Сатып алу және мониторинг департаменті

Департаменттің басты мақсаты:

  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерін өз қызметін орындау үшін қажетті тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қамтамасыз ету.

Департаменттің міндеттері:

  • сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
  • тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет (даму жоспары) негізінде сатып алу процесін жүзеге асыру;
  • сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі рәсімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • сатып алуды орналастыру және сүйемелдеу, сатып алу жеңімпаздарын анықтау;
  • әлеуетті жеткізушілер арасында тең бәсекелестік жағдайларын жасау;
  • шарттар жасасу;
  • шарттардың орындалу мониторингі: жеткізу мерзімдерін қоса алғанда, шарттар талаптарының сақталуын бақылау;
  • процестерді оңтайландыру: олардың тиімділігін арттыру және шығындарды азайту үшін сатып алу және бақылау процестерін үнемі жетілдіру;
  • Университет басшылығының сұратуы бойынша ақпаратты уақтылы ұсыну;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде талаптарын сақтау.

Сатып алу және мониторинг департаментінің басшысы

Бейсенова Самал Айтмухамбетовна

Телефон: (внутр): 338-70-97 (71-85) кабинет: 213