Департаменттің басты мақсаты:
Университетте білім беру процесінің шарттары мен сапасына қойылатын мемлекеттік талаптарға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша Университеттің оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру және басқару.
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг және бақылау;
- Оқу процесін ұйымдастыру бойынша МЖМБС және НҚА талаптарына сәйкес оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етуді үйлестіру;
- Білім беру қызметінің сапасын ішкі және сыртқы қамтамасыз ету рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу;
- Білім алушылардың игерілген кредиттерін есепке алуды және оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізуді жүзеге асыру;
- Білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыру, оның академиялық рейтингін есептеу;
- Оқу процесін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттардың, оның ішінде өзгертілген НҚА-ға сәйкес өзектілігін қамтамасыз ету;
- Академиялық жұмысы департаментінің ұйымдық – функционалдық құрылымдарын үйлестіру және мониторингілеу;
- Академиялық ұтқырлық рәсімдерін үйлестіру және мониторингілеу;
- Сапа менеджменті жүйесінің, Университеттің саясатының және сапа саласындағы Университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау;
- Өз қызметі бойынша халықаралық ынтымақтастық.
Департаменттің құрылымы:
Академиялық жұмыс департаментінің басшысы
Ташетова Айгуль Балабековна
1 корпус, 2 этаж, кабинет №220.
Телефон: ішкі номер 7799
Email: [email protected]
Департамент басшысының орынбасары
Кодекова Гулим Сапарбековна
1 корпус, 2 этаж, кабинет №245.
Телефон: 7050
Email: [email protected]
Департамент басшысының орынбасары
Орадова Аксолтан Шыхдурдыевна
1 корпус, 2 этаж, кабинет №245.
Телефон: 7050
Email: [email protected]