АСҚАЗАН ЖӘНЕ ОН ЕКІ ЕЛІ ІШЕК ОЙЫҚ ЖАРАЛАРЫНЫҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

02 Dec 2014

УДК 616.33+616.

 

А.З. Сатханбаев, М.Х.Бигалиев, У.А. Муканова, Қ.Дүйсебекұлы, Ж.Ж.Малибеков

Х.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің хирургия анестезиология-реаниматология

және жедел жәрдем кафедрасы.

Шымкент  қалалық жедел  медициналық көмек көрсету ауруханасы

 

 

Бұл жұмыста соңғы 3 жылда Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында асқазан және 12 елі ішек ойық жараларының асқынуларын емдеу нәтижелері сарапталған. Жалпы 904 емделген аурулардың 96,5%-ы жедел, ал 3,5%-ы жоспарлы түрінде түскен. Асқынулардың 54%-ы жарадан қан кетумен, 25%-ы жараның тесілумен, ал қатты ауырсыну синдромымен, пенетрациямен, стенозбен және малигнизациямен түскендер 21%-ды құраған. Хирургиялық белсенділік жоғарғы деңгейде қалып тұр: жара тесілуінде – 100%, қансырағанда – 23%, ал басқа асқынуларда 52%-дан 58%-ға дейін жоғарылаған. Барлық емделгендердің 67%-ын 12 елі ішек, ал 33%-ын асқазан ойық жаралары құраған. Асқазан резекцияларының көбісі Б-ІІ Ру бойынша анастомозбен жасалынған. Жедел оталар қан кетудің F-I және рецидивінде немесе F-II, яғни рецидивтін жоғарғы ықтималдығында жасалған. Рационалді оталық тактика отадан кейінгі леталносттың және асқынулардың төмендеуіне әкелді.

Түйінді сөздер: асқазан ойық жара ауруы (АОЖА) және он екі елі ішек ойық жара ауруы (ОЕІОЖА), тесілген асқазан ойық жарасын тігу (ТАОЖТ) және (ТОЕІОЖТ), Б-I және Б-II  бойынша асқазан резекциясы, асқазан-ішектен қан кетуі (АІКК), ойық жараның тесілуі (ОЖТ).

 

Кіріспе. Жедел абдоминалды хирургияда ойық жараларды емдеу әлдеде қиындықтарды туғызады [5]. Оның негізгі себептері: 1. Заманауи гастроэнтерология және фармация жетістіктеріне қарамай ойық жара ауруының біріншілік науқастану санының жоғары болып қалуы-100 мың адамға 2000 рет, және оның асқынулары 15% дейін [3].

  1. Хирургиялық стационарлардағы ем тактикасын белгілеу және ота түрін анықтаудағы әртүрлі көзқарастар болуы.
  2. Асқазандағы жоғары секрецияның, асқазан және он екі елі ішек кілегей қабатының қорғанысының төмендеуін, протективті простагландиндердің дефицитін, жоғарғы орталық жүйке жүйесінің ықпалын және H.pyloriдың этиологиялық орнын ульцерогенездің және оның асқынуларын қамтитын патогенез механизмдері бүгінгі таңда бұл ауруға бір жақты және қарапайым көз қарасқа жол бермейді [1,2,4,5].

Жұмыс мақсаттарысоңғы  3  жылдағы Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы (ШҚЖМЖА) асқазан және он екі елі ішек ойық жарасымен түскен ауруларды хирургиялық ем нәтижелерін сараптау.

Материалдар және тәсілдер.

Соңғы үш жылда ШҚЖМЖА АОЖА және ОЕІОЖА хирургиялық ем нәтижелерін салыстырмалы сараптау жасалынған. Аталған уақытта ШҚЖМЖА жедел хирургиялық патологиямен барлығы 12456 ауру емделген: 2011жылы-4860, 2012жылы-3965, 2013 жылы 3631, яғни ауру санының азаю байқалады. Бірақ хирургиялық белсенділік жоғары болып қалып тұр: 2011ж.-77%, 2012ж.-77%, 2013ж.-79%. АОЖ және ОЕІОЖ асқынуларымен 904 ауру түскен, немесе барлық аурулардың 7%. Олардың 873 немесе 96,5% жедел, ал 31 немесе 3,5% жоспарлы түрінде. 490 ауру немесе 54% асқазан және ішектің қан кетуімен, 227 немесе 25% жараның тесілуімен, ал қалған 181 немесе 21% ауырсыну синдромы, пенетрация, стеноз және малигнозация сияқты басқа асқынулармен түскен.

