметтік қызмет, тұлға, жастардыңқоғамдық бiрлестiктерi, кураторлыққызмет, азаматтық позиция, еріктілер ұйымы.

 

Мақсаты:Университеттегі Студенттердіңөзін-өзі басқару қызметін жүйелендіру және жетілдіру.

Міндеттері:

— студенттерді Университеттегі басқару, бақылау және бағалау қызметтеріне әлеуметтік серіктес ретінде тарту;

— студенттер мен Университет әкімшілігі, оқытушы-профессорлар құрамы арасындағы өзара байланысты жетілдіру;

— студенттердің білім, ғылым және тәрбие жұмыстарындағы бастамаларына қолдау көрсетуді, жағдай жасауды нығайту және мотивациялау;

— студенттердіңөзін-өзі басқаруының абыройы мен беделін көтеру;

— студенттік ұйымдардың менеджментін жетілдіру;

— студенттердіңөзін-өзі басқаруына мониторинг жасау;

— патриоттық тәрбие және азаматтық белсенділікті қалыптастыру мақсатында әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруда, студенттердің жауапкершілігін арттыру;

— студенттердіңәлеуметтік жағдайы мен әлеуетін дамыту;

— студенттердің тәрбиелік деңгейін көтеру және тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында Университеттегі кураторлыққызметті дамыту;

Кіріспе: Жастарды тәрбиелеу және оларды әлеуметтік қолдау мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті. Қазіргі таңда  жоғары оқу орындарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – жастардың бойына рухани және адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, әлеуметтік әлеуетін дамытуға ерекше жағдай жасау.[1,2]

Астана медицина университетіндегі тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызмет– жас буынның кәсіби білім алуына, өзін-өзі дамытуына, жетілдіруіне, қоғамдағы белсенді әлеуметтік бейімделу қабілеттілігін арттыруға, қазіргі замандағы қажеттіліктер мен құндылықтар жүйесіне, әлемдік және отандық мәдениеттің дәстүрлеріне бағытталған тұлғаныңүйлесімді дамуы және қалыптасуы үшін жағдай жасауға бағытталған қызмет. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызмет– білім алушылардың және профессорлар мен оқытушылар құрамыныңқоғамдық істерінде білім беру, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру-басқару процестерімен интеграцияланған түрде жүзеге асырылады. Ең бастысы бұл – студент жастарға кәсіби білім беруге, дамытуға, дұрыс тәлім-тәрбие беруге және әлеуметтік қорғауға бағытталған. [3,6]

Студент жастар – өз заманымен қатар қадам басатын, қоғамның алға басушы күші, олардың ішінен әртүрлі салада қызмет ететін тұлғалар қалыптасады. Тұлғаныңқалыптасуына, азаматтық позицияныңқалыптасуына Университеттегі Студенттердіңөзін-өзі басқару органының рөлі өте маңызды. Себебіжаңа әлеуметтік-экономикалық ортадақызмет атқаратын мамандарды тәрбиелеудің,  олардыңқоғамдағы әлеуметтік жағдайын қалыптастырудың және даму заңдылықтарын айқындау ортасының табалдырығы. Студенттердіңөзін-өзі басқаруы, жастардыңқоғамдық бiрлестiктерi, еріктілер ұйымы – бұл әлеуметтік серіктестер немесе әлеуметтік әріптестер. Яғни мақсаты мен міндеті айқындалған, өз құндылықтарын айқындай білетін орта. Бұл Университеттің басқару жүйесіне өз әсерін тигізетін, басқару жүйесінің нәтижесі мен стратегиялық дамуына септігін тигізетін орта. [4,5]

