ПРОЛЕНМЕН ГЕРНИОПЛАСТИКА НӘТИЖЕЛЕРІ

02 Dec 2014

УДК 616.34 – 007.431

 

А.З. Сатханбаев, М.Х. Бигалиев, Қ. Дүйсебекұлы, К.Ж. Тулемисов, С.К. Жолдасов

Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хирургия, анестизиология-реанимация және жедел жәрдем кафедрасы

Шымкент  қалалық жедел  медициналық көмек көрсету ауруханасы

 

 

Авторлар Шымкент  қалалық жедел  медициналық көмек көрсету ауруханасында соңғы үш жылда әр түрлі локализациясымен түскен жарықтардың оталық емінің нәтижелерін, жарықтардың пластикасының классикалық түрлерін және «пролен» аллосеткасын қолданғандағы айырмашылықтарын сараптауды мақсат еткен. Ол үшін 933 ауруды негізгі (186;18%)  және бақылауша топтарға бөліп (747;82%), отадан кейінгі жақын және кеш асқынуларды сараптаған. Нәтижесінде Шымкент қаласында соңғы жылдары жарық саны, оның ішінде жедел жағдаймен түскендердің азайғанын, пролен сеткесін қолдануының көбейгенін, оның жақсы нәтижелігін және айтарлықтай асқына бермейтіні дәлелдейді.

Түйінді сөздер: жарықтар, герниопластика, пролен, Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы (ШҚЖМЖА).

 

Кіріспе: Хирургиялық тәжірибеде, әсіресе жедел хирургияда, жарықтарды емдеу сұрағы әлдеде актуалды болып тұр. Жарықтардың пластикасының жүздеген тәсілдері бар, әсіресе шап жарықтарында 10-25% дейін үлкен деңгейде рецидивтері болатын, ең жиі кездесетін шап жарықтарының герниопластикасы хирургияның проблемаларының бірі болып қалып тұр [1,4,5].

Клиникалық тәжірибеге кеңінен еңгізілген синтетикалық тор эндопротездері рецидивтерді 0,9-3,8% дейін азайтуына қол жеткізді [1,2,5]. Бірақ кейбір имплантантты қолдану біраз асқынуларға әкеледі: жараның іріңдеуі, инфилтрат, серома, жыланкөз, имплантант секвестірі түзелуі. Бір жылдың ішінде 30% дейін тордың бүрусінуіне әкелетін асқынуда кездеседі [1,6]. Протездеуші герниопластикадан кейінгі жарық рецидитерінің негізгі себебі тіндердегі репаративті процестердің бұзылуынан болған эндопротездің интеграциясының жетіспеушілігі [6]. Синтетикалық материалдардың жетілдіруі, текстилді негізінің бекемдік қасиеттерінің, биоинерттілігінің және тіндік қасиеттерінің дұрысталуы протездеуші герниопластиканың нәтижелерін жоғарлауына акелді [3,4,7]. Көптеген авторлардың айтуынша полипропиленге қарағанда биоинертті материал ретінде тіндік реакциясын болмашы және пластика аймағында қабыну- тыртықтану процесін аз қоздыратын жарықтарды пластикалауға оптималды синтетикалық материал болып пролен табылады [6,7]. Сонымен бірге, аллотрансплантант пен “тартусыз” герниопластиканы кеңінен қолданғанымен, өзінің тіндерін қолданып жасаған, рецидивсіз  герниопластика әлдеде актуалды [1,5].

Жұмыс мақсаты соңғы жылдары Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында неше түрлі локализациядағы жарықтардың қақпаларын классикалық тәсілдермен және аллопластикалық тормен пластикалаудың нәтижелерін сараптау болып табылады.

Материалдар мен тәсілдер.

 Жұмыста ШҚЖМЖА соңғы үш жылдағы жарықтармен түскен 933 аурудың ауто және аллопластикалық жолмен жасалған герниопластикалар динамикада салыстырмалы сарапталған. Барлық аурулар 2 топқа бөлінген: 1-негізгісіне герниопластиканы проленмен жасаған 186 (18%) науқас құрады, ал 2-і бақылау тобына жарықтардың қақпасын классикалық әдістермен жапқан 747 (82%) кірді.

