Жиі қойылатын сұрақтар

Жауап:  Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсушілер: В084 –
Мейірбике ісі, ВМ086 – Медицина, ВМ087 – Стоматология, ВМ088 – Педиатрия,
ВМ089 – Медициналық-профилактикалық істі Қазақстан Республикасының кез
келген медициналық университетінде тапсыру қажет. Емтиханды өткізу мерзімі —
20 маусым-20 тамыз.

Жауап: ҚазҰМУ сайтында «Бакалавриат» (сілтеме) қойындысында тіркеу және
психометриялық тестілеуден өту үшін нұсқаулық пен сілтеме орналастырылған.
Жауап: Психометриялық тестілеу «РҰҚСАТ БЕРІЛДІ» немесе «РҰҚСАТ
БЕРІЛМЕДІ» түрінде бағаланады. Психометриялық тестілеуден өту нәтижелері
бойынша оқуға түсушіге арнайы емтихан тапсыру орнына қарамастан
медициналық университеттерге ұсыну үшін РҰҚСАТ БЕРУ ВЕДОМОСІНЕН
ҮЗІНДІ беріледі.
Жауап: Конкурсқа ҰБТ нәтижелері бойынша: — ұлттық ЖЖОКБҰ — кемінде 65
балл; – «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша — кемінде 70 балл
жинаған тұлғалар қатыса алады. Бұл ретте Қазақстан тарихы және бейіндік
пәндер бойынша — кемінде 5 балл, математикалық сауаттылық және Оқу
сауаттылығы бойынша – кемінде 3 балл.

Жауап: Білімі туралы құжат (жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі + қосымша (түпнұсқалары) туралы); 2. Жеке куәлік 2 көшірме; 3. 075/у
нысаны бойынша медициналық анықтама, флюорография суреті; 4. ҰБТ
сертификаты; 5. Психометриялық тест ведомосінен үзінді («Денсаулық сақтау»
саласы бойынша білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін);

Жауап: Оқытудың қысқартылған түрі «Мейірбике ісі» және «Фармация» білім
беру бағдарламаларында қарастырылған

Жауап: Мерзімді әскери қызмет өткерген жалпы орта білімі бар азаматтарды
Университетке ақылы негізде оқуға қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша
мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде жүзеге асырылады.
Мерзімді әскери қызмет өткерген, техникалық және кәсіптік, орта немесе жоғары
білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мерзімді әскери қызмет
өткергеннен кейін екі жыл ішінде қысқартылған мерзімдерді көздейтін жоғары
білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқуға қабылданады
Мерзімді әскери қызмет өткерген жалпы орта білімі бар азаматтарды
Университетке ақылы негізде оқуға қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша
мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде жүзеге асырылады.

Жауап: Жеңілдіктерді санаттар бойынша комиссия ұсынады

Жауап: Болады, себебін көрсете отырып, кейінге қалдыру туралы өтініш жазасыз

Жауап:
Жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен Білім
алушылардың мынадай санаттарына пысықтау жөніндегі міндеттен босату
ұсынылады: 1) жұбайының (зайыбының) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет
өткеретін жері бойынша елді мекенде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда
адамдарға; 2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге; 3) мемлекеттік білім
беру тапсырысы негізінде резидентураға одан әрі оқу үшін оқуға түскен
адамдарға; 4) жүкті әйелдерге, жұбайының (зайыбының) тұратын, жұмыс істейтін
немесе қызмет өткеретін үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) магистратураны,
докторантураны өз бетінше тәрбиелейтіндерге;

Жауап:
Жатақхана «Жатақханаларда орын бөлу туралы ережеге» сәйкес беріледі. Орынға
өтінім оқу платформасы (Сириус/Хиро ААЖ) арқылы жүзеге асырылады. Осы
ішкі нормативтік құжатпен университеттің ресми сайтында танысуға болады.

Жауап:

№ 1, 2 жатақхананың құны-13 000 тг./ай.; № 3, 4, 5 жатақханалар-15 000 тг./ай.; №
6, 7 жатақханалар — 25 000 тг./ай.; № 8 жатақхана-19 000 тг./ ай. Тұрғын үйді
жалдау шартына сәйкес төлем оқу жылы үшін толығымен жүзеге асырылады.

Жауап:
№ 1 жатақхана — Құрманғазы көшесі, 119; № 2 жатақхана — Ади Шәріпов
көшесі, 112; № 3 жатақхана — Ади Шәріпов көшесі, 110; № 4-5 жатақханалар —
Шевченко көшесі, 128; № 6-7 жатақханалар — Шагабутдинов көшесі, 140; № 8
жатақхана — Құрманғазы көшесі, 113А.