27 Nov 2014
УДК 616.24-002.5-053.6:579.873.21
Г.С. Еркенова
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті,
Алматы қаласы
Зерттелген 65 науқас салыстырмалы сипаттамалары бойынша екі топқа бөлінді: негізгі I топ — 34 науқас дәріге төзімді туберкулез микобактериясы (ТМБ) бөлушілер, II топ- 31 науқас дәріге сезімтал ТМБ бөлушілер).Зерттеу өткізген науқастар арасында 75,0% мультирезистентті туберкулез тіркелді, клиникалық формалары бойынша өкпенің инфильтративті туберкулезінің үлесі жоғары — 56,3 %, ТМБ бөлу қарқындылығы айқын (++,+++) -38,0% микроскопиялық, ал- 34,0% себу әдіспен).
Түйінді сөздер: науқас, дәрі, туберкулез
Алғы сөз: дәріге төзімді туберкулез, туберкулез микобактериясын (ТМБ) бөлушілер,жасөспірім, микроскопиялық, себу әдісі.
Өзектілігі: Соңғы жылдары дәріге тұрақты туберкулез дүние жүзінде жыл сайын көбеюде, жыл сайын анықталатын 9 миллион науқастар арасында дәріге тұрақтылық 5% құрайды, барлық туберкулезбен ауыратын науқастардың ішінде дәріге тұрақтылық 25-30% анықталады (1,2,3)
Зерттеу мақсаты: Қазіргі кезендегі көп дәріге төзімді туберкулездің ерекшеліктерін анықтау.
Кесте 1 — ҚР бойынша біріншілік және жүре пайда болған дәріге төзімділік көрсеткіштері
Біріншілік ДТ
Екіншілік ДТ |
Материалдар және әдістері: Қазақстан Республикасының Ұлттық туберкулез мәселелері орталығының балалар бөлімшесіндегі 66 науқастың сырқатнамасына сараптама жүргізілді. Бұл сараптама 2008-2011 жылдар аралығын құрайды (сурет 1).
Барлық науқастар салыстырмалы сипаттамалары бойынша екі топқа бөлінді: негізгі I топ — 34 науқас дәріге төзімді туберкулез микобактериясы (ТМБ) бөлушілер, II топ- 31 науқас дәріге сезімтал ТМБ бөлушілер (2 кесте)
Кесте 2 — Науқастарды жасына және жынысына сәйкес топтастыру
Топтар | Науқастар саны | Жынысы | Жасы | ||
ер | әйел | 15-16 | 17-18 | ||
ДТТ | 34 (100%) | 11 (32,4%) | 23 (67,6%) | 6 (17,6%) | 28 (82,3%) |
ДСТ | 31 (100%) | 14 (45,1%) | 17 (54,8%) | 8 (25,8%) | 23 ( 74,1%) |
Барлығы | 65 (100%) | 25 (38,4%) | 40 (61,5%) | 14 (21,5%) | 51 (78,4%) |
Кестеде көрсетілгендей, екі топтағы зертелген науқастардың басым бөлігі әйелдер (67,6% және 54,8%). Екі топтағы науқастардың жартысынан көбі 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер құрайды. Екі топтағы науқастардың туберкулездің құрылымдық түріне және клиникалық-рентгенологиялық көріністеріне қарай зерттелген топтар бірдей болды. Науқастарды клиникалық түрлеріне сәйкес топтастырдық .
Екі топта да өкпенің инфильтративті туберкулезінің үлесі жоғары болды, I топта — 56,3 %, ал II топта- 69,0% дейін құрады.
Зертелген топты ТМБ бөлу қарқындылығы бойынша салыстырдық (Сурет 3).
Микроскопиялық әдісімен I топта аса айқын емес (ТМБ +) – 12,5 %, ал II топта –бұл науқастар 41,4% дейін анықталған. ТМБ бөлу қарқындылығы жоғарырақ (ТМБ++) I топта — 18,7 %, II топта -41,4% дейін құрады. Айқын (ТМБ +++) бөлүшілер I топта жиі кездесті — 68,8%, ал II топта сирек анықталды — 1,8%. Науқастардың себу әдісімен анықталған ТМБ нәтижесін сараптадық.Себу әдісімен I топта аса айқын емес (ТМБ +) – 12,5 %, ал II топта – бұл науқастар басым болды – 62,1% дейін анықталған. ТМБ бөлу қарқындылығы жоғарырақ (ТМБ++) I топта — 15,6 %, II топта – 27,6% дейін құрады. Айқын (ТМБ +++) бөлүшілер I топта жиі кездесті – 71,9%, ал II топта сирек анықталды — 10,3%.