Жансыздану әдістері индивидуалды қарастырылды: жергілікті инфилтрациялық, жалпы эндотрахеалды наркоз, жұлындық және эпидуралды анестезия.

Жақын мерзімді нәтижелерді сараптау критериялары -отадан кейінгі ауырсыну синдромы, асқынулар жиылығы және стационарлық емнің ұзақтығы болды. Алыс мерзімді нәтижелерді — созылмалы отадан кейінгі ауырсыну синдромы және рецидивтердің болуын құрады.

Нәтижелер және сараптау.    

Соңғы 3 жылда ШҚЖМЖА 933 ауру жарық бойынша хирургиялық ем алды. Олардың 667 немесе 71% жедел жағдайда жарықтың қысылуымен түскен. Осы жылдары қысылуымен асқынған жарықтар санының азаюы байқалады: 2011ж.-354 оның 287 (81%) жедел жағдайда, 2012ж.-308 оның 195 (63%) жедел жағдаймен, 2013ж.-271, оның 187 (68%) жедел жағдаймен түскен.

 

 

Диаграмма 1 — Жарықтар санының динамикасы

 

Хирургиялық белсенділік жоғарғы деңгейде қалып тұр: 2011ж-97%, 2012ж.-100%, 2013ж.-98%.

Өлім саны созылмалы жүрек шамасыздығы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты қосалқы аурулармен байланысты: 2011ж.- болған жоқ, 2012ж.-5рет немесе 2,6%, 2013ж.-3 рет немесе 1,6%.

Төсекте жату орта есебі төмендеуде: 2011ж.-6,8, 2012ж.-6,7, 2013ж.-6,5. Жарықтардың көбісі 45,9% шап жарықтары, одан кейін 37,7% вентралды жарықтар, кіндік жарықтары – 13,6%, ал сан жарықтары- 3,2% құрады.
Диаграмма 2 —  Жарық түрлері

 

Шап жарықтарының көбісі немесе 83% ерлер құрайды, ал жарақаттардың басқа локализацияларында әйелдер басым: сан жарығында-85,7%, кіндік жарығында-82,7%, вентралды жарықта-76%.

Жасына қарай шап жарықтары біркелкі, сан жарықтары – 85%-те. 70 жастан үлкендерде, кіндік және вентралды жарықтар 50-69 жасқа тән.

Проленмен пластика тек үлкен, гигантты және рецидивті жарықтарда жасалынды, ал қатардағы жағдайларда жарық пластикасының классикалық әдістері қолданылды.

2013 жылы шап жарықтарының пластикасы проленмен 23%, Спасокукоцский-42%, Постемский-23%, Бассини-12% әдістерімен жасалынды. Алдағы жылдармен салыстырғанда проленмен пластика саны көбеюде: 2011ж.-16%, 2012ж.-19%.

Кіндік жарықтарының пластикасында 2013 жылы пролен-24% қолданылғаны, ал Сапешко бойынша -40%, Мейо бойынша-33% жасалынды. Алдынғы жылдарға қарағанда проленмен пластика саны көбеюде: 2011- 11%, 2012-16%.

Вентралды жарықтардың пластикасында 2013 жылы пролен торы 54 % қолданылған, ал Сапешко бойынша 18%, жергілікті ұлпалармен 28% жасалынды. Бұндада алғашқы жылдармен салыстырғанда саны көбеюде: 2011ж-26%, 2012ж-41%.

Сан жарықтарында пролен қолданылған жоқ, пластика негізінен Бассини бойынша жасалынған.

Асқынулар бойынша герниопластикалардың классикалық әдістерімен пролен қолданғандағы  статистикалық шынайы айырмашылық табылмады. Жақын мерзімді асқынулар 0,56% құрады. Оның ішінде: жара аймағында қатты ауырсыну классикалық герниопластикада-0,4%, ал проленмен пластикада-0,16%, жаралардың іріңдеуі-0,4% және 0,1%, серома түзелуі-0,2% және 0,6% құрады. Кеш асқынулар жалпы 3,2% болды. Оның ішінде жарық рецидивтері-2,5%: классикалық пластикаларда-1,6%, проленмен пластикада-0,9%. Жара аймағындағы созылмалы ауырсыну-0,7% кездесті: оның ішінде классикалық пластикада-0,5%, проленмен пластикада-0,2%.

