АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА САПАСЫН ҚАУІП-ҚАТЕРДІ ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІМЕН АНЫҚТАУ ӘДІСІ

15 Oct 2014

УДК 614.71/72-032.2-073(574.51)

 

У.И. КЕНЕСАРИЕВ, А.Т. Досмухаметов, Н.Е. АЛИМОВА,

А.А. Баймухамедов

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы қаласы

 

 

Мақалада, атмосфералық ауаны қауіп-қатерді талдау әдістемесімен зерттеудің нұсқасы ұсынылды. Әдістеменің кезеңдері, әр кезеңге тән ерекшеліктері мен зерттеу жүргізу үрдісінің өзгешеліктері талданды. Атмосфералық ауаны зерттеудегі әдістеменің тәсілдері мен амалдары қысқа нұсқада баяндалды.

Түйінді сөздер: атмосфералық ауа, қауіп-қатерді талдау әдістемесі, халық денсаулығы.

 

Қазіргі таңда қауіп-қатерді бағалау концепциясы түгелдей дерлік барлық елдерде қолдануда және халықаралық ұйымдарда басқармалық шешімдерді қабылдауда қарастырылатын негізгі бағдарлама ретінде ұсынылуда. Бұл методологиялық нұсқау, халықаралық, мемлекеттік, аудандық, жеке кәсіпорын және басқа да деңгейлерде, қоршаған ортадағы ластаушы көздерді анықтауға, әрі сипаттауға мүмкіндік береді.

Адам денсаулығы тек қоршаған ортадан туындайтын қауіп-қатер факторларына ғана байланысты емес. Қауіп-қатерді салыстырмалы бағалаудың заманауи методологиясы, адам ағзасына әсер ететін қауіп-қатерлерді қатар қарастыруға мүмкіндік береді. Олар, экожүйелердің бұзылысы мен су және жер бетіндегі ағзаларға теріс әсер көрсететін экологиялық қауіп-қатерлер,тіршілік сапасы мен тіршілік жағдайының күйзелісінен пайда болатын қауіп-қатерлер. Қауіп-қатерді салыстырмалы бағалау әдісінің мақсаты – қоршаған ортаға байланысты приоритетті мәселерді анықтау. Негізі, салыстырмалы қауіп-қатерді бағалау әдісі, қауіп-қатерді бағалау әдісін және қолданыста бар мәліметтерді, химиялық заттардан мүмкін болатын қолайсыз эффектілерді тереңірек зерттейді.

Қауіп-қатерді толық бағалау кестесі төрт өзара байланысты кезеңдерді жүргізуден тұрады: қауіп-қатерді идентификациялау, «доза-жауап» тәуелділігін бағалау, экспозицияны бағалау, қауіп-қатерді сипаттау. Талдауды толық кестемен өткізу үшін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақты қабылдап, ғылыми-зерттеу тобын құрастыру керек. Ол құрамда келесі мамандардың жұмысы қажет болады — қауіп-қатерді бағалау бойынша мамандар, токсикологтар, технологтар, химиктер, басқармалық қызметпен айналысатын және болашақта оларды іске асыратын арнайы мамандар.

Алғашқы кезеңдерде концептуалды шекаралық моделін құрастыру қажет. Бұл модель, қоршаған ортаның ластаушы көздерінің әсер ету жолдары (біріншілік ластанған, тасымалдаушы, жинақтаушы немесе трансформацияланатын химиялық орталар) мен экспонирленген халық арасындағы байланысты графикалық немесе талдамалық түрде суреттеуді  қажет етеді. Шекараның концептуалды моделі, шартты сценарийлерді ұйымдастыруға, потенциалды қауіпті химиялық заттардың кеңістіктік параметрлерін сипаттауға қолданылады. Бұл сценарийлер нақты зерттеу тапсырмаларын құрастырып, қауіп-қатерді зерттеуде өзгеріп отырады және мәліметтермен толықтырылады. Сценарийлерді құрастырған кезде, зерттеу мақсаты ұйғарылуы қажет, соның ішінде қоршаған ортадағы ластану көздерін анықтап, қауіп-қатерді бағалау жүргізіледі. Қауіп-қатерді толық бағалау кестесі бойынша, талданатын объектілер кем деген де 3-5 жыл арасындағы қоршаған ортадағы химиялық заттардың таралу моделдерінің негізінде жүргізіледі.

