АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕП 3-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА АСПАЛЫ СӨМКЕЛЕРІНІҢ ӘСЕРІН ГИГИЕНАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ

16 Oct 2014

УДК 613.686.81/.83+614.2-053.5(083.9)

 

А.Ж. Молдакарызова, М.К. Желдербаева, Б.Н. Досжан, С.Н. Жапарова

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

 

Қазіргі таңда оқушыларға ортопедиялық нормадан жоғары салмақтағы сөмкелерді алып жүруге тура келеді. Мектеп құралдарының ауырлық мәселесі толық зерттелмеген. Бұндай жүктемелердің жас ағзаға  кері әсері әртүрлі  және кейде денсаулық жағдайына қауіп төндіруіде  мүмкін. Зерттеу Алматы қаласы оқу мекемелерінің 3 және 4 сынып оқушылырының арасында жүргізілген. Бастауыш мектептің 3-4 сынып оқушыларының денсаулық жағдайына мектеп құрал жабдықтары салынған аспалы сөмкелердің зиянды әсерін гигиеналық бағалау және алдын алу шаралары бойынша гигиеналық ұсыныстар тағайындау.

Түйінді сөздер: Аспалы сөмке, омыртқа бағанының деформациясы, бой және салмақ өлшейтін құрал жабдықтар,  гигиеналық нормативтер

 

Тақырыптың өзектілігі.

Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртканың барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. [1]   Әйтсе де скелеттің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақты-лығы да осыдан. Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде бүгінгі біздің тоқталып отырған әлеуметтік фактор мен мектептік факторына байланысты бастауыш сыныптарда оқитын оқушылардың денсаулығына аспалы сөмкенің әсерін бағалау  қазіргі уақыттағы  өзекті мәселелердің бірі болып отыр. [2]  Төменгі сыныптағы оқушылардың мәжбүрлі түрде партада ұзақ отыруы, ауыр аспалы сөмкелерді асынуы, сонымен қатар бір иықпен көтергенде көбінесе омыртқалардың қисаюы дамиды. Жалпыға белгілі ауруды емдегеннен гөрі, алдын алған жөн. Әлі дұрыс жетілмеген ағзаны артық ауыр салмақпен жүктеуге болмайды. Артық салмақпен ағзаға ауырлық түсірсе буынмен омыртқаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Берілетін салмақ баланың бойына, салмағына, жасына жалпы дене бітіміне сәйкес болуы тиіс. Бастауыш мектептің 3-4 сынып оқушыларына берілетін ауырлық 2-2,5 кг-нан аспауы қажет, яғни құрал жабдық салынған аспалы сөмкесі бала салмағының 10 пайызын ғана құрауы керек. [3] Балалар үшін арқаға және иыққа таралатын салмақ біркелкі болуы маңызды. [1] Бастауыш сынып жасындағы балаларға бір иыққа арналған сөмкені тағуға болмайды, олар міндетті түрде екі иықты (ортопедиялық сөмке) тағулары тиіс.  Ортопедиялық сөмкелер баланың арқа бұлшық еттері мен кеуде омыртқаларының бұлшық еттерін нығайтады. Тыныштық және қозғалыс кезінде арқаны тік ұстауды қамтамасыз етеді. Емдік профилактикалық қасиетке ие омыртқаға және буынға түсетін ауырлақ күшін реттейді. [4] Ортопедиялық сөмкелердегі жалпақ белдігі мойын, арқа және иық буынындағы дұрыс физиологиялық байланысты қамтамасыз етеді. Бұл шаралардың барлығы тірек-қимыл аппаратымен тұтас ағзаның дұрыс жұмыс жасауына кепілдік береді. [5] Сөмкені дұрыс таңдау және ауыр салмақтың алдын алу балалардағы көптеген аурулардың алдын алуына септігін тигізеді. Осы мәселе бойынша ақпараттарды жинастыру кезінде шетелдік әріптестердің баспалары арасында, сонымен бірге, ТМД елдерінің құрамына кіретін елдерде осыған тән зерттеулер болмағандығы анықталды. Сондықтан да осы ұсынылып отырған мектеп оқушыларының денсаулығының бұзылыстары мен оқушылардың пайдаланатын аспалы сөмкелерінің ауырлық дәрежесі арасындағы байланысты анықтап, зерттеуге қажеттілік туындап отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты

Бастауыш 3-4 сынып оқушыларының денсаулығына аспалы сөмкелердің ауырлығын бағалау апта күндерін және жыл мезгілін есепке ала отырып, зерттеу.

