Постдокторантура

Постдокторантура PhD немесе оған тең дәрежедегі ғылыми атақ алған және диссертациясын қорғағаннан кейін 6 жыл ішінде оқуға түсетін ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жиынтығы.

Постдокторантураның мақсаты – ҚазҰМУ-дың ғылыми мектептері мен институттарының қалыптасуын және сабақтастығын қамтамасыз ету үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау. Оқу мерзімі – 3 жыл.

Постдокторантура бағдарламасы келесі қызмет түрлерін қамтиды:

  • Постдокторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  • Бірінші жылдың қорытындысы бойынша кемінде 2 (екі) мақала, екінші жылдың қорытындысы бойынша кемінде 2 (екі) мақала және үшінші жылдың қорытындысы бойынша кемінде 3 (үш) мақала ақпараттық компанияның Clarivate Analytics (Web of Science Core Collection) мәліметтер базасы бойынша импакт-факторы нөлден жоғары және кемінде үшінші квартильге кіретін, сондай-ақ Scopus мәліметтер базасы бойынша процентильі кемінде 35 болатын журналдарда жариялануы тиіс. Егер мақала жарияланған журнал Scopus және Web of Science деректер базасы бойынша бірінші квартильге (Q1) кіретін болса, бір мақала екі мақала есебінде саналады.

Конкурс екі кезеңде өтеді:

  • I кезең: үміткерлердің өтінімдерін алдын ала іріктеу
  • II кезең: комиссия отырысында зерттеу жоспары мен ғылыми қызметті қорғау

Постдокторантурада оқудың нәтижесінде ғылыми, педагогикалық және басқарушылық кадрлар дайындалады, олар «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын алуға дайын болады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген мерзімде өтініш берушілер ҚазҰМУ Ғылым департаментіне төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: жеке куәлік / Қазақстан Республикасының паспорты;

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін: тұруға рұқсат қағазы / азаматтығы жоқ тұлға куәлігі / босқын куәлігі;
Қандастар үшін: жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігі;

  1. Философия докторы (PhD) дәрежесін алғаны туралы диплом. Егер дәрежені шетелде алған болса, онда білім туралы құжаттарды тану ережелеріне сәйкес ғылыми дәрежені мойындау туралы куәлікті ұсыну қажет. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №268 бұйрығымен бекітілген;
  2. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат:

IELTS Academic, минималды балл – 5,5;
TOEFL ITP, минималды балл – 460;
TOEFL IBT, минималды балл – 46;

  1. Белгіленген үлгі бойынша байқау өтінімі;
  2. Түйіндеме;
  3. Зерттеу жұмысының аннотациясы;
  4. Жобада қатысуға қажетті нақты дағдылар мен жұмыс тәжірибесін көрсететін мотивациялық хат (1000 таңбадан аспайды);
  5. Келесі үш жылға арналған зерттеу қызметі түрі мен жарияланымдарды көрсететін постдокторанттың жеке жұмыс жоспары;
  6. Соңғы 3 жылда Web of Science / Scopus журналдарында жарияланған ең маңызды және негізгі жарияланымдардың көшірмелері;
  7. Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек кітабы, еңбек келісімшарты, архив анықтамасы және т.б.);
  8. Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтер;
  9. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.

 

  • Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтініштер қаралмайды.
  • Алдын ала іріктеу нәтижелері постдокторантураға қатысуға қабылдану немесе қабылданбау туралы шешім болып табылады.
  • Постдокторантураға қабылдау ҚазҰМУ Ректоры – Басқарма Төрағасының бұйрығымен, жоспарланған орындар санына сәйкес және постдокторантураға қабылдау комиссиясының оң шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Алдын ала іріктеу күнтізбелік жылдың 11 тамызынан 15 тамызына дейін
Комиссия отырысында қорғау рәсімі күнтізбелік жылдың 18 тамызынан 22 тамызына дейін
Қабылдау

күнтізбелік жылдың 25 тамызынан 30 тамызына дейін

 

Қосымша ақпарат:

Менлаякова Дарина Сұңғатқызы

Электрондық пошта: [email protected]
Телефон: +7 727 338 70 90 (71 28)