Зерттеу міндеттерін нақтылау үшін скринигті бағалауды жүргізу қажет. Ол, шектеулі мәліметтер негізінде қауіп-қатерді сипаттаудың үдетілген тәсілі. Скринингті бағалау кезінде, қауіп-қатерді максималды экспонирленген индивидке (гипотетикалық адам) қатысты есеп жүргізеді. Бұл жағдайда келесі шарт орындалуы тиіс – қоршаған орта ластаушыларының адам ағзасына өмір бойы максималды әсері. Алдын-ала талдау жүргізу үшін, ең консервативті әсер ету сценарийі таңдалады. Егер, консервативті сценарийді қолданған кезде, әсер ету дәрежесі қолайлы қауіп-қатерден аспайтын болса, мұндай жағдайда, қауіп-қатерді толық бағалау кестесі бойынша талдау тиімсіз болады.

Приоритетті зерттеулердің тізімін анықтау үшін, зерттелетін аймақтағы барлық мүмкін әсер ететін химиялық ластаушылар жинақталуы тиіс. Осы ластаушылар тізімін зерттегеннен кейін, тек маңызды химиялық заттар ғана іріктеледі.

Белгілі бір аймақта қауіп-қатерді бағалау мақсатында, қоршаған ортадағы барлық мүмкін болатын және болмайтын ластаушы көздер анықталуы тиіс. Көршілес орналасқан аймақтардың ластаушы көздерінің химиялық заттарының әсері де, назардан шықпауы керек. Сонымен қатар, ластаушы көздердің екіншілік ластануы, аса қауіпті факторлар қатарында қарастырылуы маңызды.

Анықталған объектінің қауіп-қатерін бағалау кезінде, мысалыға, өндірістік кәсіпорынды алатын болсақ, онда осы объектінің тастамаларының сапалық және сандық, кеңістіктегі және уақытылы көрсеткіштері сипатталады.

Қауіп-қатерді бағалау кезінде, алдын ала қабылданған шекті индикаторлық заттар, сезімтал белгісіздіктерге алып келеді. Осындай жағдай, келешекте қауіп-қатерді басқаруда үйлесімді шешімдерді қабылдауға қиындықтарды туғызады .

Алдын-ала құрастырылатын тізімге атмосфералық ауаны ластайтын ластаушылар, қоршаған ортада трансформацияланатын зиянды заттардың қалдықтары, тоғандарға шығарылатын тастамалар компоненттері (егер, ауыл-шаруашылығында ауыз су ретінде қолданылса, мәдени-тұрмыстық мақсатта), химиялық қосылыстар тастамалары және олардың трансформация өнімдері, ауыз суға су көздерінен түсетін, су тазалау үрдісінде түсетін, топырақтың ластану компоненттері, қоршаған орта объектілерін (атмосфералық ауа, ауыз су, ашық тоғандардың суы, топырақ, алып келінген және жергілікті тағамдар) санитарлы-химиялық зерттеу кіреді.

Қауіпті идентификациялау кезеңінде, потенциалды химиялық канцерогендер ретінде ҚІЗХА (МАИР) тізіміне кіретін келесі топтарға жататын заттар қарастырылады — 1, 2A, 2B.

Химиялық канцерогендер үшін, канцерогенді потенциал факторынының (SF) пероральді (SFo) және ингаляционды (SFi) әсері бойынша критерийлердің және жеке қауіп-қатер көрсеткіштерінің (URi) анықталуы, келешектегі қауіп-қатерді бағалау үшін қажет.

Канцерогендердің қауіп-қатерін бағалау кезеңдерінде, қолданыста бар мәліметтерді сипаттау мақсатында, қауіптілік көрсеткіштерінің канцерогенді эффектілеріне жалпылама талдау жүргізу керек.

Жоғары қауіптілікпен сипатталатын және алдын-ала құрылған сценарийге сай белгіленген, зиянды әсер тигізе алатын потенциалды приоритетті химиялық қоспалар мен заттардың максималды толық тізімін, әсер ету жолдарын талдап, зерттелетін аймақ шекарасында, зерттеу қажет.

