Диссертациялық кеңес — докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жанындағы алқалы органдар;
Мақсаты:
Докторанттардың орындаған жұмыстарына сараптама жасау арқылы ғылыми әлеуетті дамыту және диссертациялық зерттеу нәтижелерін обьективті бағалау.
Міндеттері:
- Философия докторы (Phd) дәрежесін беру туралы ережеде белгіленген критерийлерге ұсынылған диссертациялар дәрежелерінің сәйкестігін анықтайды;
- Философия докторы (Phd) дәрежесін береді;
- Басқа диссертациялық кеңестерде қорғалған диссертациялар бойынша қосымша қорытындылар береді;
- Диссертацияны қорғауға және қорғауға ұсыну тәртібін бұзу тәртібі бойынша дәрежелер беру туралы өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қорытындылар береді;
- Философия докторы (Phd) дәрежесін беру туралы ережеде белгіленген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Функциялары:
- Диссертация қорғауға құжаттарды қабылдау;
- Қорғау қызметін және диссертация бойынша ресми рецензенттерді тағайындау;
- Диссертациялық кеңестің құрамынан докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған беттен бөтен материалды пайдаланғанын тексеру үшін комиссия құрады;
- Диссертацияның ашық түрде қорғауын өткізу;
- Диссертация бойынша шешім қабылдау.
Диссертациялық кеңес мүшелерінің қызметі:
Төрағасы:
- Диссертациялық кеңестің қызметіне жалпы басшылықтты жүзеге асырады;
- Диссертациялық кеңестің отырыстарын өткізеді;
- Диссертациялық қорғаудың белгіленген талаптарының сәйкестігін қамтамасыз етеді;
- Диссертациялық кеңестің қызметі мен жұмысын ұйымдастыруға жауапты.
Төраға (-айым) орынбасары:
- Диссертациялық кеңестің төрағасы қорғалатын дисеертация бойынша ғылыми кеңесші болып табылатын жағдайларда, сондай-ақ диссертациялық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда, кеңес отырысын өткізу жөніндегі диссертациялық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асырады;
Ғылыми хатшы қаматамасыз етеді:
- Докторант ұсынған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру;
- Докторанттың диссертациясын қорғағаннан кейін аттестаттау ісін қалыптастыру;
- Диссертациялық кеңес отырыстарындағы кворум;
- Диссертациялық кеңестің отырыстарын өткізу үшін қажетті құжаттаманы дайындау;
- Философия докторы (Phd) дәрежесін беру туралы диссертациялық кеңес қабылдаған шешімдер туралы тоқсан сайынғы есепті және диссертациялық кеңестің күнтізбелік жылдағы жұмысы туралы есепті дайындау;
- Қорғау тәртібін бақылау;
- Диссертациялық кеңестің іс жүргізуі.