Тестілеу орталығы

Біз туралы

Оқу үдерісін жетілдіру және Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 1995 жылғы 18 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік медицина университетінде Тестілеу орталығы ашылды.

Тестілеу орталығы университет Жарғысына сәйкес жұмыс істейтін Қазақ ұлттық медицина университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қазіргі уақытта Тестілеу орталығы Оқу ісі департаментінің құрамына кіреді.

Бүгінгі таңда Тестілеу орталығының аумағы 720 м² құрайды. Орталықта 284 орын жеке компьютерлермен жабдықталған, сондай-ақ 52 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде 12 камера 360° бұрылады.

Білім алушылардың білімін бақылау мақсатында компьютерлік тестілеу және жазбаша электронды емтихан өткізіледі. Тестілеу Hero Study Space платформасында, ал жазбаша электронды емтихан Moodle платформасында жүзеге асырылады. Офлайн форматта өтетін емтихандар кезінде Тестілеу орталығында тұрақты бейнебақылау жүргізіледі. Егер емтихан онлайн форматта өткізілсе, прокторинг жүйесі қолданылады.

Тестілеу орталығында өтетін студенттердің білімін бақылау түрлері

  • Аралық аттестаттау;
  • Дайындық тестілеу;
  • Магистратура мен докторантура мамандықтарына түсу емтихандары;
  • Талапкерлер үшін психотест;
  • Қорытынды емтихан.

Тестілеу орталығының мақсаттары

Білім беру үдерісін жүзеге асыру және басқару – білім алушылардың білімін бағалау рәсімдері шеңберінде оның сапасы мен тиімділігін, сондай-ақ ашықтығын арттыру мақсатында компьютерлік тестілеу және жазбаша-электрондық емтихан әдістерін қолдану.

Тапсырмалар

  • Жүйеде студенттердің білімін бақылаудың тестілік және жазбаша-электрондық нысандарының деректер қорын қалыптастыру бойынша бөлімдердің, ОЖСБ жұмысын үйлестіру;
  • Заманауи компьютерлік технологиялар негізінде тестілеу материалдарын әзірлеу және қолдану процестеріне бірыңғай бағдарламалық-аппараттық тәсілді қамтамасыз ету;
  • Білімді бақылаудың тестілік және жазбаша-электрондық нысандары үшін университеттің бақылау құралдарының техникалық стандарттарын қалыптастыру.

Функциялары

  • Емтихандарды компьютерлік тестілеу түрінде және жазбаша-электронды түрде жүйеде өткізу (бекітілген кестеге сәйкес студенттерден емтихан қабылдау, емтихан нәтижелері бойынша есеп беру);
  • Жүйеде тест тапсырмаларының қорын қалыптастыру, толықтыру және ұйымдастыру (тестті техникалық тексерістен өткізу, тест қорының салынуын тексеру, ПОҚ құрамын тест салуға үйрету және т.б.);
  • Білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясын компьютерлік тестілеу, жазбаша-электронды емтихан, аралық бақылау емтихандарын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету;
  • Университетте тестілеу және жазбаша-электрондық емтихан өткізу тәртібін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тестілеу орталығының басшысы

Маймакова Айгерим Мейрбековна

Кабинет номері: №2 оқу корпусы, №10 кабинет

Телефон: 8(727)338-70-90, ішкі:(70-32)

Тестілеу орталығының құрамы

Тестілеу орталығының маман -координаторы — Ахметова Асель Умитбековна
Телефон: 8(727) 338-70-90, ішкі. 7283
Email: [email protected]
Кабинет номері: №2 оқу корпусы, Тест орталығы


Тестілеу орталығының маман -координаторы  — Амангельдиева Ардак Амангельдиевна
Телефон: 8(727) 338-70-90, ішкі. 7283
Email: [email protected]
Кабинет номері: №2 оқу корпусы, Тест орталығы


Тестілеу орталығының маман -координаторы — Аймуратова Аружан Шорабайқызы
Телефон: 8(727) 338-70-90, вн. 7283
Email: [email protected]
Кабинет номері: №2 оқу корпусы, Тест орталығы


Тестілеу орталығының маман -координаторы— Жакупова Макпал Баумухамбетовна
Телефон: 8(727) 338-70-90, вн. 7283
Email: [email protected]
Кабинет номері: №2 оқу корпусы, Тест орталығы


Тестілеу орталығының маман -координаторы — Касымбеков Арман Орынбасарулы
Телефон: 8(727) 338-70-90, вн. 7283
Email: [email protected]
Кабинет номері: №2 оқу корпусы, Тест орталығы