Приоритетті заттардың қорытынды тізімін құрушы кезеңдер ретінде, келесі шарттар саналады: халық денсаулығына потенциалды әсер ететін химиялық заттар туралы мәліметтер жинау; қауіптілігін талдау (халық денсаулығына зияны) және қоршаған ортадағы түрлі объектілерде ластаушылардың концентрациясын анықтау; химиялық заттарды қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша, канцерогенділік және токсикалық қасиетіне байлансты рангілеу; таңдалған заттардың экспозициясының сценарийлерін анықтау; айтылған әсер ету сценарийлері, қауіп-қатерді бағалауды стандартты әдістермен және қолайлы мәліметтер мен қауіптілік параметрлеріне сай, қоршаған ортадағы концентрацияларды «доза-жауап» (референтті әсер ету деңгейі, канцерогенді потенциал факторы) қатынасын қолдану арқылы жүргізу; канцерогенді және канцерогенді емес қауіп-қатерлерді, шамалап алынған химиялық заттардың көрсеткіштері бойынша рангілеу; келешекте, қауіп-қатерді бағалауға жататын приоритетті химиялық заттардың қорытынды тізімін құру.

Қауіп-қатердің әсерін адам ағзасына жан-жақты бағалау керек болғанмен, бірақ, зерттеу жұмысының  және қажетті материалдық ресурстарының шамадан тыс үлкен болғандығынан, химиялық әсердің адекватты мәліметтерінің жоқтығынан және химиялық қосылыстарының потенциалды қауіптілігінен орындау мүмкін емес. Осыған байланысты, детальді зерттеулер шектелген (көбіне 30-ға дейін) приоритетті (индикаторлы) заттар санымен жасалады және зерттелетін аймақта, халық денсаулығына ең көрнекті айқындалған қауіп-қатерді сипаттайды.

Идентификация кезеңінде химиялық заттарды рангілеу мақсатына- химиялық заттардың тізімін талдау, қойылған тапсырмаларға, зерттеулерге және  материалдық ресурстарға үйлесімділігінің сәйкес болуы, болашақта қауіп-қатерді бағалау кіреді.

Қауіп-қатерді сипаттау  кезеңінде — қайталмалы рангілеу жүргізіледі, бұл жағдайда — приоритетті қауіп-қатер көздерін, ең зақымдалатын мүшелер мен жүйелерді анықтау, зерттелетін аймақта «индикаторлы заттардың» қысқа тізімін және рискті мониторингілеу мақсатында немесе басқармалық шешімдердің эффективтілігін төмендету үшін бағалау жүргізіледі.

Зерттелетін факторлар әсеріне, потенциалды қатысты популяцияның барлық топтарын талдау керек, егер олар ластаушы көзінен қашықтықта орналасқан кезінде де (мысалы, ластанған ауыз сумен, тағам өнімдерімен немесе залалданған топырақта өсірілген тағам өнімдерін  қолданатын тұрғылықты халық). Бұдан басқа, болашақта ластану қаупі бар халықты да естен шығармау тиіс. Мысалы, миграция нәтижесінде химиялық заттардың залалданған аймақтан таралуы кезінде. Адам тіршілігінің салты да, сол кесте бойынша өткізіледі.

Потенциалды экспонирленген халықтың ластанған аймақта уақытын анықтау. Мысалы, егер популяция өндірістік әсер ету сценарийіне сәйкес болатын болса, онда күнделікті максималды бағалау уақыты – 8 сағ. (типті жұмыс күні). Егер де, популяция тұрғыллықты аймақ зонасына қатысты болса, онда максималды тәуліктік экспозиция 24 сағ. тең болуы тиіс.

Поетенциалды экспонирленген популяцияның тәуліктік іс-қимыл әрекеттерін ескере отырып, бөлмеде, ашық ауада, көлікте және т.б. уақыттарда есептеу жүргізу керек

Талданатын ластаушыларды нақты таңдау, уақытылы масштабтары мен бақылаушы пунктердің орналасуы, экспозицияны бақылау мақсатына сәйкес кескіндейді.

Тұрғылықты аймақтағы канцерогендер үшін қолайлы қауіп-қатерді таңдаған кезде, зерттелетін канцерогеннің дәлдік дәрежесінің факторын, әсер ықпалындағы халық санын, профилактикалық және технологиялық шаралардың техникалық дамуын ескеру қажет.

