Департаменттің құрылымы:
- Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі
- Архив
- Музей
- Секретариат
Департаменттің міндеттері
- электрондық құжат айналымы және цифрлық технологиялар жүйесі негізінде Университеттің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
- кіріс, шығыс және ішкі корреспонденцияны тіркеу, есепке алу, бөлу және сүйемелдеу;
- мемлекеттік органдардың, Университет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ мемлекеттік және өзге де ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің сұраныстары мен өтініштерін орындау мерзімдері мен сапасының сақталуына мониторингті, есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру;
- Университет басшылығының азаматтарды және өзге де ұйымдардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруды үйлестіру;
- құжаттарды архивтік сақтауды ұйымдастыру, оларды есепке алуды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
- Университеттің архивтік құжаттарын есепке алуды, сақтауды, құндылығын сараптауды және пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды тұрақты мемлекеттік сақтауға беру;
- құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердегі іс жүргізу және архив ісі мәселелері бойынша әдістемелік нұсқау;
- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Университет істерінің номенклатурасын жүргізу;
- Университеттің тарихи мұрасын және отандық денсаулық сақтау тарихы бойынша материалдарды сақтауға жәрдемдесу;
- білім алушылардың бойында патриотизмді қалыптастыруға және ұлттық медицинаның жетістіктерін құрметтеуге бағытталған көрме, ағарту және тәрбие қызметін ұйымдастыру;
- Университет басшылығының қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету.
Департамент атқаратын қызметтер
- ӘД жалпы қызметтері:
Университетте әкімшілік басқарудың және құжат айналымының бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
құрылымдық бөлімшелердің «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану қағидаларын (бұдан әрі — Қағидалар) сақтауын бақылау;
Университеттің стратегиялық бағыттары мен даму бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу;
әкімшілік үдерістер мен құжат айналымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
іс жүргізу және архивтік іс мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерді әдістемелік сүйемелдеу;
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Университеттің сапа менеджменті жүйесі мен ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын сақтау және сапа менеджменті жүйесін жетілдіруге қатысу;
Университеттің аппараттық кеңестерін ұйымдастыру, хаттамаларды ресімдеу.
- Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің функциялары:
Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, Ереженің сақталуын бақылау;
мемлекеттік органдар мен Университет басшылығының тапсырмаларының, сондай-ақ мемлекеттік және өзге де ұйымдардың сұраныстары мен өтініштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін есепке алуды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
«ҚБП» белгісі бар құжаттарды қоса, ақпаратты қорғау режимін қамтамасыз ету;
Университет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесін әзірлеу және жеке қабылдауға жазылу;
Университет басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру және өткізу, күн тәртібін дайындау және хаттамаларды ресімдеу;
азаматтарды жоғары тұрған мемлекеттік органдарға қабылдау туралы мәліметтерді жинау және ұсыну;
Университет істерінің номенклатурасын жасау;
құрылымдық бөлімшелерге құжаттарды орындау мерзімдері туралы электрондық ескертулерді уақтылы жіберу және мониторинг жүргізу.
- Архив:
Университет архивін қалыптастыру, жүргізу және есепке алу;
тізімдеме жасау, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, архивтік құжаттарды цифрландыру;
істерді архивке қабылдау, мемлекеттік сақтауға беру, сақтау мерзімі өткеннен кейін құжаттарды жою;
мемлекеттік және өзге де ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің сұраныстары бойынша архив анықтамаларын, үзінділерді, архив құжаттарының көшірмелерін дайындау және беру;
архивте құжаттардың ресімделуін нормативтік талаптарға сәйкестігін бақылау.
- Музей:
Университеттің тарихи мұрасын және отандық денсаулық сақтау тарихы бойынша материалдарды сақтау;
музей қорын есепке алу және жүйелеу, көрмелер мен ағарту қызметін ұйымдастыру;
Университет пен ұлттық медицина жетістіктерін дәріптеуге бағытталған көрмелер, экспозициялар мен ағарту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
белгіленген тәртіп шеңберінде Университеттің білім алушыларының, қызметкерлері мен келушілерінің музей материалдары мен экспонаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ету.
- Секретариат:
Университет басшылығының қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;
кеңестерді, отырыстарды, кездесулерді дайындау;
азаматтар мен ұйымдардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру, қабылдау қорытындылары бойынша тапсырмалардың орындалуын есепке алу және бақылау;
басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Университет басшылығының құрылымдық бөлімшелермен, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіру.
Департаменттің құрамы

Әкімшілік департаментінің басшысы
Аширбаева Шынар Муратовна
Телефон: (ішкі.7757)
E-mail: [email protected]
Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі
Бөлім басшысы: Ердаулетқызы Лаззат
Телефон: 71-50
Е-mail: [email protected]
Мекенжайы: Төле би к-сі, 94 үй, 1-корпус, 1-қабат, 107-кабинет
Бөлім маманы: Бақыт Жазира Нұрланқызы
Телефоны: 8 727 338-70-30 ішкі нөм: 73-75
Е-mail: [email protected]
Бөлім маманы: Сейдулдаева Айжан Нышановна
Телефоны: 8 727 338-70-30 ішкі нөм: 73-76
Е-mail: [email protected]
Бөлім маманы: Макижанова Панаркул Темиртаевна
Телефоны: 8 727 338-70-30 ішкі нөм: 71-51
Е-mail: [email protected]
Архив
Бас маман: Макижанова Панаркул Теміртайқызы
Телефоны: ішкі нөмірі: 73-73
E-mail: [email protected]
Бас маман: Заңғарқызы Аяжан
Телефоны: ішкі нөмірі: 71-51
E-mail: [email protected]
Маман: Жумагулова Дидар Буралкина
Телефоны: 8 727 338-70-30 (ішкі нөм.: 73-73)
E-mail: [email protected]
Түптеуші: Кайынбаева Гаухар Сүлейменқызы
Телефоны: 8 727 338-70-30, ішкі нөм.: 73-73
Мекенжайы: Төле би к-сі, 94 үй, 1-корпус, 1-қабат, 117-кабинет
Музей басшысы: Амантаев Баканай Амантаевич
Телефоны: 8 727 338-70-90 ішкі нөм: 75-87
Музейдің бас қорғаушысы: Байтуленова Фатима Танатовна
Телефоны: 8 727 338-70-90 ішкі нөм: 73-69
