Wednesday June 28th, 2017 - Страница 2 из 3 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June 28th, 2017

Алимжан Алимжан

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
сәлеметсіздерме здравоохранение мамандығының баллы нешеден басталады? Оның баллы медицинадан жоғары болады ма?

Ответ:

Сәлеметсіз бе! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Аталған мамандықтардың өту баллы конкурстан кейін белгілі болады.






Ақбота Інкəр

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Саламатсыз ба.Мен 2017 жылғы түлекпін.Ұлттық Бірыңғай тесттілеуден 87 балл жинадым.Фармаевтикалық өндіріс технологиясы факультетіне түсе аламын ба.Таңдау пəнім химия биология

Ответ:

Сәлеметсіз бе! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім грантының конкурына қатысуға және ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған мектеп немесе колледж түлектері қабылданады. Оқуға түсу мәселесі конкурс барысында шешіледі






Жансая Иманалиева

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Саламатсыз ба!Мен Мен ҰБТ тапсырып 133 балл жинадым.1 бейіндік пәнім-биология-39 балл,2 бейіндік пәнім -химия-34 балл.Сіздердің оқу орындарыңызға грантқа түсе аламын ба?

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес Ұлттық жоғары оқу орындарына ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина», «Фармация» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Оқуға түсу-түспеуіңіздің мәселесі конкурс кезінде шешіледі






Марсель Алиев

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіздерме!!! Менің қоятын сұрағым осы 2017-2018 оқу жылына тапсыратын талапкерлерге әр мамандық бойынша бөлінетін грант санын қайдан білсем болады? Стаматология мамандығына грант барма? Қанша?

Ответ:

Сәлеметсіз бе! ҚазҰМУ үшін 2017-2018 оқу жылына стоматология мамандығы бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысының (грант) саны жобаға сәйкес 20 (10 қазақ, 10 орыс бөлімдеріне). Сондай-ақ, жоба бойынша «Жалпы медицина» — 395 (280 қазақ бөл.), «Мейірбике ісі» — 20 (13 қазақ бөл.), «Педиатрия» — 150 (75 қазақ бөл.), «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс», «Фармация» — 5 (3 қазақ бөл.).






Айдын Каримбек

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіз бе?! ұлттық біріңғай тестілеуден 91 балл жинадым. Егер мемлекеттік грантка ие бола алмасам ректордың грантына үміткер болуыма мүмкіншілік бар ма?ол үшін не істеуім керек?  сіздерде ректор грант саны қанша?

Ответ:

Сәлеметсіз бе! Өкінішке орай, ҚазҰМУ-де ректор гранты қарастырылмаған.