МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ЗАҢНАМА НЕГІЗДЕРІ МОДУЛІНДЕГІ ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

25 Sep 2014

УДК 61:340.1:342.52:378.147

 

А.Б.Отарбаева

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақұлттық медицина университеті,

Медициналыққұқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулі құқық магистрі, оқытушы

 

 

 

Автор мақалада ХХІ ғасырда адамдардың тек ана тілін білуімен шектеліп қана қоймай, жаһандану тілі, ғаламдық тіл, технология мен экономика, коммуникацияның тілі – ағылшын тілінің басымдықтарына тоқталып өтеді. Мемлекеттік тіл саясатыныңөзектілігі мен оны жүзеге асырудағы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақұлттық медицина университеті қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар көрсетіледі. Сондай-ақ, медициналыққұқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модуліндегі үш тілді білім берудің негізгі бағыттары баяндалады.

Түйінді сөздер: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, Қазақстан республикасы, тіл саясаты

 

Ел тәуелсіздігінің маңызды белгісі – мемлекеттік тілі. Ол – тәуелсіз мемлекеттің мәдениеті мен салт-санасының, рухани болмысының негізгі тірегі. Тіл – ұзақ жылдық тарихы бар, ұлттықөркениеттің дамуының нышаны. Тіл арқылы халықөзге халықтардан ерекшеленіп, ұлттыңөзгеден ерек даралығықалыптасады. Тіл – ақпарат алмасудың дара құралы, қанша тіл білсең сонша өркениетті танып білу мүмкіндігіне жол ашылады. Жаһандану заманында дүниежүзі бойынша халықаралық байланыс құралы, халықаралық экономика, халықаралық технология мен халықаралық білім беру тілі – ағылшын тілі. Ең бастысы әлемдік коммуникациялық кеңістік тілі –ағылшын тілі. Заман талабына сай, жаһанданудың мәні ағылшын тілін меңгеру арқылы әлемдік өркениетке етене араласуда.

Қазақстан дүниежүзілік жаһандықүдерістерге белсенді араласа отырып экономикалық, технологиялық, мәдени, әлеуметтік, білім беру саласындағы жаңалықтарға өзіндік үлес қоса алады. Сол арқылы әлемдік өркениеттің дамуында өзіндік орнын табуға жол ашылады. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болады. Бұл қазіргі қоғамда адамдардың тек ана тілін білуімен шектеліп қана қоймай, әлемдік тілдерді, оның ішінде ағылшын тілін білудіңқажеттелігін көрсетеді.

Контитуцияның 7-бабына сай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен теңқолданылады.Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды[1]. Демек, мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне, орыс тілі іс-қағаз жүргізуде қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады. Ал ағылшын тілі Ата заңымызда ресми түрде аталып өтпесе де, жаһандану тілі ретінде дүниежүзі халықтары мойындаған тіл.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақстан республикасыныңәрбір азаматының парызы – қазақ тілін білу, тілдің ерекшелігін сақтау және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, тіл сақталса ғана – халықтыңұлттық болмысы сақталады. Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі – Қазақстан аумағында екі ғасырға жуық салтанат құрды. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, шет жерлерде өз дүниетанымы мен ой-өрісін кеңейтті. Ағылшын тілі – ХХІ ғасырда әлемді танудың кілтіне айналды. Ағылшын тілін меңгеру жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады, жаһанданудың кепілі ретінде танылады. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдіңөзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз, ал ағылшын тілі дүниежүзі халықтары «биресми» тіл ретінде мойындалған сөйлесу құралы. Бұл үрдіс Қазақстан аумағына таралып, тамырлай бастағаны да баршаға аян. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерініңҚазақстан халқы үшін маңыздылығы тарихи үдерстермен қалыптасқан заман талабының жемісі.

