Мерекелік бағдарлама аясында арқан тарту, күрес, футбол және «Үздік ұлттық киім» байқаулары ұйымдастырылып, қатысушылар өз бақтарын сынады. Сайыс ерекше тартысқа толы болды. Қатысушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығын айқын көрсетті. Университеттің жергілікті кәсіподақ ұйымының қолдауымен жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар және мадақтама қағаздары табысталды. Ұлттық дәстүр мен салауатты өмір салтын ұштастырған бұл іс-шара – бірлік пен достықтың, көтеріңкі көңіл-күйдің айқын көрінісі. Осындай игі бастамалар ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, Наурыздың шынайы мерекелік рухын сезінуге мүмкіндік береді!