2026 жылғы 22 сәуірде сағат 15:00-де Даңқ залында проректор Калматаева Ж.А. мен мектептер мен факультеттердің декандары, сондай-ақ университет кафедраларының меңгерушілерімен кезекті кездесу өтті.
Кездесу барысында ҮИМББ білім беру бағдарламалары бойынша 3 курс білім алушыларының білімін тәуелсіз бағалауға дайындығы, сондай-ақ бакалавриат пен интернатура түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындығы мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Жалпы медицина-2 мектебіндегі оқыту сапасын мониторингтеу және бақылау, барлық деңгейдегі білім беру бағдарламалары бойынша көктемгі аралық аттестацияны өткізуге дайындық, жоспар бойынша университет кафедралары меңгерушілері мен ПОҚ, аттестациялау және бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура білім беру бағдарламаларын аккредиттеу нәтижелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тиісті міндеттер айқындалып, мектеп декандары мен кафедра меңгерушілеріне тапсырмалар берілді.




