Университеттің Кураторлар кеңесі

Кураторлар кеңесінің мақсаты:

1. Студенттердің оқу үдерісіне және университет ортасына сәтті бейімделуіне жағдай жасау.
2. Тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
3. Академиялық топ кураторларының қызметін үйлестіру.
4. Студенттер арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру.

Кеңестің негізгі міндеттері:

1. Кураторлардың жұмысын ұйымдастыру және әдістемелік қолдау көрсету.
2. Студенттердің оқу тәртібі, сабаққа қатысуы, мінез-құлқы және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бақылау.
3. Реттi түрде отырыстар өткізіп, өзекті мәселелерді талдау және шешу жолдарын анықтау.
4. Университет әкімшілігі, кафедралар, кураторлар мен студенттер арасындағы байланысты қамтамасыз ету.
5. Құқықбұзушылықтардың, жанжалдардың және ішкі тәртіп ережелерін бұзушылықтардың алдын алу.
6. Студенттердің бастамаларын, шығармашылық және әлеуметтік жобаларын қолдау.
7. Кураторлардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар, тренингтер және тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыру.

Кураторлар кеңесінің негізгі функциялары:

  1. Ұйымдастырушылық функция:
    • кураторларды академиялық топтарға бекіту;
    • тәрбие жұмысының жоспарларын бекіту.
  2. Үйлестіру функциясы:
    • кураторлардың деканаттармен, психологиялық қызметпен, студенттік ұйымдармен және басқа бөлімдермен бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
    • студенттерге қолдау көрсету шараларын келісу.
  3. Бақылау функциясы:
    • кураторлардың жұмысының орындалуын талдау;
    • студенттердің тәртібін, сабаққа қатысуын және іс-шараларға қатысуын бақылау.
  4. Кеңес беру функциясы:
    • кураторларға әдістемелік көмек көрсету;
    • қиын студенттермен жұмыс жүргізу және жанжалдардың алдын алу бойынша кеңес беру.
  5. Тәрбиелік функция:
    • студенттердің азаматтық жауапкершілігін, мәдениеттілігін және академиялық әдеп нормаларын қалыптастыру;
    • студенттердің психологиялық әл-ауқатын қолдау.
  6. Ақпараттық-талдамалық функция:
    • студенттік топтардағы мәселелер туралы ақпарат жинау және талдау;
    • университет басшылығына ұсыныстар мен есептер дайындау.