ҚазҰМУ интернатурасына ауысу және қайта қабылдау туралы
Құрметті бакалавриат бітірушілері!
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Жалпы медицина-2 мектебі) интернатурасына басқа білім беру ұйымдарынан, соның ішінде шетелден ауысуға және қайта қабылдануға өтініш білдіруші білім алушылардан құжаттар 2025 жылғы 14 шілде мен 12 тамыз аралығында қабылданады.
-
Құжаттар тізімі (толық болуы міндетті):► Диплом (түпнұсқа және көшірмесі);
► Диплом қосымшасы (3 тілде – түпнұсқа және көшірмесі);
► Жеке куәлік көшірмесі (2 дана);
► Курстан курсқа көшу туралы бұйрықтың көшірмесі (5-курс пен 6-курс аралығына қатысты);
► GPA баллы кемінде 3.1 болуы тиіс (барлық оқу кезеңі бойынша).
Құжаттар қабылдау орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 88 (Сейфуллин даңғылының қиылысы), №4 оқу ғимараты, 1-қабат, 124-кабинет.
Байланыс телефондары: +7 (727) 338 70 90 (ішкі нөмір: 7546)