АИВ-ИНФЕКЦИЯ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК

24 Nov 2014

УДК 616.9 – 097 – 022 + 618.2/.3

 

Г.М. Ахметова, С.М. Утепбергенова, А.Л. Балабекова, С.К. Бахтыгалиева, Н. Исмайлова

C.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

 

 

Осы мақалада АИВ-инфецирленген жүкті әйелдер үшін вирустың  анадан балаға берілу жолдары, вирустың балаға берілу қаупін төмендетуге жағдай жасайтын терапия, вирустың берілуін күшейтетін факторлар қатары, босануды жүргізудің оңтайлы жолдары, босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу. Жұбайлардың бірі АИВ – инфицирленген болса, жүктілікті жоспарлау ерекшеліктері жайында жаңа технология. ҚР барлық облыстарындағы эпидемиологиялық жағдайды сипаттау, статистикалық мәліметтер қарастырылған.

Түйінді сөздер: АИВ-инфекция, жүктілік, АРВ-терапия

 

Мақсаты.

  • АИВ-инфецирленген жүкті әйелдерге қажет ақпаратты толықтай жеткізу;
  • АИВ-инфецирленген әйелдердің жүктілік ағымын жүргізу ерекшеліктерімен таныстыру;
  • ҚР эпидемиологиялық жағдайды көрсету;

Зерттелуі.

  • АРВ терапиясын қабылдаған жағдайда АИВ инфекциясының балаға жұғу жиілігін анықтау;
  • Салыстырмалы түрде ҚР барлық облыстардың эпидемиологиялық статусын саралау;

Кіріспе.

Бүгінгі таңда антиретровирусты терапия әдістерін шыңдау  АИВ-жағдайды түбегейлі өзгертті және АИВ-инфицирленген адамдардың өмір сүру сапасын жоғарылатты. Соңғы жаңалықтар бойынша АИВ-инфекциясы көптеген қолға алынған созылмалы аурулардың бірі ретінде қабылданды,бұл өз кезегінде АИВ-инфицирленген адамдарға толыққанды өмір сүруге, алға мақсат қоюға жағдай жасады.

Негізгі бөлім

АИВ- адамның иммунды жеткіліксіздік вирусы. Бұл вирус жыныстық қатынас арқылы, биологиялық сұйықтықтар арқылы және ана сүті арқылы беріледі. АИВ-инфекциясы анадан балаға берілуі мүмкін, алайда егер болашақ ана жүктілік кезінде антиретровирусты ем қабылдаған жағдайда вирустың нәрестеге өту қаупі айтарлықтай төмендейді, яғни АИВ жұқтырылған әйелден 98% сау бала, 2% инфецирленген бала туылуы мүмкін.

ЖИТС- бұл жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы, яғни АИВ оң адамның иммунитет жүйесі төмендеу нәтижесінде пайда болған аурулардың комплексі. АИВ оң адамда АИВ-инфекциясын жұқтырғаннан кейін бірнеше айдан бірнеше жылға дейін (17 жыл) ЖИТС болмауы мүмкін, ол адамның ерекшелігіне, өмір сүру дәстүріне, антиретровирусты емді қабылдау-қабылдамауына байланысты.

АИВ-инфецирленген ана сәйкес ем қабылдамаған жағдайда ұрыққа мына жолдар арқылы берілуі мүмкін:

  • Жүктілік кезінде бала жолдасы арқылы
  • Босану кезінде биологиялық сұйықтықтар арқылы
  • Ана сүті арқылы

Егер сізде АИВ-инфекциясына тест оң болған жағдайда сіз жүктілік кезінде гинеколог маманымен қоса инфекционист дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс. Дәрігер-инфекционист сізге антиретровирусты ем тағайындайды, бұл препараттар жүктілік кезінде және босану кезінде анадан балаға инфекцияның жұғу қаупін төмендетеді.

Есіңізде болсын, ем алу ешқашан кеш емес. Тіпті егер де сіз АИВ-инфецирленгеніңіз жайлы жүктілік кезінде немесе жүктіліктің соңғы апталарында білген жағдайда, міндетті тексерулерден уақытылы өтпеген жағдайда да интенсивті терапия әдістері бар екенін білгеніңіз жөн.

Өзіңізге және сәбиіңізге байланысты алдыңызға келген қиын мәселелерді шешу үшін сізге жақындарыңыздың қосымша қолдауы қажет болады. Босанудың жолдарын өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңес алғаныңыз жөн, айта кету керек ең қауіпсіз босану жолы кесар тілігі болып табылады, себебі табиғи жолмен босанған жағдайда АИВ-инфекциясының берілуі 6,6% құраса, кесар тілігі арқылы босануда бұл көрсеткіш 1% құрайды. Алайда егер АИВ-инфекция емге жақсы көнген жағдайда табиғи жолдар арқылы босануды қарастыруға болады. Бірақ сізге табиғи жолмен болсын, кесар тілігі арқылы болсын, екі жағдайда да антиретровирусты емнің курсын өту керек.

