Тестілеу орталығы

Біз туралы

Оқу үдерісін жетілдіру және Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 1995 жылғы 18 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік медицина университетінде Тестілеу орталығы ашылды.

Тестілеу орталығы университет Жарғысына сәйкес жұмыс істейтін Қазақ ұлттық медицина университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қазіргі уақытта Тестілеу орталығы Оқу ісі департаментінің құрамына кіреді.

Бүгінгі таңда Тестілеу орталығының аумағы 720 м² құрайды. Орталықта 274 орын жеке компьютерлермен жабдықталған, сондай-ақ 54 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде 12 камера 360° бұрылады.

Білім алушылардың білімін бақылау мақсатында компьютерлік тестілеу және жазбаша электронды емтихан өткізіледі. Тестілеу Platonus платформасында, ал жазбаша электронды емтихан https://dsc.kaznmu.kz/exam-stud платформасында жүзеге асырылады. Офлайн форматта өтетін емтихандар кезінде Тестілеу орталығында тұрақты бейнебақылау жүргізіледі. Егер емтихан онлайн форматта өткізілсе, прокторинг жүйесі қолданылады.

Тестілеу орталығында өтетін студенттердің білімін бақылау түрлері

  • Аралық аттестаттау;
  • Дайындық тестілеу;
  • Магистратура мен докторантура мамандықтарына түсу емтихандары;
  • Талапкерлер үшін психотест;
  • Қорытынды емтихан.

Тестілеу орталығының мақсаттары

Білім беру үдерісін жүзеге асыру және басқару – білім алушылардың білімін бағалау рәсімдері шеңберінде оның сапасы мен тиімділігін, сондай-ақ ашықтығын арттыру мақсатында компьютерлік тестілеу және жазбаша-электрондық емтихан әдістерін қолдану.

Тапсырмалар

  • Жүйеде білім алушылардың білімін бақылаудың тестілік және жазбаша-электрондық нысандарының деректер қорын қалыптастыру бойынша кафедралар мен ОЖСБ жұмысына үйлестіру жүргізу;
  • Заманауи компьютерлік технологиялар негізінде тестілеу материалдарын әзірлеу және қолдану процестеріне бірыңғай бағдарламалық-аппараттық тәсілді қамтамасыз ету;
  • Білімді бақылаудың тестілік және жазбаша-электрондық нысандарына арналған университеттің бақылау құралдарының техникалық стандарттарын қалыптастыру.

Функциялары

  • Емтихандарды компьютерлік тестілеу және жазбаша-электрондық нысандарда өткізу (бекітілген кестеге сәйкес білім алушыларды емтиханға тағайындау, емтихан нәтижелері бойынша есептік құжаттарды қалыптастыру);
  • Жүйеде тест тапсырмаларының қорын қалыптастыру және ұйымдастыру (тест тапсырмаларына техникалық сараптама жүргізу, тест қорының дұрыс қалыптасуын тексеру, ПОҚ құрамын тест базасын құруға оқыту және т.б.);
  • Білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясын, аралық бақылауды компьютерлік тестілеу және жазбаша-электрондық емтихан нысанында өткізуге бағдарламалық-техникалық қолдау көрсету;
  • Университетте тестілеу және жазбаша-электрондық емтихан өткізу тәртібін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тестілеу орталығының басшысы

Маймакова Айгерим Мейрбековна

Кабинет номері: №2 оқу корпусы, №10 кабинет

Телефон: 8(727)338-70-90, ішкі:(70-32)

Тестілеу орталығының құрамы

Тестілеу орталығының маман -координаторы — Ахметова Асель Умитбековна
Телефон: 8(727) 338-70-90, ішкі. 7283
Email: [email protected]
Кабинет номері: №2 оқу корпусы, Тест орталығы


Тестілеу орталығының маман -координаторы  — Амангельдиева Ардак Амангельдиевна
Телефон: 8(727) 338-70-90, ішкі. 7283
Email: [email protected]
Кабинет номері: №2 оқу корпусы, Тест орталығы


Тестілеу орталығының маман -координаторы — Аймуратова Аружан Шорабайқызы
Телефон: 8(727) 338-70-90, вн. 7283
Email: [email protected]
Кабинет номері: №2 оқу корпусы, Тест орталығы


Тестілеу орталығының маман -координаторы— Алимбекова Айнур Бекмаханкызы
Телефон: 8(727) 338-70-90, вн. 7283
Email: [email protected]
Кабинет номері: №2 оқу корпусы, Тест орталығы


Тестілеу орталығының маман -координаторы — Касымбеков Арман Орынбасарулы
Телефон: 8(727) 338-70-90, вн. 7283
Email: [email protected]
Кабинет номері: №2 оқу корпусы, Тест орталығы