Жылдар бойынша динамикада ойық жаралармен түскендер саны айтарлықтай азаюы байқалады: 2011ж.-326, 2012ж.-326, 2013ж.-252. Ал асқынулар бойынша: 2011ж.-59% қан кету, 25% жара тесілуі, 16% басқа асқынулар; 2012ж.-52% қан кету, 22% жара тесілуі, 26% басқа асқынулар; 2013ж.-51% қан кету, 29%-жара тесілуі, 20%-басқа асқынулар болды.

Қарап тұрсақ қан кетудің саны-59% дан 51% дейін азайған, ал басқа асқынулардың саны (ауырсыну синдромы, пенетрация, стеноз, малигнизация) 16% дан 26% дейін көбейген.

Хирургиялық белсенділік тесілген жараларда 100% болып қалып тұр, қан кетуде 23-21%, ал басқа асқынуларда 52% ден 58% дейін жоғарлаған.

Леталдық тесілген жараларда 3,6-3,9%, қан кетуде 6,2-9,1%, ал басқа асқынуларда 6,8-5,6%.

Төсекте орташа жату жара тесілуде аздап көбейген – 6,9-7,2-8,8, қан кетудеде – 6,8-7,8-8,6, ал басқа асқынуларда орташа 8,3 құрайды.

Барлық ойық жаралардың 33% асқазан жаралары, ал 67% он екі елі ішек  жаралары құрайды. Еркектер -81%, әйелдер-19%.

Жасы бойынша асқазан ойық жараларының 60% 50 жастан жоғары, ал он екі елі ішектің ойық жараларының 59% 49 жасқа дейін кездеседі.

Локализация бойынша: асқазан ойық жарасы денесінде 41%-да, пилорикалық бөлігінде-18%-да, антралды бөлікті-17%-да, кіші иірімде-13%-да, кардий және субкардийде 11%-да кездеседі, ал он екі елі ішек ойық жалары пиязшаның алдыңғы қабырғасында 52%-да, артқы қабырғасында-27%, постбульбарлы-17%-да, ал 4% “сүйісетін” жаралар кездеседі.

Асқазан ойық жараларына аталған асқынулар тән: қан кету-55%, перфорация-17%, стеноз-5%, малигнизация-5%, пенетрация-2%, аралас-2%, ал 14% жараның өршуі. Он екі елі ішек ойық жараларда қан кету -39%-да, перфорация-26%-да, пенетрация-7%-да, стеноз-6,6%-да, аралас 6,4%-да, малигнизация 0,8%, ал 19%-да жараның өршуі кездеседі.

№1 диограммада көрінгендей қан кету мен малигнизация АОЖ, ал перфорациямен стеноз және пенетрация ОЕІОЖ тән.

Оталық белсенділік жалпы 51% құрады. АОЖ-42%, ал ОЕІОЖ-55% болды. Оталардың саны және түрі төмендегідей болды.

Тесілген жараны тігу ОЕІОЖ 21%, ал АОЖ-7%. Асқазан резекциясы ОЕІОЖ көбірек -25%, ал АОЖ-15%. Гастротомия және қанаған жараны тігу 13% дуоденотопиядан көп кездесті-6%, пилоропластика ОЕІОЖ екі есе көп жасалды 3% және 1,5%, ал гастроэктомия 3,3% және жараны кесіп алып тастау 1,5% тек АОЖ жасалынды.

Асқазан резекциясы көбіне ОЕІОЖ жасалынды.

Жедел оталар қан кетудің өршіген кезінде, консервативті емінің нәтижесіздігінде, рецидивте және рецедивтің жоғары ыхтималдығында, яғни Forest I және Forest II жасалынды.

Отаның көлемі аурудың және жараның жағдайына, хирургтың тәжрибелігіне және тәуліктің мерзіміне байланысты болды. Б-II отасы негізінде Ру бойынша гастроэнтероанастомозбен аяқталды.

Отадан кейінгі асқынулар 1,6% тек жараның іріңдеуімен  сипатталды.

Қорытындылар.