Сонымен қатар вирустың балаға берілу қаупін мына жолмен де төмендетуге болады:

  • Егер кесар тілігі арқылы босандыру болып шешілген болса қағанақ қуығы жарылмастан бұрын жоспарлы түрде 38 аптада кесар тілігіне алу
  • Егер табиғи жолдар арқылы босандыру болып шешілсе қағанақ суының кетуі мен босану әрекетінің басталуы арасындағы уақытты минималды ету
  • Бала туылғанға дейін нәрестенің қанын мүмкіндігінше алмау
  • Қағанақ қуығын жаруды, ұзаққа созылған босануды, қажетсіз жарақаттауды болдырмау

Босанғаннан кейін акушерка баланың кіндігін кескен бойда нәрестені жуады, содан кейін сіздің балаңызға өмірінің алғашқы 4-6 аптасында антиретровирусты емнің курсын бастайды. Вирус ана сүті арқылы берілетін болғандықтан жасанды қоректендіру ең қауіпсіз нусқау болып табылады.

Босануды жүргізудің әдістері:

  • табиғи жолмен босану, егер жатыр мойны ашылуы 4 см. жоғары болса, активті босану әрекеті басталса, сусыз кезең 4 саіаттан кем болса таңдалады.
  • Кесар тілігі арқылы босану, егер сусыз кезең 4 сағаттан көп болған жағдайда, босану әрекетінің әлсіздігінде, жатыр мойны ашылуы 4 см кем болған жағдайда таңдалады.
  • Қалған жағдайда акушерлік ситуацияға байланысты.

Егерде жұбайлардың бірі АИВ – инфицирленген болса, жүктілікті толық жоспарлау қажет. Кейбір отбасылар инфекцияның анадан балаға берілуінің барынша алдын алу үшін экстра корпоральді ұрықтандыру, шәуетті (сперманы) тазарту, донорлық шәуетті қолдану сияқты қосымша репродуктивті технологияларды қолданады.

Емді қабылдау және уықытылы инфекционистке қаралу өте маңызды. Дәрігер инфекцонист әйелдің денсаулық жағдайына қарай АРВ – терапияны қабылдаудың мейлінше сәйкес схемасын анықтайды. Содан кейін АРВ-профилактиканың эффективтілігін, жанама әсерлерін, тағайындалған емге әйелдің ұқыптылығын қадағалайды. Әйел диспансерлік тіркеуге алынады. Зерттеу жоспары:

  • СД4 лимфоциттерді анықтау
  • вирустық жүктемені анықтау
  • жалпы және биохимиялық қан талдауы

Бұл зертеулер иммундық жүйенің жағдайын анықтау үшін, терапияның эффективтілігін көру үшін, дәрінің жанама әсерін бағалау үшін жасалады.

Босанғаннан кейін АИВ – инфицирленген анадан туылған балаларға профилактикалық жүргізілу-жүргізілмеуіне қарамастан барлығына АИВ-профилактикакесте бойынша жасалады.

АИВ-инфицирленген балаларды зерттеу:

  • Преципиттаты тізбекті реакция 2-4 айлық кезінде
  • Иммунды ферментті талдау 9,12,15 және 18 айлық кезінде

Нәрестенің вакцинациясы туралы шешімді неонатологпен және инфекционистпен бірге эпидемиологиялық жағдайға және баланың клинико-иммунологиялық көрсеткішіне қарай қабылдайды.

Еске салу керек, АИВ-инфецирленген анадан туылған баланың қанында 1,5 жасқа дейін анасының антиденелері болады, сондықтан нәрестеде талдау нәтижесі оң болған жағдайда да сәбидің инфицирленуі жайлы айтуға болмайды.

Дегенімен, кез-келген АИВ-инфицирленген анаға жүктілік алдында барлық мәселелерді ой елегінен өткізіп, сәйкес мамандардан кеңес алғаннан кейін жүктілікті жоспарлау керек. Барлық алдын-алу шараларын жүргізгенімен де аз да болсын АИВ-инфекциясын болашақ нәрестегежұқтыру қаупі бар. Кейбір АИВ-инфицирленген аналардың жүрегіне қаяу болып жүрген мәселелердің бірі бала дені сау болып туғанымен жасөспірімдік шаққа жеткенше жетім болып қалуы, сондықтан жүкті болғысы келетін АИВ-инфицирленген ананың өзі шешім қабылдауы маңызды. АИВ-ке қарсы ем қабылдап жүрген әйелдердің көбісі жүктілікке дейін немесе жүкті екенін білгеннен бастап емді токқтатқысы келеді, осы сұрақтар жайлы медициналық персоналмен жеке сөйлесіп бір шешімге келгені абзал. Негізінен әйел ем курсын жалғастығаны әбден дұрыс. Егер емді тоқтатқан жағдайда  вирустық жүктеме қайтадан жоғарылап кету қаупі бар, ал бұл АИВ-тің анадан балаға берілу қаупін жоғарылатуы мүмкін. Антиретровирусты терапияның бір ғана жанама әсері уақытынан ерте босануды шақыруы мүмкін.