Қазақстан республикасы Президентінің саясатына орай әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың бірі, қазақстандықтардың кемінде үш тілді меңгеруі «Үш тұғырлы тіл» стратегиясында 2004 жылы жария етілді. Елбасы өзінің 2011-ші жылғы «Болашақтың іргесін бірігіп қалаймыз!» атты Қазақстан халықына Жолдауында: «Мен қазіргі заманғы қазақстандықүшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деген болатын [2]. 2011 жылғы 29 маусымда № 110 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасында тілдерді дамтыу мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардыңүлесiн (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15 %-ға дейiн) ұлғайтуды көздейді [3]. Сондай-ақҚазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудыңұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Бұл үш тілді қатар білуге арналған тіл саясатына сәйкес мемлекеттік тілдің доминанттық рөлін күшейтуге келіп саяды. [4]. Еліміздіңәлемнің дамыған елу мемлекетініңқатарынан орын алуы үшін бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақты қалыптастыру мәселесінде мемлекеттік тіл саясатыныңөзіндік үлес қосатыны айқын. Себебі, тек бәсекеге қабілетті азаматтар ғана Отанымыздың тұрақты дамуына, бәсекеге қабілеттілігіне өз үлесін қоса алады. Азаматтар көп тіл білген сайын соғұрлым мүмкіндіктері арта түсетіндігіне, әлем кеңістігіне жол ашатындығына, ғаламтор, ақпараттық технология саласын жетік меңгеретіні анық.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан мемлекеттік үш тілдік саясаты қоғамда кеңінен қолдау тапты. Тіл саясатының артықшылықтары мен ерекшеліктері ескеріле отырып, халықаралық Балон үрдісіне енген Қазақстан республикасының жоғарғы оқу орындарынында «Мемлекеттіктіл саясаты» өзіндік орынға ие. Мемлекеттік тіл саясатына сай, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазақҰлттық Медицина университеті көп тілді (қазақ, орыс, ағылшын) білім беру үрдісін2010 жылдан бастап қолға алды. Университетте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру жүйесінің пилотты стратегиясы дайындалып, студенттер ағылшын тілінде эллектив сабақтарын оқи бастады. Келесі оқу жылында көп тілді білім беру саясаты жоспары түрде жүзеге асырылып, қазіргі таңда барлық сабақтарды ағылшын тілінде оқитын арнайы топтар құрылды. Жаңа үш тілді оқытуға арналған концептуалды бағдарламаның мақсаты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлесе алатын ортаны қалыптастыруға бағытталады. Университетке білім іздеп келген барлық студенттер қазақ, орыс және ағылшын топтарына түсу арқылы өздері қалаған тілде білім алады. Ал оқытушылар түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқыту үрдісін қызықты, әрі үйлесімді етуді мақсат тұтады, оқыту үдісіне жаңашылдықты енгізуге бар ынта-жігерін салады. Университет басшылығы көп тілді оқыту барысында студенттерге білім беретін кадрларды дайындауды да назардан тыс қалдырмайды.Университет қабырғасында оқытушыларды арнайы оқытып, білім деңгейлерін көтеру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылады.

С.Ж. Асфендияров атындағы Медициналыққұқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінде Университеттік «көп тілді білім беру саясатына» сай қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім беру қолға алынып, жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Білім беру үрдісінде бірінші және екінші курс студенттері 80% өздері білім алатын тілінде, 20% өзге тілдерді қолдану арқылы білім беру үрдісін жан-жақты ету саясаты қолданылады. Модуль оқытушылары студенттердің бойында құқыққа деген қызығушылықтарды қалыптастырумақсатында оқытудың келесі бағыттарды басшылыққа алады:

– нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып, қазіргі заманға лайықты құқықтық білікті тұлғаны қалыптастыру;

– оқытуда көп тілді білім беру саясатын басшылыққа алу;

– жеке тұлғаны дамыту арқылы өзіндік «дара» тұлғаны қалыптастыру;

– ақпараттық технологияларды қолдану арқылы заман талабына сай, заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеу;

– оқытудың сапасына көңіл бөле отырып, студенттерді ғылыми жұмыстар жасауға баулу.

Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай үш тілді білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасау, олардыңқажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға баулу оқытушылардыңқажырлы еңбегін талап ететін өзекті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және мәдени өзгеруінің көшбасшысы ретінде, жоғарыда көрсетілген бағыттарды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыра алады. Сондай-ақ студенттерге құқықтық тұрғыдан көп тілді білім беру саясатын басшылыққа ала отырып оқу үрдісінде қолдана білу – келесі бір өзекті мәселені құрайды. Себебі құқықтық тұрғыдан білім беру – өзіндік қыр-сыры бар ғылым саласын құрайды.