Материалдар және әдістер: «Астана медицина университеті» АҚ тәрбие жұмысын және әлеуметтік қызметін ұйымдастыруға жауапты бөлімдердің бірі — Жастар ісі жөніндегі деканат. Жастар ісі жөніндегі деканат (бұдан әрі – Деканат) –  Университеттегі  Студенттердіңөзін-өзі басқару органдарымен тығыз жұмыс істейтін, кураторлыққызметпен қамтамасыз ететін, университеттік, қалалық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі іс-шаралардыңұйымдастырылуына жауап беретін бөлімдердің бірі. Деканат екі процесс бойынша қызмет атқарады: Тәрбие және әлеуметтік. Екі процесс бойынша нормативтік құжаттар дайындалған.[3]

Сондай-ақ еліміздің нормативтік-құқықтық және нормативтік-регламенттеуші құжаттарында студент жастардың тәрбиесі мен әлеуметтік жағдайы – Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында, Қазақстан Республикасыныңзаңнамаларында және т.б. мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясында тәрбие жұмысына тікелей байланысты негізгі міндеттер (12, 27, 28, 29, 30-баптары) көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы түріндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «Темекі шегудің алдын-алу және шектеу туралы» және т.б. заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығында жастарға қатысты бағыттар бекітілген. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде, тұлғаның кәсіби өсуі мен дамуы, қалыптастасуы үшін жағдай жасау; баланы тәрбиелеуге, білім алуына, жан-жақты дамуына, ана тілін, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтауға, әлем мәдениетінің жетістіктерін меңгеруге, ақпараттандыру және денсаулығын нығайту, бала құқығын дамыту. Еліміздің салиқалы саясатының аясында Қазақстан Республикасы этномәдениетінің тұжырымдамасы, мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы, мемлекеттің кешенді жоспарында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және т.б. бағыттары дайындалды. Негізгі мақсат: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сауатты, жауапты, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жақты, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, қоғамда бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, азаматтарды, еліміздің нағыз патриоттарын дайындау. Концепцияның міндеттері:

— өскелеңұрпақты тәрбиелеудіңәлеуметтік маңыздылығы мен келешегі бар екендігін қоғамның түсінуіне көмектесу;

— тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру бойынша интеллектуалды, ұйымдастырушы-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т.б. ресурстарды топтау;

— әртүрлі әлеуметтік топтарда өзара әрекетті басқара білетін және ұйым қызметінде жетекші рөлді ала отырып, жауапты шешім қабылдай алатын жастардан ерікті тұлға бола білу талабын қалыптастыру үшін ашық ақпараттық, білім беру, іс-әрекеттік және коммуникативтік әлеуметтік орта қалыптастыру;
— жастардың рухани, интеллектуалды өмірі, өзінің денсаулығы мен жарқын өмірі үшін әлеуметтік құзіреттілігі мен жауапкершілігін арттыруды ұйымдастыру жағдайын жасау;

— жастардыңқоршаған ортаға, қоғамға және табиғатқа деген позитивті көзқарасын қалыптастыруға көмектесетін әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;
— тұлғаның кәсіби және жан-жақты қалыптасуы үшін жағдай жасау, өз білімін өмір бойы жетілдіруге деген қажеттілігін қалыптастыру. [2,5,7]

Жоғарыда аталған құжаттардың негізінде, Астана медицина университетінде жастар тәрбиесі бойынша арнайы бағдарлама мен тұжырымдама, сондай-ақ нормативтік-нұсқаулыққұжаттардың негізінде, УниверситеттіңСтуденттер кеңесі, жастар қоғамдық бiрлестiктерi, кураторлыққызмет және еріктілер ұйымыныңжұмысы жөніндегі арнайы ережелер дайындалды.

Нәтижелер: «Астана медицина университеті» АҚ студенттердіңөзін-өзі басқару жұмысы бойынша жоғары орган — Университеттің Студенттер Кеңесі (әрі қарай — Кеңес). Кеңес қызметі — студент жастардыңөте маңызды мәселелерін шешуге және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған.