Қорытындылар.

1.Соңғы жылдары Шымкент қаласында жарық бойынша оталар саны азаюда, әсіресе жедел жағдайда. Бұл үрдіс бірте-бірте жарығы бар аурулардың санациясы дұрысталғанын және жоспарлы гаспитализациясының реттелуін көрсетеді.

  1. Жарықтардың ең жиі локализациясы шап және вентралды болып қалып тұр.
  2. Соңғы жылдары үлкен, гигантты және рецидивті жарықтарда пролен торымен герниопластика саны көбеюде.
  3. Пролен ерте және кеш асқынулары аз беретін ең тиімді аллотрансплантант екендігін көрсетті.

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

  • Алиев С.А., Алиев Э.С. Модифицированный способ паховой герниопластики // Вестник хирургии имени И.И. Грекова. — СПб: 2013. — Том. 172. — №4.  — С. 68-71.
  • Алекберзаде А.В, Калюжная Е.Н. Липницкий Е.М. Результаты пластики пахового канала по Lichtenstein // Актуальные вопросы герниологии: Материалы VII конференции герниологов. — М.: — С.15-17.
  • Алишахов Ш.А, Богданов Д.Ю., Матвеев Н.Л. Результаты применения протезирующих паховых герниопластик // Актуальные вопросы герниологии: Материалы VII конференции герниологов. — М.: — С. 21-23.
  • Бабурин А.Б., Самсонов А.В. Паршаков В.В. Возможные пути профилактики рецидивов паховых грыж // Актуальные вопросы герниологии: Материалы VII конференции герниологов. — М.: — С. 26-27.
  • Десяткин В.Б., Павленко В.В., Старченко С.Б. и др. Результаты лечения больных с паховыми грыжами различными способами герниопластики задней стенки пахового канала // Актуальные вопросы герниологии: Материалы VII конференции герниологов. — М.: — С. 84-86.
  • Сурков Н. А. Заринская С.А., Виссарионов В.А. и др. Особенности репаративных процессов передней брюшной стенки в зоне имплантации сетки из пролена // Анн. пласт, реконстр. и эстет. хирургии. – М.: — №1. — С.52-61.
  • Conze J., Kingstnorth A.N., Flament J.B. et al. Randomised clinical trial comparing linhtweight composite mesh with polyester or polypropylene mech for incisional hernia repair // J.Surg. — 2005. — vol.92. — № 12. — P. 1488-1493.

 

 

 

А.З.Сатханбаев, М.Х.Бигалиев, Қ.Дүйсебекұлы, К.Ж.Тулемисов, С.К.Жолдасов

Результаты герниопластики проленом

 

Резюме: Авторы поставили цель проанализировать результаты хирургического лечения грыж различной локализации за последние 3 года с применением классических способов герниопластики и использования аллопластической сетки. Для этого 933 поступивщих больных разделены на 2 группы: основную 186 (18%) и контрольную -747 (82%), среди которых проведен анализ ранних и поздних осложнений. В результате выявлено, что в г.Шымкенте за последние года уменьшается количество госпитализаций с грыжами, особенно в экстренном порядке. Использование проленовой сетки увеличивается, установлено его результативность и малое количество осложнений.

 

 

 

 

A.Z. Satkhanbaev, M.H. Bigaliev, K. Duysebekuli, K.J. Tulemissov, S.K. Joldasov

Results hernioplasty with prolene

 

Resume: The author set a goal to get result of the performed operations of hernia with different localizations for the last three years in Shymkent Emergency Hospital of emergency medical service and also different classical types of hernias and observance of results of using of prolene mesh. For this purpose he divided 933 patients into the main (186; 18%) and observant (747; 82%) groups, also he investigated patients after operation and patients with advanced stage of hernia. As a result in recent years decrease of patients number with hernia was revealed , namely patients with advanced stage of hernia, also using of prolene mesh was increased, its good results and this prolene mesh does not allow to illness development.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