Вопросы-ответы Archives - Страница 57 из 419 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Вопросы-ответы

Дана Кемел

25 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Саламатсызба!
1) Осы жылы университетте грант саны артады ма? артса қаншалықты? Университеттегі әр мамандықтардың грант сандары қанша?
2) Грант мамандық бойынша беріледі ме, әлде оқу орны бойынша ма?
3) Жалпы елімізде медицина мамандығына бөлінетін грант саны қазір қанша?

Ответ:

Сәлеметсіз бе, Дана Кемел!
Биылғы оқу жылына ҚазҰМУ-не бөлінген грант саны өткен жылғы грант санымен бірдей. Барлық мамандықтарға бөлінген мемлекеттік тапсырыс саны — 600. Біздің университетімізге қазақ бөліміне жалпы медицина мамандығына 270, педиатрия — 100, стоматология — 10, фармация — 10, қоғамдық денсаулық сақтау — 10 грант бөлінген.  Мемлекеттік білім гранты оқу орны, оның ішінде мамандық, оның ішінде оқу тілі бойынша бөлінеді. Республика бойынша жоғары медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша 3150 мемлекеттік грант орындары медициналық жоғары оқу орындарында конкурс негізінде орналастырылатын болады.






Гульмира Сапарова

25 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Салеметсиз бе? Мен Республикалык Медициналык Колледжин битиргенмин.мамандыгым мейрбике ісі.Сиздерде фармакология саласында кандай мамандыктар бар?.оку акысы канша? Сырттай болимдер барма?Отиниш сурагыма жауап алсам деп едим.Ракмет.

Ответ:

Саламатсыз ба, Гульмира Сапарова! ҚазҰМУ-де «Фармация» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөлімінде оқу мерзімі 5 жыл. Оқудың төлемақысы былтырғы оқу жылы 770 мың теңге құраған, биылғы оқу жылына оқу төлемақысы бекітілмеді. Аталған мамандық бойынша дистанционды оқыту бар, алайда оқытудың бұл формасы жоғары білім негізінде жүзеге асырылады. Колледжді аталған мамандық бойынша бітірген болсаңыз, сіз «Фармация» факультетінің қысқартылған бөліміне түсуге мүмкіндігіңіз болар еді. Өкінішке орай, Сіздің алған орта кәсіптік мамандығыңыз өзгеше болып тұр.






Алтынкуль Демеуова

19 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Здраствуйте я выпускница 2017 года.Я на ЕНТ получила 71 баллов.Я у вас на сайте не смогла узнать цены платного обучения..

Ответ:

Здравствуйте! В этом году мы не разместили цены на обучение, так как они нам еще не известны. В прошлом году обучение в год составляло:
Общая медицина, Стоматология — 847 000; Общественное здравоохранение, Фармация, Технология фармацевтического производства — 771 000.






Гульмира Сопиева

19 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіз бе, Менің сұрайын дегенім ҮБТ дан 59 балл жинады. Бірақ сіздің университетіңіздің қай мамандығына түсе алады ақылы түрде. Және оған не қажет  басқа қанждай жолдары бар.

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Жалпы және таңдау пәндерінің біреуінен көрсетілген баллдардан кем жинасаңыз, сізде тамыз айында қайтадан Кешенді Тест өтуге мүмкіндігіңіз бар, алайда ол тест нәтижелері бойынша сіз ақылы бөлімге ғана қабылдана аласыз.






Әсел Тұрғанбай

19 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Сәлеметсіз бе?! Мен биыл ҰБТ-ден өттім. Жинаған балым 94. Таңдау пәнім био-хим. Сіздерге грантқа түсуге мүмкіндік бар ма? Болса қандай мамандықтарға? Өтініш, жауап беріңізші!
Рахмет!

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Оқуға түсу-түспеуіңіздің мәселесі конкурс кезінде шешіледі.