(«Астана медицна университеті» АҚ Басқармасының 2011 жылғы 15 қарашадағы шешімімен (№31 хаттама) бекітілген Университеттің Студенттер Кеңесі туралы ереже ПЛ-МУА-01-11). Студенттердіңөзін-өзі басқару органы ретінде, басқа жоғары оқу орындарында аналогі жоқ «АРУ» қыздар Лигасы жастар қоғамдық бірлестігі — оқу, ғылыми, әлеуметтік, спорттық-сауықтыру және т.б. маңызды мәселелерді дамыту мақсатында құрылды. «АРУ» қыздар Лигасы әртүрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырады, сонымен қатар «Ару» журналын баспадан шығарып, Қазақстан Республикасының 50 жоғары оқу орнына, Астана қаласының 100 оқу мекемесіне таратады. Сондай-ақ, «Жекпе-жек күрес» студенттік клубы,  UTV — студенттік интернет-теледидары, Медик-студенттер қауымдастығы, Спорттық медицина клубы жұмысын жүргізуде.

Студенттердіңөзін-өзі басқару органыныңәлеуметтік маңызды қызметтерінің бірі — Волонтерлік қызмет немесе еріктілер ұйымы («Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№41 хаттама) бекітілген Волонтерлік қызмет туралы ереже ПЛ-МУА-09-12) – бұл ерікті түрде орындалатын, еңбекақы төленбейтін, мерзімсіз, әлеуметтік-маңызды қызметтің бірі. Волонтерлік қызмет — Университет қызметкерлеріне және білім алушыларға саламатты өмір салтын насихаттап, гуманистік және патриоттық тәлім-тәрбие беретін қызмет. Қазіргі таңдаАстана медицина университетінде «Жастар жылуы», «Мерси» және «Валериано» еріктілер ұйымы жұмыс істеуде.

Студенттердіңөзін-өзі басқару органының негізгі бастауыш ұжымы бұл – академиялық топ. Топ ішінде студенттердің тұлғалық потенциалы қалыптасады. Осы академиялық топпен тығыз жұмыс атқаратын – топ кураторлары, яғни академиялық топ кураторлары. Қазіргі таңда, «Астана медицина университеті» АҚ академиялық топтарында 56 куратор жұмыс істейді, әрбір топ бойынша кураторлық журнал жүргізілуде, әлеуметтік желіде mirkuratora@mail.ru. атты кураторлар әлемі құрылды.

Кураторлықжұмыс 1,4-курстардың студенттеріменжүргізіледі.

Академиялықтоптыңжалпы саны — 328. Университет кураторлары академиялық топтармен бірге жылына 800-ден астам іс-шараға қатысады. Академиялық топ кураторларының жұмысы – Студенттердіңөзін-өзі басқару жұмысының бастамасы. Себебі, тәлім-тәрбие және әлеуметтік қызметті академиялық топ кураторлары студенттермен бірге жүргізеді.

«Астана медицина университеті» АҚстуденттері әртүрлі іс-шараларға белсене қатысады. Атап айтсак, «Еңбекке тәрбиелеу» бойынша — студенттер Университет аумағын, Астана қаласының белгіленген аймақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысады;

«Құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары» — білім алушылардың жауапкершіліктерін қарастыру бойынша Университетте Тәртіптік Кеңес жұмыс істейді.  Тәртіптік Кеңестің арнайы ережесі  дайындалған. Тәртіптік Кеңес құрамында білім алушылармен тікелей жұмыс істейтін құрылымдық бөлімдер мен Университеттің Студенттер Кеңесініңөкілдері  бар. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын-алу, күресу, жазаға тарту және сот жүйесінің жұмысы, прокуратора жүйесінің жұмысы жөнінде көрнекі  түрде конференциялар және т.б. шаралар ұйымдастырылды;