Сайып келгенде, АИВ-инфекциясының анадан балаға берілуін түбегейлі жоққа шығаруға болмайды,оған мынадай факторлар әсер етеді:

  • анасының жоғары вирустық жүктемесі (анасының қанындағы вирустың саны);
  • анасының бейтараптаушы антиденелері (аналық антиденелер ұрықта АИВ-ті белсендіруі мүмкін);
  • плацентарлық мембрананың қабынуы (вирустың енуін тоқтата алмауы мүмкін);
  • босану кезіндегі жағдай (дұрыс орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы, акушерлік қысқыштарды салу кезінде баланың терісін зақымдау);
  • нашақорлық ( жүктілік кезінде ортақ шприцті қолдану);
  • басқа инфекционды аурулар (басқа инфекциалар әйелдің иммундық жүйесін төмендету арқылы АИВ-инфекциясының балаға өту қаупін жоғарылатады);

ҚР барлық облыстарда 1986 жылдан бері өсіп келе жатқан санақ және жекеше 2013 жылғы 12 ай бойынша АИВ-инфецирленген жүкті әйелдердің санағы, жүктілік барысында алғаш анықталғандар, барлық АИВ оң жүкті әйелдер, соның ішінде әрбір жүктіліктің немен аяқталғаны жайлы мәліметтерді 1- кестеден келтірілген.

 

Кесте 1 – АИВ-инфекциясымен жүкті әйелдер 2013 жылғы 12 ай бойынша және өсіп келе жатқан нәтиже 31.12.2013 дейін

Облыстар 2013 жылғы 12 ай бойынша өсіп келе жатқан нәтиже 31.12.2013 дейін
Алғаш

АИВ+

анықтал

ғандар

Барлық жүктілік Жүктіліктің аяқталуы Алғаш

АИВ+

анықтал

ғандар

Барлық жүктілік Жүктіліктің аяқталуы
босану аборт босану аборт
Ақмола 8 13 6 3 49 67 30 28
Ақтөбе 9 11 6 5 39 57 27 27
Алматы 52 68 55 11 222 286 216 60
Атырау 9 11 6 4 29 41 23 15
Шығыс Қазақстан 39 66 33 28 238 315 154 137
Жамбыл 11 13 11 2 64 80 69 11
Батыс Қазақстан 6 12 6 6 69 93 55 34
Қарағанды 42 60 45 22 412 569 324 227
Қостанай 23 36 21 17 173 240 133 102
Қызылорда 2 3 1 0 8 10 3 5
Маңғыстау 3 5 2 1 12 17 13 2
Павлодар 31 51 18 22 307 474 216 244
Солтүстік Қазақстан 9 19 13 7 76 95 46 46
Оңтүстік Қазақстан 30 48 43 10 317 422 323 82
Алматы қаласы 53 88 56 26 411 567 322 200
Астана қаласы 12 20 12 5 82 110 57 41
Барлығы 339 524 334 160 2509 3443 2011 1261

 

ҚР барлық облыстарда 1986 жылдан бері өсіп келе жатқан санақ және жекеше 2013 жылғы 12 ай бойынша АИВ-инфецирленген жүкті әйелдерден туылған балалар санағы, жайлы мәліметтерді 1- кестеден келтірілген. Өсіп келе жатқан нәтижеге кіретін тіркеуден шыққан, АИВ-инфекция диагнозымен туылған, ретроспективті анықталған балалар санағы және қайтыс болғандар, жаңадан тіркелгендер, тіркеуден шыққандар, тіркеуде тұрған балалар санағы жайлы мәліметтерді 2-кестеде ұсынылған.

