Департамент эксплуатационных работ

Мақсаты

Департаменттің басты мақсаты: бөлімше қызметінің бағыттары бойынша Университеттің даму стратегиясын, миссиясы мен саясатын орындау болып табылады

Департаменттің басты мақсаты (-тары) болып табылады:

  1. Университетте бекітілген стандарттар мен рәсімдерге сәйкес бөлімшенің орындайтын жұмысы мәселелері бойынша Университеттің басқа бөлімшелерімен және лауазымды тұлғаларымен ақпарат алмасу;
  2. бекітілген істер номенклатурасына сәйкес бөлімшенің қызметтік құжаттамалары мен хат-хабарларын белгіленген тәртіппен жүргізу, есепке алу, сақтау және мұрағатқа тапсыру;
  3. бөлімше қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі және сыртқы есептілікті қалыптастыру, келісу және белгіленген тәртіппен бекіту, оны университеттің уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарына, есептілікті алуға уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беру;
  4. университет қызметін әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  5. Нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік стандарттарға, экологиялық, санитарлық және өзге де арнайы нормаларға сәйкес университеттің жылжымайтын мүлік объектілері тиісінше күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
  6. университетті материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
  7. университетті көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  8. университет нысандарында адамдардың қауіпсіздігін және мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;