ҚазҰМУ жергілікті кәсіподағы медицина қызметкерлері күніне орай университет оқытушылары мен қызметкерлерін ерекше құрметпен атап өтті. Мектептер, факультеттер және құрылымдық бөлімдердің ұсынысымен 40 кәсіподақ мүшесіне арнайы мақтау қағаздары мен «Золотое яблоко» дүкенінің 20 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табысталды.

Мерекелік шара аясында университет әкімшілігі мен кәсіподақ ұжымы ұйымдастырған тамаша концерт ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, университет қабырғасында 20-25 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан кәсіподақ мүшелеріне «Көктем» шипажайына жолдамалар табысталды.

Салтанатты шарада университет кәсіподағының төрағасы Алтынбеков Сағат Абылқайырұлы арнайы жолдамаларды табыстады.

Шипажайға жолдама иегерлері:

Бегадилова Толкын Сембаевна – «Микробиология және вирусология» кафедрасының профессоры

– Балканай Гүлзира – «Жедел медициналық жәрдем беру» кафедрасының ассистенті

Жолдыбаев Серік Сабитович – «Терапиялық стоматология» кафедрасының профессоры

Мұстафин Айдын Баятович – «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының лекторы

Сенгербаев Дәуренбек Исақович – «Урология» кафедрасының профессоры

Мереке құрметіне арналған осындай ілтипаттар медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалаудың жарқын үлгісі болып табылады.