Университетте оқытылатын «Құқық негіздері» пәні аясында құқықтың он екі саласы оқытылады. Әрбір саланыңөзі жеке бір құқықтың саласы, әрқайсысыныңөзіндік терминологиясы мен қолданылу аясы бар. Студенттер оқу үрдісі барысында әрбір құқық саласын қызығышылықпен талдайды. Дегенмен оларды етене түсіну қажырлы еңбек пен үлкен ізденісті талап етеді. Негізгі дерек көздері заңқұжаттары, нормативтік-құқықтық актілер мен зерттеу еңбектерін жан-жақты қарастыруды талап етеді. Дегенмен осы орайда арнайы глоссарий сөздіктері үш тілде ұсынылады, студенттер сабақ барысында қолданылатын тірек сөздердіңүш тілде аудармасын түсіне алады. Дәріс материалдары үш тілде дайындалып, заңқұжаттарымен бірге түсінідіріледі. Электронды заң порталы студенттерге үнемі ұсынылып, онда үш тілде кез-келген заңды таба алатындығы әрбір сабақта баса көрсетіледі. Сондай-ақ «Құқық негіздері» пәнінде ситуациялық есептерді талдау арқылы теория жүзінде алған білімдерін тәжірибеде қолдана алады. Дегенмен үш тілді білім берудіңөзіндік қиындықтары бар екендігін де ата өткен жөн. Тәуелсіз әрбір елдіңқұқықтық негізі мемлекеттік тілі секілді дара қалыптасады, және қолданылу аясы негізінен алғанда Қазақстан аумағында болады. Қазақстанның тұрғындары негізінен қазақ және орыс тілді халықтардан құралғандықтан, нормативтік-құқықтық актілердің көпшілігі қазақ тілінде жасалады, арнайы түсіндірме оқу құралдары да аталған тілдерде шығарылады. Ағылшын тілді аударма жаңа бастама болғандықтан, кей реттерде арнайы түсіндірме құралдары жоқтыңқасы, аударма жұмысымен айналысу оқытушылар мен студенттер үшін қиындық тудырады. Ал ағылшын тіліндегі әлемдік заңәдебеиттері отандыққолданысқа арналмаған, оларды тек салыстырмалы анализ жасау құралы ретінде пайдалануға ұсынылады. Осы тұста ағылшын тілінде құқықтық білім беретін жоғарғы оқу орындарының бірі ретіндегі жауапты міндетті С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақұлттық медициналық университеті қолға алғандығын ерекше атап өткен жөн.

Медициналыққұқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінде оқытуды белсенділендіру мен көп тілді білім беру саясаттын насихаттау мақсатында –білім берудің арнайы жолдарықарастырылып, студенттердің шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасалады, оларды қызықтыра алу, оқуды ғылыми негізде ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Ғылыми жұмыстар мен тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда университеттің көп тілді саясат басшылыққа алынады. Сондай жұмыстардың бірі модулде жүргізілген «Студенттер – жемқорлыққа қарсы» атты студен аралық конференция, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүзеге асырылды. Студенттер үш тілде өздерініңғылыми және шығармашылық жұмыстарын ұсынып, өздерініңүш тілді жетік меңгергендігін тағы да бір дәлелдеді.

Қорыта келгенде, Медициналыққұқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модуліндегі тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердіңүштұғырлылығы. Оқыту үрдісінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, татулықта өмір сүруі үшін өзіндік үлес қосу.

 

 

Список литературы

1       Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 г. // http://adilet.zan.kz/rus/docs/K930001000_

2       «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. НазарбаевтыңҚазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz/kz/page/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-28-01-2011zh_1341123781

3       Қазақстан Республикасында тілдерді дамтыу мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1100000110

4       Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердіңүлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424

 

 

 

 

 

 

А.Б.Отарбаева

Казахский национальный медицинский университет

имени С.Д. Асфендиярова

 

ОСНОВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ТРЕХЯЗЫЧИЯ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ НА МОДУЛЕ МЕДИЦИНСКОГО ПРАВА С ОСНОВАМИ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА В ЗДРАВООХРАНЕНИИ

 

Резюме:Автор в статье раскрывает идею о роли английского языка – как мирового языка, языка технологий, экономики и языка коммуникаций, а также о том, что в ХХІ веке владение одним, родным языком является недостаточным. При организации работы раскрывается значимость и развитие политики государственного языка в КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова. В связи с этим, модуль медицинского права с основами законодательства в здравоохранении представляет основные направления трехязычия.

Ключевые слова: казахский язык, русский язык, английский язык, республика Казахстан, языковая стратегия

 

 

 

 

 

A.B. Otarbayeva

Kazakh National Medical University named by S.D. Asfendiyarov

 

MAIN DIRECTIONS OF TRILINGUAL IN EDUCATIONAL PROCESS ON THE MODULE OF MEDICAL LAW WITH THE BASICS OF LEGISLATION IN HEALTHCARE

 

Resume: Author in the paper dwells main idea of the role of English as a world language, the language of technology, economics, and communication language, as well as that in the twenty-first century skills in one’s native language is insufficient. The organization of work reveals the importance and development of official language policy in the Kazakh National Medical University named by S.D. Asfendiyarov. In this connection, the module of medical law with the basics of legislation in healthcare is the main directions of trilingual.

Keywords: Kazakh, Russian, English language, Republic of Kazakhstan, Language strategy

Жаңалықтар

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индекстелген

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

© 2021 ҚазҰМУ