 

Кесте 2 – АИВ-инфецирленген аналардан туылған балалар 2013 жылғы 12 ай бойынша және өсіп келе жатқан нәтиже 31.12.2013 дейін

Облыстар 2013

жылғы 12 айға

Өсіп келе жатқан нәтиже 31.12.2013 дейін
Туылған балалар Осы көрсеткішке кіреді
Тіркеуден шыққандар АИВ-инфекция диагнозымен Қайтыс боллғандар Келгендер Шыққандар Тіркеуде тұрғандар
Туылған балалар санының ішінен Ретро-спек-

тивті

анық-

талған-

дар

Ақмола 6 30 25 1 0 1 6 2 7
Ақтөбе 6 26 18 1 1 2 0 0 5
Алматы 55 216 131 13 16 9 31 22 72
Атырау 6 23 14 0 0 0 0 4 5
Шығыс Қазақстан 33 152 97 5 3 4 4 2 48
Жамбыл 11 69 44 4 8 4 5 8 14
Батыс Қазақстан 4 52 42 2 1 1 0 0 7
Қарағанды 43 322 235 21 11 7 8 12 55
Қостанай 21 133 89 7 6 6 3 11 23
Қызылорда 1 3 2 0 0 0 0 0 1
Маңғыстау 2 13 8 1 0 2 0 0 2
Павлодар 18 217 174 4 3 4 4 13 26
Солтүстік Қазақстан 12 45 29 3 1 0 1 2 12
Оңтүстік Қазақстан 43 318 242 15 15 16 8 7 46
Алматы қаласы 57 314 194 13 17 6 15 43 73
Астана қаласы 12 57 33 3 2 1 4 10 14
Барлығы 330 1990 1377 93 84 63 89 136 410

 

Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жыдың 12айында тіркелген АИВ-инфецирленген жүкті әйелдердің санағы (Диаграмма 1)

Диаграмма 1

Қорытынды.

Қорытынды шешім:

  • 2013 жылғы 12айға ҚР бойынша АИВинфецирленген барлық жүкті әйелдер санынан алғаш АИВ+ анықталғандар 65% құрайды, осы нәтижеге кіретін санақ Алматы қаласында жаңадан АИВ+ анықталғандар үлесі 10%;
  • 2013 жылғы 12айда ҚР бойынша АИВинфецирленген жүкті әйелдер санынан ең жоғары нәтиже Алматы қаласында эпидемиологиялық статус 16,8% көрсетіп отыр;
  • ҚР өсіп келе жатқан нәтиже АИВ-инфекция диагнозымен туылған балалар 9%, яғни АИВ инфецирленген әйелдерден туылған барлық бала аздаған мөлшерінде ғана осы диагноз анықталғанын көруге болады ;
  • ҚР бойынша өсіп келе жатқан нәтиже АИВ инфецирленген әйелдерден туылған барлық баланың тіркеуден шыққаны 69%;

Жоғарыда келтірілген  мәліметтерде сіздің ойда жүрген сауалдарыңызға жауап табылды деп ойлаймыз. Енді сіз жүкті болуды жоспарлап жүрген болсаңыз барынша оңтайлы шешім қабылдауыңызға тілектеспіз. Жүктілік қалаулы болуы тиіс. Егер сіз қазір жүкті болсаңыз АИВ-инфекциясы жүктілікті үзуге көрсеткіш емес.

 

 

әдебиеттер тізімі

  • 2013 жыл бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің АИТВ Республикалық орталығының статистикалық көрсеткіштері
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 18.04.2012 ж. №272  бұйрығы «Қазақстан Республикасында АИВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу туралы»
  • 11.2011ж. ҚР басқармасының №1280 қарары «Азаматтардың АИВ-инфекциясына  көрсеткіштері бойынша клиникалық және эпидемиологиялық медициналық тексерілу ережелері  туралы»

 

 

Г.М. Ахметова, С.М. Утепбергенова, А.Л. Балабекова, С.К. Бахтыгалиева, Н. Исмайлова

Казахский Национальный Медицинский университет имени С.Д.Асфендиярова

 

ВИЧ-инфекция и беременность

 

Резюме: В данной статье рассмотрены пути передачи вируса от матери к ребенку, терапия уменьшающие риск передачи вируса, факторы усугубляющие риск передачи вируса, особенности ведения родов и послеродового периода для ВИЧ-инфецированных беременных женщин. Особенности планирования беременности новыми технологиями, если один из партнеров ВИЧ-инфецирован. Преведены статистические данные, описание эпидемиологического статуса всех областей РК.

Ключевые слова: ВИЧ-инфекция, беременность, АРВ-терапия.

 

 

G.M. Akhmetova, S.M. Utepbergenova, A.L. Balabekova, S.K. Bakhtygaliyeva, N. Ismaylova

Khazakh National Medical university named  after S.D.Asfendiyarov

 

HIV- infection and pregnancy

 

Resume: In this claus provided ways of transfer of a virus from mother to the child, therapy transfers of a virus reducing risk, factors transfers of a virus aggravating risk, features of conducting childbirth and the postnatal period for HIV-infection pregnant women are considered. Features of planning of pregnancy by new technologies, if one of partners HIV-infection. Statistical data, description of the epidemiological status of all KR areas.

Keywords: HIV-infection, pregnancy, ARV-therapy.

News

All


Video


Gallery

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Useful databases

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


About the journal

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Indexed by

Asfendiyarov Kazakh National Medical University

© 2021 KazNMU