Жас ғалымдар кеңесі

Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті (КазҰМУ) ректорының тапсырмасы бойынша құрылған және ҚазҰМУ ғылым департаментінің бөлігі болып табылады. Кеңес қызметі ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке қатысу арқылы ҚазҰМУ жас ғалымдарының шығармашылық ғылыми белсенділігіне жәрдемдесуге және дамытуға бағытталған.

ҚазҰУ-дағы жас ғалымдар кеңесінің жұмысы ЖҒК-нің бекітілген жұмыс жоспары бойынша жүргізілуде. Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері эдвайзерлердің функцияларын орындайды, СҒЗЖ басшылары болып табылады, олардың басшылығымен студенттердің жыл сайынғы ғылыми студенттік республикалық және халықаралық конференцияларға баяндамаларын дайындау жүргізіледі.

Мақсаты

ЖҒК қызметінің мақсаты жас ғалымдардың кәсіби өсуін жандандыру, өзекті ғылыми проблемаларды әзірлеу және басым ғылыми міндеттерді шешу үшін олардың күш-жігерін біріктіру, жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін ЖҒК мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • ҚазҰМУ факультеттерінің ЖҒК қызметін үйлестіреді. Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыруда, Жас ғалымдардың конференцияларын, ғылыми іссапарларын ұйымдастыруда қажетті көмек көрсетуді жоспарлап отыр;
  • жас ғалымдар қатыса алатын ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, форумдар және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  • қазіргі ғылымның өзекті және іс жүзінде маңызды міндеттерін шешуге бағытталған. Жас ғалымдардың күштерімен пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін жас ғалымдар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға ықпал етеді;
  • қазақстандық және шетелдік ұйымдар жүргізетін ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар туралы жас ғалымдарды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді;
  • жас ғалымдардың инновациялық қызметін қолдайды және ынталандырады, жас ғалымдардың жобалары бойынша инвестициялық бағдарламалар мен ұсыныстарға қатысты қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  • қойылған мақсаттарға сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Жас Ғалымдар Кеңесінің Төрағасы — Күлімбет Мұхтар Болатұлы.
Email: [email protected]