Жастар саясаты жөніндегі Кеңес

Жастар саясаты жөніндегі Кеңес Университетте Жастар саясатын жүзеге асыру және іске асыру жөніндегі қызметтің алқалы кеңесші, үйлестіруші органы болып табылады.

Кеңестің  негізгі мақсаттары басымдықтарды айқындау, білім алушылардың мәселелерін шешу бойынша кешенді шараларды қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу және Университеттің жастар саясатын әзірлеу, енгізу және жетілдіру процестерін үйлестіру болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеттері:

  • Университеттің жастар саясаты саласындағы стратегиялық бағытын анықтау және әзірлеу;
  • бағыт бойынша жұмыстың тиімділігін талдау және жетілдіру әдістерін анықтау;
  • жетекшілік ететін проректордың басшылығындағы құрылымдық бөлімшелер қызметінің бағыты бойынша назар аударуды талап ететін мәселелерді талқылау;
  • жастар саясаты мәселелері бойынша ішкі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау және қарау.

Кеңестің негізгі қызметтері:

  • жастар саясаты саласындағы негізгі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және бекіту;
  • Университетте жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау;
  • жастарға арналған іс-шараларды өткізу саласындағы жұмысты жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар туғызу;
  • жастар саясаты мәселелері бойынша университет қызметінің стратегиялық жоспарын әзірлеу;
  • жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді реттеудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • жастардың әлеуметтік, құқықтық, білім беру, мәдени, адамгершілік, патриоттық, дене шынықтыру және өзге де даму салаларындағы құрылымдық бөлімшелердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
  • жастар саясаты мәселелері бойынша кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
  • жастар саясаты саласындағы шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерделеу және қорыту;
  • Университеттің жастар саясаты саласындағы өңірлік және республикалық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылына жәрдемдесу. 

Солтанай Жәнібек

Төраға, ректордың жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі; (БМСК) орталығының бас дәрігерінің орынбасары, білім алушылар омбудсмені

Шермет Шерзат Розметұлы

Төраға орынбасары, білім алушыларды дамыту және қолдау департаментінің басшысы

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
2025–2026 оқу жылына арналған Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері

Қызметкерлер тізімі
Аты-жөні Лауазымы
1Бекжанов Аян ЖайнарұлыӘСПжТ орталығының жетекшісі
2Төлегенова Шаттық МықтыбайқызыХалықаралық факультет деканының орынбасары
3Исаева Меруерт НұртайқызыЖалпы медицина мектебі-2 бас маманы
4Альсеитова Назира АмантаевнаСтоматология мектебінің бас маманы
5Аскаров Нұрбек МаратовичҚДС мектебінің бас маманы
6Ерменбаев Дидар ЕрменбайұлыАлматы қ. №28 қалалық емханасы директорының орынбасары
7Балтабай Бекболат Сапарбайұлы«Шаншаров-Фарм» ЖШС фармакологиялық қадағалау жөніндегі уәкілетті тұлға
8Курмантаев Еламан Нұрболатович«Rauda» клиникасының директоры
9Төремұратов Данияр АсқарұлыДәрігер-резидент, реабилитолог
10Сушенов Асанали АрманбековичПавлодар қаласындағы РНПЦПЗ филиалының дәрігер-психиатры
11Сыдыкова Бахтинур ШавкетовнаАлматы қ. №1 ҚКБ дәрігер-пульмонологы
12Шакбай Самат БақтыбайұлыШымкент қ. омыртқа орталығының дәрігер-реабилитологы
13Худайберген ЖұлдызЖалпы медицина, 3 курс студенті
14Сағымбеков ҚаһарманЖалпы медицина, 5 курс студенті
15Болат Әсел ӘлішерқызыПедиатрия, 5 курс студенті
16Жұмағалиева Арай НұржанқызыСтоматология, 4 курс студенті
17Нұржаубаев БекнұрТФП, 3 курс студенті
18Соколова Анастасия АлександровнаЖалпы медицина, 5 курс студенті
19Кемалова ГүлвираМенеджмент, 3 курс студенті

Кеңес хатшысы

Жақсылық Жәния Жарасқызы