«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», EMBA, MBA мамандықтары бойынша оқуын аяқтап, қорытынды аттестациядан сәтті өткен түлектерге ғылыми дәреже және өзіндік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.
Өзіндік үлгідегі құжаттарды беруге негіз болып аттестаттау комиссиясының білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан өткенін көрсететін және олардың тиісті білім деңгейі бойынша оқытуды толық меңгергенін растайтын шешімі табылады.
Жоғары оқу орындарының түлектеріне өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттар тиісті шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей тегін беріледі.
Өзіндік үлгідегі білім беру құжаттарының нысаны мен дизайнын Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және кемінде 5 жыл мерзімге бекітеді.
Дипломы собственного образца**kaznmu2024-06-25T07:16:47+05:00