Зерттеу материалдары мен әдістері

Зерттеу барысында Алматы қаласының Бостандық және Жетісу аудандарына қарасты №140 гимназиясымен  №2 орта мектептің 3-4 сынып оқушылары зерттеуге алынады. Зерттеуге бір апталық оқу күндері мен жыл мерзімдеріне байланысты құрал-жабдықтар салынған аспалы сөмкелер мен құрал-жабдықсыз аспалы сөмкелердің салмағы және  оқушылардың дене салмағы мен жыл мезгілдеріне байланысты киімімен дене салмақтарына бақылау жүргізіледі. Аспалы сөмкелерді қолдану бойынша оқушыларға сауланамалар жүргізіледі. Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша оқу мекемелері мен емханаларда оқушылардың медициналық құжаттарымен жұмыстар жүргізіледі.

Зерттеу Алматы қаласы оқу мекемелерінің 3 және 4 сынып оқушылырының арасында жүргізілген. Зерттеу барысында қысқы және көктемгі кезеңде, барлық оқу аптасы аралығында мектеп құралдары салмағын өлшеу жүргізілді. Зерттеу кезінде құралдардың орта салмағы рұқсат етілген ортопедиялық нормадан (10%) жоғары екені анықталды және 14% құрайды. Қыздарда құралдар салмағы орташа есеппен ұлдар құралдарынан жоғары. Қысқы мезгілде ортопедиялық нормадан жоғары 40% оқушылар 4 кг жоғары құралдар, ал көктемде 27% оқушылар 4 кг жоғары құралдар ұстайды. 30 кг дейінгі негізгі топта шамамен оқушылардың 77%-да оқу құралдарының салмағы рұқсат етілген нормадан жоғары, 31-40 кг-дық негізгі топта -37%, 41-50 кг-дық негізгі топта 5%, 50 кг жоғары негізгі топта 8% оқушыларда мектеп құралдарының салмағы нормативтен жоғары екені анықталды.

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Неменко Б.А.Оспанова Г.К.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (оқулық). –Алматы: 2002.
  • Кучма Г.И. Гигиена детей и подростков. Учебник / Под ред. — М.:ГЭОТАР-Медиа, — С.215.
  • Кенесариев Ү.И. авторластармен бірге. «Жалпы гигиена» оқулығы. — Алматы: 2012. – Б.
  • ҚР үкіметінің қаулысы 30 желтоқсан 2011 жыл 31684 «Об утверждений санитарных правил «Санитарно-эпидемиологических требований к обьектам воспитание образования детей и подростков»». 2011.
  • Касмакасов С.К.. Мамедахунов Х.М., Капасакалис В.А, Шиналиев Б.С., Цой О.Х., Валижанова М.М., Цай Ю.Г. О необходимости пересмотра нормативных документов, регламентирующих санитарно-гигиенических условия в образовательных организациях //Актуальные вопросы формирования здорового образа жизни, профилактики заболеваний и укрепления здоровья. – Алматы: 2007. — № 3-4. – С. 44-45.

 

 

Молдакарызова А.Ж., Желдербаева М.К., Досжан Б.Н., Жапарова С.Н.

Гигиеническая оценка влияния школьных ранцев на состояние здоровья

детей начальных  3-4 классов г.Алматы

 

Резюме: В данной статье рассматривается гигиеническая оценка негативного влияния тяжести школьных ранцев на состояние здоровья детей 3-4 классов, а также предложение профилактических мероприятий по предотвращению вреда здоровью.

Ключевые слова: рюкзак, деформация позвоночного столба, приборы по измерению роста и веса, гигиенические нормативы.

 

 

 

 

Moldakaryzova A.Zh., Zhelderbayeva M.K., Doszhan B.N., Zhaparova S.N.

Hygienic assessment of the impact of school bags on the health of children in primary

school in Almaty

 

Resume: In this article the hygienic assessment of the severity of the negative impact of school bags on the 3-4 graders health is made. Also we offer some preventive measures to prevent that harm in future.

Keywords: Backpack, deformation of the spinal column, devices for measuring height and weight, hygienic standards.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