  • Ойық жара ауруының асқынуларымен түскендердің саны азаюда: 2011ж.-326, ал 2013ж.-252. Бірақ жедел жағдайда түскендер саны жоғары болып тұр – 96,5%.
  • Ойық жараның асқынулары жиылығы сақталуда: қан кету-54%, перфорация-25%, басқалары-21%. Сонымен қатар қан кетудің мөлшері-59%-дан 51%-ға азайған, ал басқа асқынулар саны 16%-дан 26% көбейген.
  • Ойық жаралардың 33% асқазан, ал 67% он екі елі ішек жаралары, ерлер-81%, ал әйелдер 19% құрайды.
  • Хирургиялық белсенділік перфорацияда 100%, қан кетуде 23-21%, ал басқа асқынуларда аздап жоғарлаған 52%-дан 58% дейін. Асқазан резекциясы көбіне 17%-да Б-II Ру тәсілімен, ал 11% Б-I бойынша жасалынды.
  • Рационалды хирургиялық тактика перфорацияда 3,6-3,9%, қан кетуде 6,2-9,1%, басқа асқынуларда 6,8-5,6% леталдыққа қол жеткізді, ал отадан кейінгі асқынулар 1,6% құрады.

 

Әдебиеттер тізімі

  • Маев И.В., Самсонов А.А. Современные стандарты лечения кислотозависимых заболеваний, ассоциированных с H.pуlori (материалы консенсуса Маастрихт-3) // Consiliиm Medicum: Гастроэтерология. – 2006. – №1. – С. 3-8.
  • Майстренко Н.А., Мовчан К.Н. Хирургическое лечение язвы двенадцатиперстной кишки. – СПб.: Гиппократ, 2000. – 360 с.
  • Панцырев Ю.М., Михалев А.И., Федоров Е.Д. Хирургическое лечение прободных и кровоточащих гастродуоденальных язв // Хирургия. – 2003. – №3. – С. 43-49.
  • Сацукевич В.Н., Сацукевич Д.В. Факторы риска острых осложнений гастродуоденальных язв. – М.: Либерия, – 416 с.
  • Ромашенко П.Н., Майстренко Н.А., Коровин А.Е. и др. Новые подходы в лечении больных с перфоративной дуоденальной язвой // Вестник хирургии имени И.И.Грекова. – 2013. – №3. – С. 42-50.

 

 

 

 

А.З. Сатханбаев, М.Х.Бигалиев, У.А. Муканова, Қ.Дүйсебекұлы, Ж.Ж.Малибеков

Клинический опыт хирургического лечения язвенной болезни желудка и двенадцатиперстной кишки

 

Резюме: В работе проанализировано состояние хирургической помощи больным с осложнениями язвенной болезни в Шымкентской городской больнице скорой медицинской помощи за последние 3года. Из всех  904 больных 96,5% поступили в экстренном, а 3,5% в плановом порядке. 54% осложнений составили кровотечения, 25% прободные язвы а 21% другие осложнения. Хирургическая активность остается высокой: при перфорации 100%, кровотечения-23%, а при других осложнении увеличились с 52% до 58% . 67% всех язв составили язвы 12 п. кишки, а 33% язвы желудка. Большинство резекций желудка сделаны по Б-II с анастомозом по Ру.

Экстренные операции проводились при Forest-I и рецидиве или Forest-II, когда была большая вероятность рецидива.

Рациональная хирургическая тактика позволила снизить летальность и послеоперационные осложнения.

 

 

 

A.Z.Satkhanbaev, M.H.Bigaliev, U.A.Mukanova, K.Duysebekuli, J.J.Malibekov

Clinical experience the surgical treatment of gastric and duodenal ulcer

 

Resume: In this work results of treatment with the complicated diseases of a stomach and duodenal ulcer for the last 3 years in Shymkent Hospital of emergency medical  service were investigated. From total 904 patients 63.5 % were admitted in emergency situations, and 3.5 % – routinely. From them 21 of patients were admitted with frank pain syndrome, penetration, stenosis and malignant transformation. Surgical activity is at high level: at perforated ulcer 100%, at gastrointestinal hemorrhage within 23%-21%, and at other complications with some increase from 52% to 58%. Resection B-II is carried out more often with B-II Ru with anastomozy. Emergency operations are made only at bleeding height on F-І and recurrence or at a high probability of recurrence, i.e. at F-ІІ. Rational surgical tactics led to decrease in postoperative lethality and complications.

 

Жаңалықтар

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индекстелген

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

© 2021 ҚазҰМУ