«Діни экстремизмнің алдын-алу шаралары» — «Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігінің 2013 жылғы 19 қарашадағы селекторлық отырысының шешіміне сәйкес «АстМУ» АҚ-та Ректордың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №482-н/қ  бұйрығымен Тәрбие ісі жөніндегі (діни) Кеңес құрылды. Сонымен қатар, Астана қаласындағы мешіт имамдарының, Орыс Православ шіркеуі қызметкерлерінің, теологтардың және Экстремизммен күрес жөніндегі басқармасы, Ішкі істер департаменті қызметкерлерініңқатысуымен дінге қатысты әртүрлі тақырыптарда конференциялар, жиындар ұйымдастырылды;

«Мәдени іс-шаралар», Студенттер үшін жылына 135-тен астам іс-шара ұйымдастырылады. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасыныңұлттық және төл мерекелеріне арналған іс-шаралар («8-Наурыз», «Наурыз мейрамы», «Астана қаласының күні», «Тұңғыш Президент күні», «Конституция күні», «Тәуелсіздік күні» және т.б.), «Біз таланттарды іздейміз», «Көңілді  тапқырлар клубы», Саламатты өмір салтын сақтау бойынша: «Темекі тартудың зияны» акциясы, флеш-мобтар және т.б.

«Спорттық іс-шаралар», студенттер арасында әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, «Джиу-джитсу», «Самбо», «Дзюдо», «Қазақша» күрес, шахмат, армрестлинг  және т.б. спорт түрлерінен. Сонымен қатар, Қазақстан спорт медицинасында тұңғыш рет «СПОРТ және МЕДИЦИНА» журналы жарияланды. Журналдың басты мақсаты – спортқа қызығушылық танытатын барлыққазақстандықтарға және осы сала бойынша жұмыс жүргізетін мамандарға арналған ақпарат беру.

Студенттердіңөзін-өзі басқару органы жылына 2 рет қараша және мамыр айларында  «Донор Күні» акциясын ұйымдастырады.

«Әлеуметтік көмек», Әлеуметтік-дәрменсіз топтарға жататын (ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері) студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру ережесін және мөлшерін, көздерін, түрлерін бекіту туралы» Қаулысы). Әлеуметтік-дәрменсіз топтарға жататын студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі, ал әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққан 500-ден астам студент тегін жол жүру билеттерімен оқу жылы бойы қамтылған. Сондай-ақ ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған студенттер Университет жатақханасында тегін тұрады, оларға Университет тарапынан жылына 1 рет киім-кешек  алу үшін материалдық көмек көрсетіледі, ай сайын тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етіледі және университет асханасында тегін тамақтандырылады. [3,5]

Жоғарыда аталған іс-шаралар, «Астана медицина университеті» АҚұйымдастырылған тәрбие ісі және әлеуметтік қызмет студенттердіңөзін-өзі басқару органдарына, жалпы студенттер қауымына қолдау көрсетіп, оларды кәсіби дамытуға, жетілдіруге және жігерлендіруге өз септігін тигізеді.

Қорытынды және талқылау: Университеттегі студенттердіңөзін-өзі басқару жұмысының рөлі өте маңызды. Университеттегі барлық жұмыс студенттерге бағытталған. Себебі, студенттер қауымы Университеттіңәлеуметтік серіктесі, ең басты тұтынушы. Сондықтан:

1) Студенттердіңөзін-өзі басқару жұмысын дамыту;

2) Студенттердіңөзін-өзі басқару органын ынталандыру;

3) Ұйымдастыру мәселелері бойынша Студенттердіңөзін-өзі басқару органына қолдау көрсету;

4) Студенттердіңөзін-өзі басқару жұмысын жүйелендіру;

5) Студенттердіңөзін-өзі басқаруы арқылы көшбасшылық потенциалды жүзеге асыру.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1       Назарбаев Н.А. «Казахстанский путь – 2050: единая цель, единые интересы, единое будущее». Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда// 14.01.2014г.