Туберкулезге қарсы дәрілерге резистенттілігі.
I топтағы науқастар арасында монорезистенттілік 2(6,25%), полирезистенттілік у 6(18,7%), мультирезистенттілік 24(75,0%) науқаста дамыған. 1 топтағы науқастардың туберкулезге қарсы дәрілерге резистенттілігі талқылап қарағанда науқастар арасында басым бөлігі негізгі дәрігерлерге тұрақтылық дамытқанын байқауға болады .
Оның ішінде Н-62,1%, R-52,4%, E-33,1%, S-60,5% дейін тұрақтылық құрады. Сонымен қатар резервті препараттарға тұрақтылық дамығанын байқауға болады, яғни Cm-8,2%, Of-6,4%, Eto-16,4% .
Жоғарыда көрсетілген науқастар арасында қалдық өзгерістер аз мөлшерде I топта — 21,9%, орташа — 56,2%, айқын -21,9% болса, II топта — 51,8%, орташа — 41,3%, айқын -6,9% байқалған.
Қорытынды:
Өткізген зерттеуді нәтижеле келіп КДТТБ науқастар арасында 75,0% мультирезистентті туберкулез тіркелді , жоғарғы көрсеткішті 65.6% әйелдер, 83,6% 16-18 жастағы жасөспірімдер құрайтыны анықталған.Клиникалық тұрлеріне тоқталса өкпенің инфильтративті туберкулезінің үлесі жоғары болды — 56,3 %, науқастар арасында ТМБ бөлу қарқындылығы айқын (++,+++) болды (38,0% микроскопиялық, 34,0% себу әдіспен).
әдебиеттер тізімі
- Ерохин В.В., Земскова З.С. Современные представления о туберкулезном воспалении // Пробл. туб. – 2003. — № 3. – С. 11-21.
- Исмаилов Ш.Ш., Турсынбаева А.С., Аденов М.М. Эпидемиологическая оценка больных туберкулезом с лекарственной устойчивостью, зарегистрированных в национальном регистре Республики Казахстан за 2003-2006 гг // Фтизиопульмология.- — №2 (12). – С. 14-17.
- Сахелашвили М.И..,Балита Т.М.,Структура и течение химиорезистентного течения туберкулеза у детей и подростков. // Туберкулез и болезни легких. – 2010. — №8. – С. 46.
Г.С. Еркенова
Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова,г.Алматы
Особенности течения мультирезистентной формы туберкулеза
Резюме: В результате проведенных исследований можно сделать следующие выводы:
- Среди мультирезистентных форм туберкулеза 83,6% составляют подростки 16-18 лет, из них 65.6%составляют пациенты женского пола.
- 56,3 % составили пациенты с инфильтративным туберкулезом легких.
- В 38,0% бактериовыделение (2+ и более) установлено, бактериоскопическим ,а, в 34,0% бактериологическим методом.
- В 75,0%случаев среди всех впервые выявленных пациентов, установлена мультирезистентная форма туберкулеза.
Ключевые слова: мультирезистентный туберкулез, подростки, бактериовыделение
G.S. YERKENOYA
The Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov, Almaty c.
COURSE MDR-TB
Resume: Research results showed that multiresistant tuberulisis more often met in age 16-18, the stake of infiltration tuberculosis of 56,3% increased, that is characterised the sharp beginning of disease. By widespread processes with destruction, bacterioselection (38% by a microscopic method , 34% method of sowing) . At primary medicamental stability for teenagers monoresistance made -2( 6,25%), polyresistance for 6 (18,7%) and multiresistance for 24(75,0%). The height of number of the first educed teenagers is marked with medicinally- steady tuberculosis of breathing organs – 75 % of cases.