Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) – студенттердің ғылыми қызметін дамыту, қолдау және ынталандыру мақсатында Университет студенттерін ерікті негізде біріктіретін жастар ұйымы.
Өз қызметінде СҒҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады, Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен келіседі және теңқұқылық, өзін-өзі басқару және заңдылық қағидаттарына негізделеді.
Мақсаты
СҒҚ қызметінің негізгі мақсаты – Университет студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту және оның жоғары тиімділікке қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Міндеттер:
- Ғылыми конференциялар, форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, олимпиадалар, конкурстар және басқа да ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Университет студенттерінің халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, семинарларға, ғылыми форумдарға және съездерге қатысуына жәрдемдесу;
- Студенттер арасында ғылыми және қоғамдық қызметті насихаттау және танымал ету;
- Университет мектептері мен факультеттерінің студенттік ғылыми үйірмелерінің (СҒҮ) қызметін үйлестіру;
- Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жәрдемдесетін ақпаратты жинау, жинақтау, жүйелеу және тарату.
Студенттік ғылыми қоғамның
ұйымдастыру құрылымы
2023-2024 оқу жылының студенттік Ғылыми қоғамының құрамы:
- Төраға – Фатима Аханова, 3 курс студенті, Жалпы медицина мектебі
- Ұйымдастыру жұмыстары бойынша төраға орынбасары – Яна-София Карпинская, 3 курс студенті, Жалпы медицина мектебі
- Корпоративтік даму бойынша төраға орынбасары – Динара Атажанова, 3 курс студенті, Жалпы медицина мектебі
- Ғылыми координатор – Айым Бақытханова, 3 курс студенті, Фармация мектебі
- Ақпараттық топ жетекшісі – Шынар Амангелді, 2 курс студенті, Халықаралық медицина факультеті
- Сыртқы ынтымақтастық тобының жетекшісі – Айгерім Нұғман, 3 курс студенті, Халықаралық медицина факультеті
- Хатшы – Аружан Құрманғали, 3 курс студенті, Халықаралық медицина факультеті
Құрметті студенттер, СҒҚ есіктері Сіздер үшін әрқашан ашық!
Студенттік ғылыми қоғамның мүшесі болу арқылы сіз не аласыз:
- Ғылыми конференцияларға, форумдарға, семинарларға және дөңгелек үстелдерге қатысу
- Университетімізді халықаралық және арауниверситеттік ғылыми іс-шараларда таныту мүмкіндігі
- Сіздің ғылыми жобаларыңызды жүзеге асыруда қолдау мен көмек
- Заманауи ғылыми ақпарат пен жарияланымдарға қолжетімділік
- Университеттің және елдің жетекші ғалымдарымен және пікірлестермен қарым-қатынас
Бізге қалай қосылуға болады:
- Жыл сайын біз өтініш бере алатын Google формасын жасаймыз
- Екі күн ішінде ашық қарым-қатынас түрінде офлайн сұхбат жүргізіледі, онда сіз қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыз
- Сұхбат нәтижелері біздің Instagram парақшамызда жарияланады
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
- Студенттік ғылыми қоғамның ресми Instagram аккаунты: @sss.kaznmu
- Динара Атажанова, +77472447489, Instagram: @dinarabooth