Мурат Сеитов

28 Sep 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

ҚұрметтіАйкан Аканович менін қызым Өскенбек Салтанат ҚАЗҰМУ жалпы медицина факултетінің 2- курс студенті . Қызым Салтанат жатаққанаға зәру, жанұямызда 2-ұл, 3 қызымыз бар. Үлкен ұлымыз туберкелез диспансерінде емжелуде, яғни ата-анасының қарауында, демек студент қызымыз салтанаттан басқа 4 ұл-қызымыз біздің қарауымызда. Неліктен бізге жатаққана берілмейді? Біз өз тарапымыздан тиісті құжаттардың барлығын тапсырғанбыз. Қазіргі таңда жатаққана ала алмағаннан әркімнің үйіне қонып жүр. Біздің уайымымыз білімі төмендеп кететін болды.Сіздің көмектесуіңізді өтінемін. Көңіл аударғаныңыз үшін алғысымды білдіремін

Ответ:

Сәлеметсіз бе, Мурат Сеитов!

«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенті Өскенбек Салтанат өзіне қарасты деканатқа кәмелетке толмаған 3 балалын құжаттарын тапсырған, осыған орай V (бесінші) кезеңге қойылады. Себебі «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің жатақханадан орын беру туралы Ережесі» бойынша көп балалы отбасына – бірге тұратын, кәмілетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасы жатады.

V (бесінші) кезен жатақханаға мұқтаж студентер тізімін kaznmu.kz сайтында 25 қыркүйекте жариаланады. Жатақханадағы босаған орындарға V (бесінші) кезендегі тізім бойынша жіберіледі.


_ _ _

Loading