С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін 6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша ізденуші
Ибадуллаева Ғалия Сәруарқызының
«СО2-экстракттары негізінде жаңа фитопрепараттардың фармацевтикалық негіздемесін жасау және стандарттау» тақырыбы бойынша дайындаған ғылыми диссертациялық жұмысын қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің «Фармацевт-технолог» модулінде орындалды.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Рецензенттер:
Шертаева Клара Джолбарисовна – профессор, фарм.ғ.д. (15.00.01 – Дәрілер технологиясы және фармацевтика ісін ұйымдастыру), Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясының «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы.
Тауекелова Алия Рамаевна – фарм.ғ.к. (15.00.01 – Дәрілер технологиясы және фармацевтика ісін ұйымдастыру), «Асал Дыш Тиджарет Аноним Ширкети» Қазақстан Компаниясының өкілділігі, дәрілік заттарды тіркеу бойынша менеджер, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілер:
Ділбархан-ұлы Рахымжан – профессор, фарм.ғ.д.; С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті; Қазақстан Республикасы.
Пичхадзе Гурам Михайлович – профессор, м.ғ.д.; С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті; Қазақстан Республикасы.
Устенова Гульбарам Омаргазиевна – доцент, фарм.ғ.д.; С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті; Қазақстан Республикасы.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Тихонова Светлана Александровна – профессор, фарм.ғ.д.; «В.И. Вернадский атындағы Қырым федеральды университеті», С.И. Георгиевский атындағы Медициналық академия; Симферополь қаласы, Ресей Федерациясы.
Ғылыми қорғау 2015 жылдың тамыз айының 28 күні сағат 16.00-де С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті жанындағы 6D110400 — «Фармация» және 6D074800 — «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі № 94 үй, ректор ғимараты, 3 қабат, кіші конференц-зал.