Мақсаттық қауіп-қатердің мөлшері, аймақтық нормативтерге сипаттама берген кезде қолданылады: қауіп-қатерге негізделген концентрациялар немесе минималды қауіп-қатердің аймақтық көрсеткіштері.

Минималды қауіп-қатердің деңгейін орнатқан кезде, бір уақытта алдын-ала таңдалып, белгіленген химиялық заттардың канцерогенді және жалпы токсикалық эффектілері санаққа алынады және қорытындысында ең төменгі көрсеткіш таңдалады.

Қауіп-қатерді бағалаудың соңғы кезеңінде (қауіп-қатерді сипаттау), алдында талданған кезеңдерден алынған нәтижелерді сараптау жүргізіледі және барлық белгісіздіктерге сипаттама беріледі. Бұл қорытындылар, жұмыстың аяғында түйінделетін нәтижелерге және ұсыныстарға әсер етуі мүмкін болғандықтан талданады. Қауіп-қатер бойынша қорытынды мағлұматтар, қауіп-қатерді басқару кезеңінде жұмыс істейтін тұлғаларға ұсынылуы қажет. Олар, өз кезегінде қабылданған деректерді сараптап, барлық белгісіздіктерді және қателіктерді атап шығулары тиіс. Математикалық және экономикалық модельдерді қолдану арқылы, қорытынды жасаулары қажет. Мәліметтерді ұсыну кескінін, келешекте іс-шаралар тізімін құрайтын тұлғалармен келісіп, көрсету қажет.

Қауіп-қатердің қолайлы деңгейінің көрсеткіштері кейін жүргізілетін тастамалардың бөлінуін төмендетуге немесе болдырмауға бағытталған. Осыдан, қаржы шығынының мөлшерін анықтауға болады. Егер, бұл көрсеткіштер шамадан тыс үлкен болатын болса, практикада орындалуында қиындықтар туады. Сондықтан, қауіп-қатерді бағалау кезеңінің нәтижелерін талдағанда, әрбір жағдайда қажетті шектеулердің минималды санын қажет етеді. Қабылданатын шешімдер бойынша қауіп-қатер туралы хабар барынша толық болуы шарт.

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Оценка риска здоровью населения от загрязнения атмосферы городов Казахстана пылевыми частицами / У.И. Кенесариев, А.Т. Досмухаметов, М.К. Амрин, А.Е. Ержанова, М.Т. Адилова // Научно-практический журнал «Вестник КазНМУ», №1. – 2012. — С. 320-325.
  • Расчетная оценка риска здоровью населения от химических факторов загрязнения атмосферного воздуха региона Карачаганакского месторождения // Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Амрин М.К., Кенесары Д.У., Кенесарина М.И., Балабекова Ж.Ж. — Алматы: — 26 с.
  • Установление научно-обоснованных расчетных размеров санитарно-защитной зоны железнодорожного нефтеналивного терминала ТОО «Аральский нефтяной терминал» // Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Кенесары Д.У. – Алматы: — 74 с.
  • Оценка риска здоровью населения при воздействии выбросов Карачаганакского нефтегазоконденсатного месторождения по данным расчетных и инструментальных исследований // Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Кенесары Д.У. и др., Журнал «Анализ риска здоровью». – Пермь: №4, 2013. –– С.46-53.

 

 

 

 

 

У.И. КЕНЕСАРИЕВ, А.Т. Досмухаметов, Н.Е. АЛИМОВА,

А.А. Баймухамедов

Казахский национальный медицинский университет им. С.Д.Асфендиярова, г.Алматы

 

Оценка качества атмосферного воздуха методологией анализа рискА

 

Резюме: В статье описаны этапы оценки качества атмосферного воздуха методологией анализа риска. Приведены особенности в исследовании каждого этапа. Коротко изложены основные отличия между этапами и представлен порядок проведения исследования по методологии.

Ключевые слова: атмосферный воздух, методология анализа риска, здоровье населения.

 

 

 

 

Kenessariyev, A. Dosmukhametov, N. Alimova, A.Baimukhamedov

Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov, Almaty

 

Air quality assessment of risk analysis methodology

 

Resume: This article describes the steps of the air quality assessment with risk analysis methodology. The features in the study of each stage. Briefly outlines the main differences between the stages of the procedure and presents the research methodology.

Keywords: ambient  air, the risk analysis methodology, human health.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