2       Концепция воспитания в системе непрерывного образовании Республики Казахстан//http://www.edu.gov.kz/ru/poisk/

3       Социальный отчет АО «Медицинский университет Астана»: ориентация на удовлетворенность заинтересованных сторон// Астана: 2013.

4       Абдрашитова Т.А., Оспанова Я.Н. Передовой опыт по патриотическому воспитанию граждан. Методическое пособие. – Астана: 2009.

5       Айдарбеков З. Казахстанская молодежь: стратегии, ценности, ориентиры. – Алматы,2008г.

6       Платова, Е. Э. Воспитание студентов в современных условиях: проблемы и пути их решения / Е. Э. Платова, Ф. Ю. Сафин, В. В. Фортунатов. — СПб.: ГУАП,2006.

7       Соколовская О. В. Формирование коллектива группы как главная цель студенческого самоуправления // Педагогика высшей и средне-специальной школы.—Минск: 1988.

 

 

 

 

А.А. Нурмуханов, Н.Н. Мусрепов

Роль студенческого самоуправления в воспитательной и социальной деятельности Университета

 

Резюме: Систематизировать и совершенствовать студенческоесамоуправление в Университете.

Воспитательная работа и социальная деятельность в АО «Медицинский университет Астана» – целенаправленная деятельность по созданию условий для гармоничного развития личности гражданина, ориентированного на традиции отечественной и мировой культуры, систему ценностей и потребностей современной жизни, способного к активной социальной адаптации в обществе и самостоятельному жизненному выбору, продолжению профессионального образования, самообразованию и самосовершенствованию. Воспитательная работа и социальная деятельность интегрирована и реализуется вобразовательном, научно-исследовательском, организационно-управленческом процессах и общественной деятельности обучающихся и профессорского — преподавательского состава.

Важнейшим фактором, влияющим на повышение социальной активности, личностной заинтересованности и творческого самовыражения студентов, удовлетворения их потребностей, является деятельность органов студенческого самоуправления. Студенческое самоуправление представлено студенческим советом университета, студенческим советом общежития, который осуществляет свою деятельность в соответствии с Уставом Университета. Основной целью студенческого самоуправления является усиление роли студенческих общественных объединений в гуманистическом, духовно-нравственном воспитании студентов, а также создание всех необходимых условий для развития творческих способностей молодежи и реализации их потенциала.

Развитие студенческого самоуправления (Студенческого Совета Университета), содействие повышению студенческого самоуправления в решении вопросов организации быта и досуга студентов в стенах Университета.

Ключевые слова: Студенческое самоуправление,воспитание, социальная деятельность, личность, молодежное общественное обьедение, кураторская деятельность, гражданская позиция, волонтерская организация.

 

 

 

 

 

 

 

A. Nurmukhanov, N. Musrepov

The role of the student government in educational and social activities of the University

 

Resume:  To systematize and improve the student government at the University.

Educational work and social activities at JSC «Astana Medical University» is a purposeful activity to create conditions for harmonious development of the personality of a citizen, based on the tradition of native and world’s culture, values ​​and needs of modern life, capable of active social adaptation in society and independent life choices, continuing professional education, self-education and self-improvement. Educational work and social activities are integrated and implemented in educational, research, organizational and managerial processes and social activities of students and professor-teaching staff.

The most important factor that influences on the increase of social activity, personal interest and creative expression of students, satisfaction of their needs is the work of the student government.

Student government is represented with Students’ Council of the University, Students’ dormitory council, which realizes its activity in accordance with the Charter of the University. The main purpose of student government is to strengthen the role of youth nongovernmental organizations in the humanistic, spiritual and moral education of students, as well as creation of all necessary conditions for development of creative abilities of youth and realization of their potential.

Development of the student government (Students’ Council of the University), assistance in increase of student self-government in solution of questions about organization of life and leisure of students at the University

Keywords: Student government, education, social activities, personality, youth nongovernmental organization, curatorial activities, civic position, volunteer organization.

 

 

 

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